
экология.pptx
- Количество слайдов: 13
Тақырыбы: Денсаулық түсініктемесі және аурушандылықпен өлім -жітімінің жоғарлауына атмосфералық ластанудың әсері. Орындаған: Тойлыбаева А. Ж Топ: ЖМ 018 -2 Тексерген: Молдакарызова А. Ж
ЖОСПАР: 1. Денсаулық анықтамасы 2. Тұрғындардың жалпы аурушандықпен өлім-жітімінің жоғарлауына ластанған ауаның әсері 3. Тұрғындардың медико-демографиялық көрсеткіштеріне және аурушаңдықпен жоғарылауына атмосфералық ластанудың әсері 4. Әртүрлі экологиялық жағдайдағы аймақтарда зияңды қосындылардың деңгейі 5. Қоршаған ортаның сапалық ластану құрамы мен тұрғындардың аурушаңдықпен және өлім-жітімдік құрылымының арасындағы байланыс.
Ø Денсаулык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі. Ø Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: "денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы”. Ø Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі.
Денсаулықты зерттеудің төрт деңгейі бар: Ø Бірінші деңгей - жеке тұлғаның денсаулығы. Ø Екінші деңгей - топтық денсаулық (кіші және этникалық топтар). Ø Үшінші деңгей - халық денсаулығы, яғни нақты әкімшілік - аймақ бірлігінде тұратын адамдар денсаулығы (облыс, қала, аудан және т. б. ) Ø Төртінші деңгей - қоғамдық денсаулық қоғам, мемлекет халқының, континенттің, дүниежүзінің, популяцияның денсаулығы.
Қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр тұрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі Мысалы Улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеқе басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Атмосфералық ауаның және тұрғын ғимараттардағы ауаның ластануына байланысты бронх демікпесінің таралуын зерттеген кезде ауру ағымының ауырлағандығы мен аурудың балаларда жиі кездесе бастағандығын анықтаған: 7 жасқа дейінгі балаларда – 55, 3%, 1 жасқа дейінгі балаларда 26, 7% кездеседі. Аурудың ауыр ағымы 55, 2% ауруда анықталған болса, соның негізгі бөлігін балалар құраған (36, 6%) [39, 40, 41].
Улы заттар адам организміне біртіңдеп жұйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе ұнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, , бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-куйінің тез өзгеруі, зейінінің төмеңдеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мұшелеріне, жүйке жүйесше, бауырьша әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жұйке жұйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады. Дәрігерлер адамдардың әр турлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары —канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
Қазіргі уақыттағы халық денсаулығындағы қолайсыз тенденциялар оларды жою үшін шаралар жүйесін өңдеуде ғылыми тұрғыдан негіздеуді қажет етеді. Бұл жоспарда медико-демографиялық зерттеулер жүргізу маңызды орын алады, бұл медицина мен денсаулық сақтауға тікелей қатысты факторлардан денсаулық жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды ажыратуға мүмкіндік береді. Медициналық демография – демографиялық өзгерістердің тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін және тұрғындардың денсаулығының демографияға тигізетін әсерін зерттейді. Демографияның бөлімдері 1. Тұрғындардың статикасы - тұрғындардың санын және құрамын жынысына, жасына, қызметіне, белгілеріне қарай зерттейді. 2. Тұрғындардың динамикасы - механикалық және табиғи қозғалыс мәселелерін қарастырады.
Халықтың денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер мен белгілерге санитарлық-демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдылықты, мүгедектікті функционалдық күйі жатады. Зерттеулер кезіңде көбінесе қоршаған ортаның ластаушыларына тән немесе сезімтал денсаулық белгілері алынады. Ол үшін денсаулық жағдайын ұрдайы немесе кезеңді бақылаудың, шолу немесе арнайы терең тексерудің, ортаны ластайтын зат әсерінің мағынасы бар. Республиканың жеке аймақтарының демографиялық үрдістерінің көрсеткіштері солардың арасында үлкен ауытқушылықтар бар екендігін дәлелдейді. Мысалы, 2000 жылы адамдар арасындағы бала туушылық 1000 адамға шаққанда Оңтүстік Қазақстан облысында 22, 5 -ке, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11, 1 -ге тең болды. Туушылықтың жоғары коэффициенттері Қызлылорда облысында орын алады, 2000 жылы мұнда 1000 адамға шаққанда 20, 6 бала өмірге келсе, Атырауда -19, 1, Маңғыстауда 18, 7 құрады Ең төмен туушылық коэффициенттері 2000 жылы Қостанай -10, 9, Павлодар -11, 3, Қарағанды 11, 6 облыстарында және Алматы-12, 5, Астана-13, 8 қалаларында байқалады. Орташа республикалық көрсеткіш-14, 7 тең.
Қазақстан Республикасының жеке аймақтарында экологиялық факторлардың ерекшеліктеріне байланысты кейбір аурулардың көбейе түскендігі байқалады. Ядролық және ракеталық ядролық сынақ полигондары аймақтарында (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында)тұрғындар арасында қан және қан түзетін органдардың қалқан безі, хромосомалық аурулар, онкологиялық аурулар , өлі туушылық бойынша жоғарғы аурушандылық байқалады. Тау-кен, көмір өнеркәсіптері орнласқан өңірлердің тұрғындары арасында тыныс органдырының аурулары: жедел және созылмалы бронхиттер, пневмокониоздар, силикоз, өкпе қатерлі ісігі, сезім органдарының аурулары жиі кездеседі. Мұнай, мұнайгаз кен орында тұрғындар жүйке жүйесітері мен тері асты, көз және оның қосымшалары ауруларымен, эндокриндік және зат алмасу бүлінулермен жиі ауырады. Түсті металлургия аймақтарындағы тұрғындар жүйке жүйесі, тыныс және асқорыту органдары ауруларымен аурады
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына Қазіргі уақытта кәсіпорын аймағының табиғаты алты — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, валентті хром қосындыларымен, солтүстік-батыстан қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға соғатын желдердің әсерінен кәсіпорындардан шығатын маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе зияды, оның кұрмында шаңды хром қосындылары және облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер — т. б. зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануд. табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті Бұлардың мұражайларынан улы заттар қоршаған қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және ортаны бүлдіріп қана қоймай адамдар денсаулығына экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылардьщ биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ берген мәліметтеріне қарағанда тыныс-қолка мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай жолдарының ауруы қалада қалыпты деңгейден 3, 5 есеге өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен дейін жеткен. Сол сияқты жүрек-қан тамыры жүйесі салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің мен коз аурулары 1, 8 жөне 2 есеге шейін артқан. концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2 — 4 есе жоғары екен. Атырау өңірінің ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ өндіруші, энергиякоммуналдық, көлік кешені және тағы басқа мекемелердің ауаға шығаратын лас затгардың көлемі мен олардың жеке түрлеріне тікелей байлапысты. Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164, 65 мың тонна түтін шыққан екен. Оның негізгі өндірушілері облыстың өр түрлі кәсіпорындары. Негізгі облыс бойынша шығатын лас түтіндерді 72, 5 % тұрақты мұржасы бар өндіріс мекемелерінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокеліктердің ‘түтінмен ластау да орын алады.
экология.pptx