Физ химия.pptx
- Количество слайдов: 15
Тақырыбы: Ерітінділердің табиғаты мен еру механизмі туралы қазіргі кездегі түсініктер Орындаған: Мұғалыш А. Қабылдаған: Алдибекова Г.
ЖОСПАРЫ: 1. Жалпы ерітінділер 2. Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы. 3. Ерітінділер: сұйық, реал ерітінділер. 4. Коноваловтың заңы 5. Қорытынды.
Ерітінділер— кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекуладисперстік жүйелерді айтады
Еритін зат
Көбінесе, екі зат, бір-бірінде ерігенде, олардың арасында өзінің агрегаттық күйін өзгертпейтін немесе ерітінді құрамындағы мөлшері басым болатын бөлікті еріткіш дейді. Демек, «еріткіш» , «еритін зат» ұғымдары салыстырмалы екенін ескеру керек. Мысалы, спирт пен судың тең бөлігін бір-бірінде ерітсе, олардың қайсысының еритін зат, қайсысының еріткіш екенін ажырату қиын, өйткені екеуі де сұйық және бір-бірінде ерігіштіктері бірдей. Мұндайда ерітінді құрамындағы компоненттер туралы айтқан дұрыс, Сондықтан компоненттердің агрегаттық күйін ескеріп, ерітінділерді үш топқа бөлуге болады: газдың газдардағы ерітіндісі (газ қоспасы); сұйық ерітінділер; қатты ерітінділер. Газ ерітінділеріне ауа, ал қатты ерітінділерге түрлі металдардың қорытпалары мысал болады. Ал, сұйық ерітінділер газдардың сұйықтағы ерітінділері; сұйықтың сұйықтағы ерітінділері, қатты заттардың сұйықтағы ерітінділері болып бөлінеді.
Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Вант-Гофф болды. Бүл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемінде біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет болмайтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Жалпы физикалық теория ерітінділердің қайнау температураларының жоғарылауы, қату температураларының төмендеуі, будың қысымы, осмостық қысым сияқты қасиеттеріне сүйенді. Бұл шамалар ерітінділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз.
1901 жылы Ерітіндідегі осмостық қысымды зерттегені үшін Нобель сыйлығын алды Сванте Аррениус 1859 -1927 Якоб Вант Гофф 1852 -1911 1903 жылы электролиттерді зерттеу барысында Нобель сыйлығын алды. Ол Электролиттік диссоциация теориясын ашты.
Ерітінділердің химиялық теориясының негізін қалаушы Д. И. Менделеев болды. Бертін келе, бүл теорияға И. А. Каблуков, Н. С. Курнаков сияқты әйгілі совет ғалымдары елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл теорияны бірінші тұжырымдаған Д. И. Менделеев күкірт қышқылының, этил спиртінің және баска да қосылыстардың судағы ерітінділерін нақты, жан- жақты зерттеді. Мұның нәтижесінде ол, ерітіндідегі компоненттер арасында, яғни еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттер жүреді деген қорытынды шығарды. Мысалы, Менделеев күкірт қышқылының ерітінділерінде бірнеше гидраттардың түзілетінін аныктады. Д. И. Менделеев Н. С. Курнаков
Ерітінділердің ішінде еріткіші сұйық болып келген ерітінділердің іс жүзінде маңызы зор. Оның ішінде ең жақсы зерттелгені — сұйытылған ерітінділер. Сұйытылған ерітінділерде еріген заттың молекулалары бір-бірінен еріткіштің көптеген молекулаларымен бөлінген, яғни олар өзара нашар әрекеттеседі. Сұйытылған ерітінділердің қасиеттеріне әсер ететін факторлар: еріткіш пен еріген заттың табиғаты және ерітіндінің қоюлығы (концснтрациясы). Бұған орай ерітінділердің мынадай қасисттері бар: 1) ерітінді буының қысымы еріткіш буының қысымынан кем болуы; 2) ерітінділердің таза еріткіштерінен төменгі температурада қатуы; 3) ерітінділердің еріткіштерінен гөрі жоғарытемпературада кайнауы.
Реал ерітінділер Рауль заңына бағынбайды. Ерітінді буының жалпы және оның құрамдас бөліктерінің үлестік кысымдары идеал ерітіндінің жалпы және үлестік қысымдарынан көп немесе аз болады. Рауль заңынан оң және теріс ауытқуларды әр түрлі ерітінділерден байқауға болады. Мысалы : ацетон- күкіртті көміртек, ацетон- этанол, су- метанол және т. б оң ауытқу болса, суазот қышқылы, су- хлорлы сутек, хлороформ- ацетон, хлороформ – бензол т. б. ерітінділерде теріс ауытқуларды байқауға болады. Біртекті молекулаларға қарағанда әртекті молекулалардың ерітіндідегі өзара тартылуы әлсіздеу келеді. Ендеше ондай жағдайда молекулалардың сұйық буға айналуы оңайырақ болғандықтан, Рауль заңынан оң ауытқуды байқауға болады.
Кейбір ерітінділерде идеал оң және теріс ауытқулар ерітінділер заңынан көбірек болады. Ондай жағдайда жалпы бу қысымының қисығында максимум немесе минимум кездеседі. 1881 ж. Д. П. Коновалов будың жалпы қысым қисығында немесе будың қайнау температурасы кисығындағы экстремумда (максимум немесе минимумда) қанықкқан бу мен онымен тепе-теңдікте ерітінді құрамының бірдей болатынын анықтады. Бұл тұжырымдама Коноваловтың II заңы деп аталады. Коноваловтың I заңы – ерітінді буында, бастапқы ерітіндінің қайнау температурасын төмендететін немесе ерітінді бетіндегі жалпы қаныққан бу қысымын жоғарылататын компонент. Бұл заңға бағынатын сұйық ерітінділерде бу қисығы мен сұйықтық қисығы экстремумдық нүктеде қиылысатын болады. Осы экстремумдық нүктелердегі ерітінділердің құрамы айдау кезінде өзгермейді. Олар жеке сұйықтар сияқты тұрақты температурада кайнайды. Сондықтан оларды азеотроптык, (бөлінбей қайнайтын) ерітінділер деп атайды.
Қорытынды Ерітінділер туралы ілімнің дәрігерлер мен фармацевттер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі биологиялық сұйықтықтар, қан плазмасы жұлын сұйықтығы – лимфа сұйық т. б. тірі ағзада ерітінділер күйінде болады. Дәрілік заттар тек ерітінді немесе ағзада еріген күйге көшкен кезде ғана пайдалы. Тағам құрамындағы қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін ерітіндіге айналуы керек. Тірі ағзадағы биохимиялық реакциялар ерітінділерде өтеді.
Физ химия.pptx