
почерк..pptx
- Количество слайдов: 16
Тақырыбы: Графалогия Орындаған: Қабыл Г. А. Тексерген: Ахаева А. Ш.
Графология ( «графо» – жазамын және «логос» - сөз) –жазуларды зерттейтін ғылым. Графологтар әлемде екі бірдей жазу болмайтындықтан, әрбір адамның жазуы оның тұлғалық қасиеттерінің айнасы деп есептейді.
АҚШ Президенті Барак Обаманың «Пидің өмірі» кітабының авторы Янн Мартелге жазған хаты.
«Мартел мырза Қызым екеуміз «Пидің өмірі» кітабын оқып бітірдік. Екеуміз де жануарлар туралы хикаяны таңдадық. Бұл керемет кітап – Жаратқанның бар екенін және хикаяларды көркем баяндай білудің анық дәлелі. Рахмет. » Бұл хатқа бір қарағаннан-ақ жазу мен қолтаңба арасындағы айырмашылықты байқауға болады. Қарапайым адам мен мемлекеттегі рөлдің шекарасы міне қайда жатыр. . . Сіз жазуға қарап, оның авторы туралы білуге болатынын естідіңіз бе? Сонымен бүгінгі тақырып, жазудың құпиясына арналады.
Адам жанының жай-күйі мен оның жазуы арасында байланыс болатыны туралы болжамдар ерте замандарда айтылған. Алғаш рет жан мен жазудың арасындағы байланыс туралы итальяндық дәрігер Камило Бальди (1622) жазады. Қазіргі графология ғылымының әкесі болып Жан Ипполит Мишон саналады. Ол әр-түрлі қол жазбаларды жинап, олардың өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тауып, жазулардың авторлармен сәйкестігін анықтауға тырысады. Физиология ғылымының профессоры Вильгельм Прейер қолдарынан айрылған науқастар аяқпен немесе ауызбен жазғанда, олардың жазулары бұрынғы жазуларымен бірдей болатынын байқайды. Прейер адам жазуы мида қалыптасады деген тұжырымға келеді.
Жазу және темперамент Әрбір темпераменттің өзіндік ерекшеліктері болады – баяу, жеңіл, екпінді, қызу, ұстамды, салқын, сойдақталған, сөйтіп кете береді. Талғампаз, кербез, қимыл-қозғалысы баяу жандардың жазулары әсем дөңгеленіп, түзу де ұқыпты болып келеді. Болмысынан бірбеткей әрі ашық жандардың жазуларында өрнектеулер мен әшекейлеуді көрмейсіз, сөздер бір жолда секіріп тұрғандай үзік-үзік болып, әріптері сыртқа қарай айналып тұрады. Қатал, тез шешім қабылдай алатын адамдардың жазуларындағы әріптер, әдетте тіке, үшкір, ал жұмсақ жандардың жазулары – дөңгеленген, томапақ болып келеді. Дөрекі, тұрпайы адамдардың жазуында жөнді-жөнсіз бұрамдаулар көп болады. Әрине, бұл айтылғандар жазулардың негізгі белгілері болып табылады. Сондықтан осыған қарап, адамды мынадай-анадай деу жөн емес. Анализдің неғұрлым дәл болуы үшін әртүрлі суреттер мен қолтаңбаға да назар аудару керек. Ол туралы келесі санда жазатын боламыз.
Анализируя почерк и характер человека, можно сказать о самооценке, эмоциональности, силе вол и многом другом. Для того чтобы результаты исследования почерка оказались наиболее достоверными, писать человек должен в спокойном состоянии. Желательно использовать несколько записей, сделанных в разное время. Для исследования удобно использовать дневник. Хотя оценить можно практически любую запись. Характер записи покажет, в каком эмоциональном состоянии находился человек. На нелинованной бумаге она откроет больше возможностей.
Жазуға қарап адамның мінезі мен психологиялық жағдайы туралы біраз ақпарат алуға болады. Осы мүмкіндікті саяси тыңшылар бұрыннан қолданып келеді. Әсіресе бұл тәсіл жұмысқа алу кезінде жиі қолданылады екен. Бұның бір минусы өзгенің сырын білгенімен, өзіңдікін жасыру қиынға соғады.
Кез-келген психологиялық анализ секілді графология да жартылай ғылым, жартылай өнер болып табылады. Графологиялық анализдің максималды дұрыс болуы анализ жасаған маманның кәсібилігіне байланысты. Өкінішке орай, біздің қоғамда графологияны жалған ғылымдар санатына қосады. Шынымен де, оның 100 пайыздық растығын дәлелдейтін нақты формула жоқ. Графология ғылымы бүгінгі таңда зерттелу барысында.
почерк..pptx