слайд энтомология.pptx
- Количество слайдов: 31
Тақырыбы: Көп қоректі турақанаттылар отрядына жататын бунақ денелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданылатын күресу шаралар жүйесі
Жоспар 1. Кіріспе 2. негізгі бөлім І. Бунақ денелердің негізгі биологиялық зиянкестері ІІ. Зиянкестерге қарсы қолданылатын күресу шаралары 3. қорытынды 4. әдебиеттер тізімі
Кіріспе Денесі ұзыннан созылған сопақтау келеді, кеміргіш ауызы бар, алдыңғы арқа бунағы ершік тәрізденіп жетілген, насикомның қанаттары әртекті торлы, алдыңғы жұбы тығыздалып тері жарғаққа айналған енсіз болады. бұл отрядқа жататын насикомдар жұмыртқаларын топтап немесе жекелеп топыраққа немесе өсімдікке салады. Қазақстанда кездесетін түрлерінің бәрі моновольтинді, көпшілігі жұмыртқа фазасында қыстайды. Отрядтың 20000 астам түрлері бар, солардың ішінде 700 астамы қазақстанда кездеседі.
Отряд тармағы • Шекшектер ұзын мұрттыла • Шілделіктер • Бұзаубас р • Триперстілер қысқа мұрттыла • Шегірткелілер р
Ұзын мұрттылар (Dolychocera) Бұл отряд тармақтың өкілдерінің мұртшалары ұзын (денесінің ұзындығынан үлкен) қылшық тәрізді болады, жұмыртқа салғыш қынабы (ұрғашыларда) өте ірі келеді. Есту мүшесі (егер жетілген болса) алдыңғы аяқтаоының сирақ бөліміне орналасқан.
Шекешек тұқымдасы tettigonidea Қылшық тәрізді ұзын мұртшалары көздің төменгі шетінен жоғарырақ деңгейде орналасқан ірі насикомдар. Аяқтарының табан бөлімі 4 бунақ: ұрғашыларының жұмыртқа салғыш қынабы қылыш немесе орақ тәрізді болады. Жұмыртқа фазасында қыстайды. Жұмыртқаларын топыраққа, өсімдік немесе ткань ішіне жекелеп, болмаса азғантай топтап салады.
Шекшектің көбісі жыртқыштар, кейбіреулері өсімдік текті қоректік заттарды ұнатып, а. ш. Дақылдары мен ағашбұта өсімдіктеріне зиян келтіреді.
Шекшектің қатарларына • tettigoniidae viridissima-жасыл шекшек • tettigoniidae verrucivorus-сұр шекшек
Шілделік (қара шегіртке) тұқымдасы – Cryllidae Денесі аздап жалпиған және қанаттары құрсақ үстіне жайыла орналасқан ірі денелі немесе орташа келген насиком. Барлық аяқтарының табаны 3 бунақтан тұрады. Ұрғашының жұмыртқа салғыш қынабы найза тәрізді ұзын болады.
Шілделіктер ересек насиком немесе личинка фазасында қыстайды. Көбінесе жердің үстінгі бетін, кейде ағашбұталарды да мекендейді.
Шілделік қатарына: • Дала шілделік • Gryllus desertus Pall. • Бордосс шілделігі • Gryllus burdigalensis Lart
Дала шілделік – Gryllus desertus Pall. Түсі біркелкі қара. Қанаттары жақсы жетілген. Кейде қысқа қанаттыларда кездеседі. Денесінің ұзындығы 12 -19 мм. Дала шілделігі жұмыртқаларын 3 -5 данадан топтап, жердің жарықтарында салады. Оның ♂ мен личинкалары алуан түрлі өсімдіктерді ( көкеніс, техникалық, астық тұқымдас және жидек дақылдарды) зақымдайды. Жапырақтарын түгелдей жеп қойяды да сабақтарын кемііріп жейді.
Бордосс шілделігі - Gryllus burdigalensis Lart Дала шілделігіне қарағанда денесі ұсақ, ұзындығы 10 -15 мм. Маңайында көлденең орналасқан ақшыл жолақтары болады. Жұмыртқаларын өсімдік сабақтарының жер үстіндегі бөліміне салады. Тіршілік ету жағдайлары мен а. ш. Дақылдарына келтіретін зиянкестік әрекет жағынан дала шілделігіне ұқсас.
Бұзаубас тұқымдасы - Gryllotalpidae Қанаттары жақсы жетілген, қылшық тәрізді қысқа мұртты, басы прогнатикалық және алдынғы аяғы қазғыш типіне жататын ірі насикомдар. Олар жер астында мекендейді, топырақ арасында көлденең жолдар салып, өсімдіктің жер астылық сабағына, тамырына, себілген дәніне зақым келтіреді. Әсіресе парниктерде көшетті қатты зақымдайды. Ең әйгілі түрі кәдімгі бұзаубас (Gryllotalpa grytlotalpa L. )
ұрғашылардың жұмыртқа салғыш қынабы болмайды. ІІІ-ІV жастағы личинка, кейде ересек насиком фазасында қыстайды. 1012 см тереңдікте ін жасап, жұмыртқа салады
Қысқа мұрттылар тура қанаттылар тұқымдасы-Brachycra Мұртшалары негізінен жіп тәрізді (кейде таспік түйреуіш немесе семсер тәрізді қысқа, денесінің жартысынан қысқы), иіс сезу мүшесі құрсақтың 1 -бунағының бүйір жағына орналасқан, ұрғашының жұмыртқа салғыш қынабы қысқа болады.
Нағыз шегіртке тұқымдасы-Acrididae Аяқтарының табан бөлімі 3 бунақ ірі немесе орта денелі насикомдар, артқы сандарының сырт жағында қауырсын тәрізді мүсін болады. Ұрғашылары 4 жармалы қысқа жұмыртқа салғыш қынаппен жабдықталған. Церкілері қысқа, әдетте конус тәрізді. Жұмыртқалары күбірше ішінде топрақты қыстайды. Аса қауіпті түрлері: шөл шегірткесі немесе схистоцерка, ұшпа шегіртке, марокка шегіртке, итальяндық шегіртке , сібірлік саяқ шегіртке, атбасарлық саяқ шегіртке, қара қанатты саяқ шегіртке және басқалары.
Түрлерінің саны жағынан ең ірі тұқымдас. Барлық түрлері өсімдікпен қоректенеді. Көпшілігі әйгілі, типті аса қауіпті зиянкестер боп табылады. Тіршілік әрекетінің ерекшеліктеріне қарап, шегірткелерді үйірлі және үйірсіз, немесе саяқ шегірткелер деп 2 топқа бөлінеді.
Аса қауіпті түрлері: • Шөл шегіртке • схистоцера • schictocerca • Ұшпа шегіртке • locusta migratoria • Марока шегіртке • dociostaurus maroccanus
• Итальяндық шегіртке • calliptamus italicus • Сібір саяқ шегіртке • gomphocerus sibiricus • Атбасарлық саяқ шегіртке • dociostaurus kraussi
Шөл шегіртке – Calliptamus barnarus Costa. Артқы сандарының ішкі жағында пішіні жұмыртқаға ұқсас ірі дақ болады. Артқы сирақтарының ішкі жағы сары немесе қызғылтсары. ♀ ұзындығы 2440, 7 мм, ♂-17, 8 -24, 2 мм. Жоңышқа, мақта және басқа өсімдіктерді зақымдап көп шығынға ұшыратады.
Ұшқыш, немесе азиялық шегіртке – Locusta migaratoria Ересек шегірткенің денесінің ұзындығы 35 -55 мм, түсі қоңыр, жасыл, сарғыш, алдыңғы арқа бөлімі өткір қырлы болады. Үстінгі қанаттарында көптеген қоңыр дақтар басқан, артқы қанаттары мөлдір, тек түп бөлімі ғана сарғыш жасыл реңді болып келеді. Жұмыртқасы қызыл немесе сары, ұзындығы 6, 5 -8, 5 мм, пішіні цилиндр тәрізді аздап иілген. Топырақта қыстайды. Негізгі қоректік өсімдіктері қамыспен құрақ.
Марокка шегірткесі – Dociostaurus maroccanus Thunb. Ересек шегіртке арғылт-сұр түсті. Денесінің алдыңғы, артқы бөлігінде ақшыл крест тәрізді сурет болады. Қанаттары мөлдір. Үстінгі қанаттары құрсағынан асып тұрады. Артқы сандарының ішкі жағы сарғылт немесе қызғылт, артқы сирақтары қызыл. ♀ 28 -38 мм, ♂ 2028 мм. Ұшқыш шегірткелер сияқты үйырлы топқа жатады. Дәнді дақылдармен қатар техникалық және көкеніс дақылдарында қатты зақымдайды.
Италиялық шегіртке – Cflliptamus italicus L. Түсі ашық қоңырдан қарақоңырға дейін өзгереді. Алдыңғы кеуде сақинасындағы аяқтарының арасындағы конус пішінді қосалқы болады. Алдыңғы арқа сақинасының бүйір қырлары түзу. Үстінгі қанаттарында көптеген қара дақтар бар. Артқы қанаттарының негізгі бөлігі және артқы сандарының ішкі жағы қызғылт, артқы сирақтары шымқай қызыл. ♀-24, 5 -40 мм, ♂-14, 5 -23 мм. Әр түрлі дақылдарды, яғни жоңышқа, мақта, күнбағыс, көкеніс өсімдіктерін және аздап астық тұқымдастарды (көбінесе қуаңшылық жылдары) зақымдайды.
Сібірлік саяқ шегірткесі - Gomphocerus sibiricus Жотасы ( әсіресе ♂) дөңестеу, мұртшаларының ұштары түйреуіш басты, ♂алдыңғы сирақтары алмұрт тәрізді жуантық келеді. Жалпы түсі жасылдау қоңыр немесе сарғылт. ♀-19 -25 мм, ♂18 -23, 4 мм. Дәндә дақылдарды мен шабындық шөптерді қатты залалдайды.
Атбасарлық саяқ шегіртке - Dociostaurus krausci Ingen Қоңыр немесе сұр түсті, жотасында крест тәрізді жолақ болады, оның артқы бөлігі ұшбұрышты. Артқы сирақтары қызыл. ♀-23 -26 мм, ♂-16 -20 мм. Астық тұқымдас өсімдіктерді, әсіресе негізгі жайлым өсімдіктерін түгелдей дерлік құртып жібереди.
Күресу шаралары: ü ü ü Шекшектермен күресу- егістіктін айналасына метофостың 40% э. к. (1 кг/га) бүрку керек. Шілделіктермен күресу- терең етіп зябь жырту және шілделіктер жұмыртқалаған кезде отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту. Химиялық тәсілдерден метофостың 40% э. к. (0, 5 кг/га) бүрку, 1 га кететін сүйықтық шығыны 100 л. Бұзаубаспен күресу – күздің бас кезинде бұзаубастар мекендеген учаседе олардың қыстауы ретіндетереңдігін 70 см етіп ұстағыш ор (70 х70 см) қазып, оны көңмен толтыру керек. Одан соң tº 0ºС төмендеген кезде көңді одан шығарып, жиналған бұзаубастарды құртады. Бөртпе жүгері дәндерін гептахлордың 22%эмульсиямен араластырады (1 ц. Дәнге 0, 7 л препарат). Ерте көктемде тұқымды себу, көшет отырғызу кезінде себеді.
Шегірткелермен куресу шаралары Химиялық күресу: § метофостың 40% э. к. (1 га/0, 5 -1 л) § Метатионның 5% э. к. (1 га/0, 8 -1, 8 л) Карбофостың 40% э. к. (1 га/3 л) § Вофотокстың 18% с. ұ. (1 га/0, 7 -1, 4 кг) Агротехникалық күресу: § Тың жерлерді жырту § Мал жайлымдарды дұрыс пайдалану § Пішенді жерлерді суару § Уақытысында жырту §
Қорытынды: Қорыта келгенде көпқторектік зиянкестер тобының құрамына өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарға жататын көптеген түрлерімен қоректенетін организмдер кіреді. А. ш. дақылдарына ең қауіпті – тура қанаттар отрядына: шегіртке, шекшек, шілделік және бұзаубас тұқымдастар өкілдері. Айтылған тура қанаттар отрядына ар бір зиянкестердің өз айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Олардың ұзын-қысқа мұртшалары, денелері, қанаттары, сандары дернәсілдері және жұмыртқалары.
Пайдаланған әдебиеттер: Ø “энтомология” – Ә. Т. Тілменбаев, Г. Ә. Жармұхамедова. Алматы 194 жыл.
слайд энтомология.pptx