Айдана 1срс.pptx
- Количество слайдов: 21
Тақырыбы: Денсаулықтың валеологиялық аспектілері Орындаған: Мерекебекова А. С. Қабылдаған: Абиырова Н. Б. Факультет: ЖМ Курс: 3 Топ: 028 -2 к
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Валеологияның методологиялық негізі 2. Валеология объектісі. 3. Валеологияның негізгі мақсаттары. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы 10 жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты-адам денсаулығы туралы ғылым болып табылады.
<< Валеология екі сөзден құралған. Vale латынша ( сау болу , аман болу ) деген сөзден туындайды, logos грекше ( ілім , ғылым ) деген сөз. Валеология терминін 1960 жылдарда профессор И. М. Брехман енгізген. >> << << >> >> << >>
Валеологияның методологиялық негізі. Валеология жеке ғылым саласы. Валиологияның негізгі мақсаттары. Валеология обьектісі. “Салауатты өмір салты” бағдарламасы
Валеология - медицинаның және соған жақын технологияларды пайдаланып жеке бас денсаулығын қалыптастыру, оны қорғау мен шынықтырудың теориясы мен практикасы. Валеологияның зеріттейтін назары – адамның жеке бас денсаулығы, оның механизімдері.
Денсаулық бұл –адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үдерісі.
Валеологияның методологиялық негізі. Валеологияның негізі - тіршілік феномені, яғни тірі жүйенің өзін-өзі жаңартуы, өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі қайталауы. Биологиялық жүйе өз ұйымдасқанын қолдап қана қоймайды, оны жетілдіре түседі. Бұл бір жағынан гомеостаз көрсеткіші, екінші жағы - ішкі немесе сыртқы әрекеттерде гомеостаздың қалпына келу мүмкіншілігі. Осы сипаттау денсаулық деңгейі мен сапасын бағалауға медико-биологиялық негіз болып саналады.
Валеология объектісі. Валеологияның ең маңызды объектісі дені сау адам болып саналады. Валеология технологиясын ауру адам үшін де пайдалануға болады. Мысалы, сауықтыру құралдарын пайдаланып физиологиялық іс қимыл қорларын кеңейтуге, өзін-өзі реттеуі қабілетін, ”сынудың” салдарын орнына келтіруге, тіпті асқынған патологиялық процестерді тоқтатуға болады. Осы шараларды іске асырудан валеологияның ауруларды алдын алудағы рөлін аңғарамыз.
üВалеология адам денсаулығын әлеуметтікмедициналық категория деп санайды. Оның саны мен сапасының алдын нақтылы көрсеткіштермен анықтауға және басқаруға болады. üДенсаулық пен аурудың арасында өтпелі жағдай бар. Денсаулық аурудың алды мен ауруға қарағандағы жалпылай категория. Аурудың алды немесе ауру - денсаулық деңгейі төмендегенде немесе онда ақау туғандығы денсаулықтағы құбылыс.
ü Адам мен оның денсаулығына валеология қолданатын көзқарас біріктіруші және біртұтас. Әсер ететін тәсілі – табиғи, көбінесе дәрі –дәрмексіз. ü Санологияның теориялық принциптерін жасау медицинаның жалпылай теориясын дамытудағы мақсатына қайшы келмейді, Керісінше денсаулық, ауру және өтпенді жағдайдын маңызын философиялық тұрғыда ойлануға көмектеседі.
Валеологияның негізгі мақсаттары. 1. Денсаулықтың маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру және іске асыру, диагностикалық үлгі және тәсілдер жасау, оған баға беру оны болжау. 2. Әлбетте дені сау адамның денсаулық деңгейін санмен бағалау, оны болжау, тіршілік сапасы мен салауатты өмір сүруін сипаттау, осыған сүйене отырып жеке бас денсаулық жағдайын қадағалау, сауықтыру бағдарламасын жасау.
3. Денсаулықты шынықтыру мақсатымен денсаулық “психологиясын” қалыптастыру, жеке адамның тіршілік кестесіне өзгерістер жасауды нақтылау. 4. Жеке адамды сауықтыру, аурулардың алғашқы және қайталап алдын алу бағдарламаларын іске асыру, сауықтыру шараларының нәтижелігіне баға беру.
“Салауатты өмір салты” бағдарламасы 2008 -2016 жылдарға арналған "Салауатты өмiр салты" бағдарламасы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 Жарлығын, "Мемлекет басшысының 2005 -2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру жөнiндегi негiзгi бағыттардың (iс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 -2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөнiндегi iсшаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 сәуiрдегi N 319 қаулысының және Қазақстан Республикасының Премьер. Министрi К. Мәсiмовтың 2007 жылғы 2 маусымдағы N 20 -18/003 -612 2 -т. тапсырмасын iске асыру үшiн әзiрлендi.
Қазақстан қол жеткізген экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруді және орнықты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін терең әлеуметтікэкономикалық реформалар өткізуге мүмкіндік береді.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметі ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 1260 қаулысымен бекітілген «Салауатты өмір салты» республикалық кешенді бағдарламасының 2008 -2016 жылдарға арналған ісшаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы бағдарламаны Астана қаласында жүзеге асыру жөніндегі 2009 -2011 жылдарға арналған сектораралық жоспар әзірленді, бұл жоспар мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісілген және Денсаулық сақтау басқармасының бастығымен бекітілген. Жұмыс барысында СӨСҚ орталығы ҚР-сы Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ісшаралар өткізу туралы бұйрықтарын жетекшілікке алады.
Орташа өмiр сүру ұзақтығының деңгейiн 71, 3 жасқа дейiн арттыр, халық арасында темекi шегу қолдануды 16, 8% -ға дейiн қысқарту, қауiптi мөлшерлерде алкогольдi тұтынуды 12, 5% қысқарту, көкөнiс пен жемiстердi қолдануды 24, 6% ұлғайту, дене шынықтыру белсендiлiгiнiң қолданылуын 26, 6 % ұлғайту, артық дене салмағының таралуын 29, 3 % төмендету, сәбилердi 6 айға дейiн тек емшек сүтiмен қамтуды 73 % ұлғайту, бала туу жасындағы әйелдердiң арасында жасанды түсiк санын азайту, 1000 әйелге 20, 7 -ге дейiн, елеулi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттанудан болатын өлiм жiтiм жағдайларының 100 мыңға дейiн төмендету. Оның iшiнде: жүрек-қан тамырларының ауруын - 428, 4 жағдайға дейiн; жарақат алу - 125, 7 дейiн; онкологиялық аурулар - 110, 3; туберкулез ауруын 100 мың адамға - 97, 6 дейiн төмендету
Қорытынды Қазақстандықтардың салауатты өмір сүру жылдарында көп шығынға ұшырауы мерзімінен бұрын қайтыс болу және мүгедек болу салдарынан екендігі анықталады. Бұл дүниежүзінің дамыған елдерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш. Шығынға ұшырауы қала тұрғындарының және ерлердің үлесіне тиіп отыр екен.
Қолданылған әдебиеттер http: //www. akorda. kz/kz/page_kazakstanrespublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan -khalkyna-zholdauy-2012 -zhylhy-14 zheltoks_1357813742 http: //www. kyzylordasud. kz/index. php? option=com_co ntent&view=article&id=514%3 A-----2012 --27 --&catid=60%3 A 2012 -02 -29 -06 -17 -16&lang=ru http: //knb. kz/page. php? lang=3&page_id=190&article_ id=4743 http: //www. krgoblfin. kz/index. php? kaz=content&id=17 6
Айдана 1срс.pptx