Фукусима апаты.pptx
- Количество слайдов: 11
Тақырыбы: Фукусима апаты
Наурыздың 11 -і болған өте күшті жер сілкінісі мен одан кейін пайда болған цунами кесірінен “Фукусима” атом электр станциясы қатты зақымданды. Бұл жер сілкінісі Жапония мемлекетінде орын алып, натижесінде “Фукусима апатына” әкеліп соқтырды.
Осы оқиғадан кейін Токио АҚШтан техникалық көмек алуға әзір екендігін мәлімдеді. Ауа райын болжайтын мамандар солтүстік-батыстан соққан жел АЭСтен шыққан радиоактивті буды Тынық мұхиты жағына айдап алып кетеді деп отыр. Жапонияның ядролық мамандары 12 сәуірде ауаға, жер бетіне тараған радияцияның деңгейі 5 -тен 7 -ге дейін жетті деп хабарлаған болатын.
Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттік ( МАГАТЭ) фукусима апаты Чернобль қаласындағы апаттан кейінгі болған ең үлкен жарылыс деп хабарлайды. Чернобль апатының салдары
Халықаралық инспекторлар Фукусима апатының қаупі жоғары дегенімен, Жапонияның ядролық қауіпсіздік агенттігінің аға қызметкері Хидейко Нишияма радиацияның адам денсаулығына қаупі туралы басқаша айтады: «Наурыздың 18 -інен бері жинаған мәліметтеріміздің негізінде бұл жетінші деңгейді алдыңғы бағалауда-ақ бергенбіз. Алайда, басында радиоактивті заттардың шығу деңгейі Чернобыль апаты көлемінің 10 пайызын құрады» . Жапония үкіметі Фукусимадағы ядролық дағдарыс жалғаса берсе, жайылған радиация күші Чернобыль апатындағы радиация деңгейінен асып түсетінін мойындап отыр.
Үкімет өкілі Юкио Эданоның айтуынша, бұл соңғы ескертулер Фукусимадағы апат аса үлкен екенін нақтылай түсті. Ол ядролық кешен маңында тұратын тұрғындар мен халықаралық қауымдастықтан осындай апатқа жол берілгені үшін кешірім сұрады. Эдано егер Фукусима ядролық стансасы маңына енгізілген 20 шақырымдық эвакуациядан тыс жерге радиация тарағаны анықталса, Жапония тұрғындарды көшіру аумағын кеңейтеді деп хабарлаған. - Біз эвакуация аумағын кеңейту жөнінде жаңа шешімге келдік. Оған себеп, кейбір аймақтарда 20 шақырымдық эвакуция зонасынан тыс жерлерде радиация деңгейі ауа-райы мен географиялық жағдайға қатысты жоғары болып отыр, - деді ол.
Жапония үкіметі Фукусима реакторлары маңындағы эвакуация аумағын 30 шақырымнан тыс жерлерде әсіресе жел соғып тұратын солтүстік-батыс аймақтағы ауылдық жерлерде кеңейтуді жоспарлап отыр. АҚШ пен Австралия сияқты елдер Жапониядағы өз азаматтарына ядролық апат аймағынан кемінде 80 шақырымдай қашық кетуге кеңес берді. Бірақ Жапония МАГАТЭнің алдыңғы ескертуіне қарамастан, эвакуция аумағын ұлғайтудан бас тартып келген.
БҰҰ-ның Атом істер жөніндегі агенттігі жексенбі күні өзінің ядролық мамандар тобы 60 шақырымдық жердегі радиация деңгейін тексергенін айтты. Ал Жапонияның ядролық агенттігі нақты қанша радиация тарағанын айту қиын деді. Дегенмен де тараған радиация
Фукусима апатының салдары: Ø 6400 -ден астам адам қайтыс болды. Ø 10 мыңнан астам адам хабар ошасыз жоғалып кетті.
Назар салғандарыңызға рахмет.
Фукусима апаты.pptx