genitaldy_zhylank_1257_zder.pptx
- Количество слайдов: 12
Тақырыбы: Генитальды жыланкөздер. Клиникасы. Анықтауы. Емі. Тексерген: Асембай С. А. Орындаған: Карлыбаева М. Б. 730 топ
Жыланкөз (fistula) - екі көршілес жатқан ағзалардың арасындағы немесе ағза және сыртқы тері қабаты арасындағы пайдаболған жасанды өтіс болып табылады. Генитальды жыланкөздер – полиорганды бұзылыстарға алып келетін әйелдерде кездесетін ең ауыр аурулардың бірі. Сонымен қатар ол етеккір және репродуктивті функцияның бұзылысына алып келеді. Генитальды жыланкөздер – ішек, зәр шығару жүйесі, алдыңғы іш қабырғасымен жыныс ағзалары фистулалаыр және жамбас клетчаткаларымен біріктіретін ауыр патология. Генитальдыжыланкөздер тек қана гинекологиялық және акушерлік араласулаың ғана емес, жатыр қосалқыларының іріңді-қабыну ауруларының немесе операциялардан кейінгі асқынулардың қорытындысы болып табылады. Генитальды жыланкөздердің көптеген классификациялары бар. Гинекология тәжірибесінде кездесетін екі түрі бар: ішектікгенитальды және несеп-жыныс жыланкөздері.
Ішектік-генитальды жыланкөздер кезінде, жыланкөздік өтіс ішек пен жыныс мүшесінің кез келген бөлігін байланыстырады. Ол бүкіл генитальды жыланкөздердің 49, 3% құрайды. Сонымен қатар тік ішектік-қынаптық, тоқ ішектік–қынаптық, аралықтық-ішектік, қосалқы-ішектік түрлерін ажыратыды. Тік ішек-қынаптық жыланкөздер Этиологиясы. Тік ішектік-қынаптық жыланкөздер көбіне акушерлік жарақаттар кезінде, яғни босану кезіндегі аралықтың III дәрежелі жыртылысында пайда болады (ірі ұрық, жамбаспен келу, акушерлік қысқаштар салу, ұрық бұзатын операциялар). Тік ішектікқынаптық жыланкөздер гинекологиялық, проктологиялық операциялар, зорлық жарақаттары салдарынан пайдаболуы да мүмкін.
Клиникалық сипаттамасы. Көбіне тікішектік-қынаптық жыланкөздер қынаптың артқы қабырғасында орналасады және олар аналь каналында немесе тік ішектің сфинктері аймағында ашылады. Жыланкқздер кіші (нүктелік) және үлкен (1 см-ден жоғары ) көлемде болады. . Нүктелік жыланкөздерде әдетте науқастарды қынаптан өздігінен газдардың шығуы, үлкен көлемді жыланкөздерде газ бен нәжісті ұстай алмау, қынаптың қышу сезімдері мазалайды. Көбіне жыланкөздердің бұл түрі аралықтың тыртықтық деформациясымен және қынаптың артқы қабырғасымен, жамбас түбі және тік ішек сфинктерінің қабілетсіздігімен сәйкес келеді. . Жоғары тікішек-қынаптық жыланкөздер гинекологиялық немесе проктологиялық операциялардан 7 -9 тәуліктен кейін ішектегі тігістердің дұрыс болмауынан пайда болады. Ондай жыланкөздер қынаптан газ бен нәжістің бөлінуі, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, қалтырау, интоксикация, қынаптан іріңді бөліністердің болуымен көрінеді. Жыланкөздік жол инфильтратта орналасуы мүмкін.
Тік ішек-қынаптық жыланкөздер: 1 - жоғары дәрежелі; 2 – төмен дәрежелі.
1 қуық-жатыр жыланкөзі 2 қуық- қынап жыланкөзі
Диагностика мақсатында үш тәсіл қолданылады: айна көмегімен қынап арқылы қарау, ректовагинальды екіқолдық тексеру, жыланкөздік жолды зондтау. Қарау кезінде қынаптағы жыланкөздік жолдың локализациясына көңіл бөлу керек, оның айналасындағы тіндерге, қынап қабырғасындағы тыртық өзгерістерге, аралық және аналь аймағына көңіл бөлу керек. Қынаптық тексеру жыланкөз инфильтратта орналасқан орналаспағандығын, оның көлемін, консистенциясын анықтауға көмектеседі. Зондтау жыланкөздің жолын және оның тік ішек сфинктеріне қатынасын анықтайды. Жыланкөздің локализациясын толық анықтау үшін ректороманоскопия қолданылады. Емін таңдауда айналасындағы тіндердің жағдайына, жамбас түбі бұлшық еттерінің анатомиялық және функциональды жағдайына көңіл бөлу керек. Тік ішек-қынаптық жыланкөздің төмен және орташа дәрежесінде хирургиялық ем тағайындалады. Ал жоғары дәрежесінде консервативті ем тағайындалады: клизма, қынапқа майлы тампондар, қынаптың жергілікті санациясы, иммунитетті қалпына келтіру терапиясы қолданылады. Консервативті емнің нәтижесіздігінде хирург-проктолог хирургиялық ем жүргізеді.
Қабыну генезіндегі ішектік-генитальды жыланкөздер Этиологиясы. Олар 75, 8% науқастарда кіші жамбас абсцессінің немесе жатыр қосалқыларының тоқ ішекке перфорациясында қалыптасады. Жыланкөздік жол алдыңғы құрсақ қабырғасында орналасуы мүмкін. Клиникалық көрінісі іріңді процесстің ауырлығы мен көлеміне , қабыну реакциясының дәрежесіне байланысты анықталады. Ішекке кіші жамбас абсцессінің перфорациясында іштің төменгі бөлігінде әр түрлі ауырсыну сезімі, дене температурасының 38 °C және одан жоғары көтерілуі, ауырсыну сезімі тік ішекке берілуі, нәжісте кілегей мен іріңнің болуы, сұйық нәжіс. Абсцесс іші бос ағзаға жарылғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарады, дене температурасы қалпына келеді, ауырсыну сезімдері азаяды немесе мүлде жоғалады. Аурудың клиникалық ағымының қайталамалы және ұстамалы түрлері болады.
Диагностикасы. Диагностикалық шаралары іріңді процесстің кіші жамбаста орналасуын, ішек пен жыныс мүшелерінің патологиялық процесске қатынасын, қалыптасқан жыланкөздің анатомофункциональды түрін анықтауға жолданған. Диагностикалық әдістерге екі қолдық ректовагинальды зерттеу, абдоминальды және вагинальды датчиктерді қолдану арқылы УДЗ, ректороманоскопия, Фистулография (жыланкөздік жолға контрасты затты енгізу арқылы рентгенологиялық зерттеу) жатады. Сонымен қатар іріңді процесстердің түрлерін, олардың локализациясын, жатырдың және оның қосалқыларының жағдайын толық анықтаумақсатында КТ немесе МРТ қолданылады.
Емі тек қана хирургиялық жол арқылы ғана шешіледі. Операция екі кезеңнен тұрады. «Ішектік» кезеңде жыланкөздік жолға ревизия жасайды, некротикалық тіндерді тіледі және ішектің бүтіндігін қалпына келтіреді. Ол гинекологиялық араласулардан бұрын жасалады (кіші жамбасты ішек микрофлорасымен инфицирлеудің алдын алу үшін). Гинекологиялық араласулардың көлемі жатыр мен қосалқыларына қабыну процессінің қатынас дәрежесіне, науқастың жасына, кіші жамбастағы іріңді қабыну процессінің себебінебайланысты анықталады. Кейбір жағдайларда іріңді тубоовариальды түзілісті, ал кейбір жағдайларда жатыр мен қосалқыларының бір немесе екі жақтық экстирпациясын жасауға тура келеді.
Пайдаланған әдибиеттер: *Гинекология* В. И. Бодяжина К. Н. Жмакин. Москва *Медицина*1977 *Гинекология* Г. М. Савельевой В. Г. Бреусенко Москва *ГЕОТАР-МЕД* 2004 www. google. ru
genitaldy_zhylank_1257_zder.pptx