
са.pptx
- Количество слайдов: 11
Тақырыбы: Еңбек құқығы-еңбек шарты Орындаған: Ақытхан. Д Тексерген: Байсейітова. Қ Астана-2013 ж
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, сондықтан да Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын және халықаралық шарттарды есепке алмай тұра алмайды. Халықаралық еңбек ұйымына мүше барлық мемлекеттер (соның ішінде Қазақстан Республикасы да) негізге алатын құқықтарға қатысты қағидаттарды сактауға міндеттенеді, атап айтқанда: бірлесу бостандығын және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын шын мәнісінде тану; еңбектің мәжбүрлейтін немесе оған міндеттейтін бүкіл нысандарын қысқарту; балалар еңбегін пайдалануға тыйым салу; еңбек және кәсіптер алу саласында кемсітушілікке жол бермеу.
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданып, 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілді. Уақыт талабына сәйкес бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол жұмыс беруші мен қызметкер арасында қызметкердің Қазақстан Республикасының аумағында, яғни барлық өкімшілік-аумақтық бірліктерді қоса (Қазақстан Республикасының аумағын облыстарға, аудандарға, қалаларға, қаладағы аудандарға, ауылдарға, селоларға және поселкелерге бөлу) жеке және ұжымдық еңбек шарттарының негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді
Жеке еңбек шартыдегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі • толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді. • • Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді. Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді. Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.
Еңбек шартының еркіндігі, сондай-ақ қызметкердің бірден бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақыты шартымен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқығы барлығын білдіреді. Азаматтардың шетелдерде өз бетімен жұмыс іздеуіне және жұмысқа орналасуына құқығы бар. Өздерін табыс табатын жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар дербес жұмыспен қамтылғандар деп есептеледі. Заңнамада еркін таңдап алынған жұмыспен қамтылу деген ұғым қолданылады. Ол азаматтардың өздерінің еңбекке қабілеттілігін еркін пайдалану жолымен жұмыс орны мен мамандықты таңдап алуға қатысты іс-әрекетін көрсетеді. Әрбір азаматтың жұмысқа дербес орналасуымен қатар, олардың жұмысқа орналасарда арнаулы органдардың көмегіне сүйенуге де қақысы бар.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексi Жалпы бөлiм I-бөлiм. Жалпы ережелер Ерекше бөлiм II-бөлiм. Еңбек қатынастары III-бөлiм. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiн реттеу ерекшелiктерi IV-бөлiм. Еңбек саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк және ұжымдық қатынастар V-бөлiм. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау VI-бөлiм. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
Еңбек делдалдығы — • бұл өкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жекеменшік еңбекпен қамту агенттіктерінің халықты жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуі. Бұл жағдайда еңбек делдалдығы жұмыс іздеуші адамдарға оны таңдау және жұмысқа орналасу ісінде меншіктің және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық барлық түрлерінің кадрларға, оларды іздестіріп-табуға және қажетті даярлықтан өткізуге мұқтаж кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға) қызмет көрсетіледі.
Қоғамдық еңбек нысаны Қоғамдық еңбектің мынадай екі нысаны бар: дербес еңбек (меншік иелерінің еңбегі) және жалдамалы еңбек (меншігі жоқтардың еңбегі). Қызметкерлердің жұмысты үйінде, үйге алып істейтін және маусымдық түрлері бар. Бүкіл жыл бойына емес, жылдың белгілі бір уақытында жұмыс істейтін қызметкерлерді — маусымдық қызметкерлер деп атайды. Мысалы, күзде егін жинайтындар. Мұндай жұмыстың уақыты 6 айдан аспауы керек. Жұмысты вахта әдісімен атқаратын қызметкерлерді вахталық әдіс деп атайды.
Еңбек құқығы нормалары қызметкерге әлеуметтік қорғану, еңбегін қорғау, жұмыс уақытын мөлшерлеу, еңбек тәртібін орнату құқығын береді. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады; оның еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды жұмыс беруші қамтамасыз етеді; жеке еңбек шартының тақырыбы жұмыс берушінің арнайы мамандандырылған еңбек процесінің өзі болып табылады. . Еңбек тұрғысындағы азаматтық қатынаста азаматтың өзі өз еңбегін қорғау мен ұйымдастыруды іске асырады, азаматтық құқықтық шарттың тақырыбы еңбек нәтижесін затқа айналдыру, мысалы, үй салуға келісімшарт, мердігерлік шарт, жекеменшік мүдделі нысананы құру шарты
• • • Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады: белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді; белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын; істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге. Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі — жұмыс берушіге беріледі. Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.
са.pptx