нартай энергетика 1 срс.pptx
- Количество слайдов: 21
Тақырыбы: Дәстүрлі энергия көздері. Жылу энергия станциялары. Орындаған: Сембиев Н. Тобы: 302 “А” ТФП Қабылдаған:
Жоспар: I Кіріспе II Негізгі бөлім 2. 1 Дәстүрлі энергия көздері 2. 2 Жылу энергия станциялары 2. 3 Қазақстандағы жылу электр станциялары III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері n n n Дәстүрлі электр станциялары туралы түсінік Дәстүрлі электр станцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау Әлемдік тәжірибені есепке ала отырып Қазақстандағы электр энергиясына деген тапшылықты жою жолдарын зерттеу Жылу электр станцияларының Қазақстандағы орны Қазақстандағы электр энергиясының мәселесін зерттеу
Электр энергетикасы • Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да ) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі. Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
Дәстүрлі энергия көздері n n n Жылу электр станциялары (ЖЭС) Су электр станциялары Атом электр станциялары
Атом электр станциялары – – Атомдық электр станцияларда атомдық (ядролық) энергия электр энергиясына айналады. АЭС генератор қызметін атомдық реактор атқарады. Ядро ыдыраған кезде, ішкі ядролық күштер босайды, мұның өзі көп мөлшерде жылу шығаруға ұласады. Атомдық салмағы 235, 1 кг уран атомдары ыдырағанда жылу энергиясының электр энергиясына айналуы нәтижесінде 25 млн. к. Вт сағ электр энергиясын алуға болатындығы бөлінеді. Сөйтіп, атом ішіндегі энергия, энергияның сарқылмас қоры болып саналады Уран қазаны немесе реактор атом электр станциясының негізгі агрегаты болып саналады. 1 г уран изотоптары ыдыраған кезде 22 500 квт • сағ электр энергиясы бөлінеді, ол 2800 кг басқа отынмен (көмір, мұнай, газ) тең.
Атом электр станцияларының артықшылықтары мен кемшіліктері Артықшылықтары Қуаты үлкен Бағасы арзан Кемшіліктері Қауіпті Технологиясы енді дамуда Қоры үлкен Зияны аз (салыстырмалы) 1 кг уран жылуы 3000 т көмірдің жылуына тең
Атом электр станциялары 1 санымен реактор белгіленген, онда отын ретінде уранның изотоптары, сонымен қатар, плутоний қолданылады. Бастапқы элементтермен салыстырғанда изотоптардың радиоактивтігі анағүрлым жоғары. Реакторда жылытылған су сорғы 3 арқылы жылу алмастырғышқа 2 құйылады. Бүл биологиялық түрғыдан қауіпті радиоактивті су, ол қондырғының бірінші контурына жатады. Қазіргі қондырғылардың бірінші контурындағы су 250°С-та, 100 ат. қысымында болады. Бүл ретте судың қайнап кетпеуін қадағалау қажет. Жылу алмастырғыштағы бастапқы су екінші контурлы радиоактивтігі жоқ суды жылытып, буға айналдырады, ол 30 -35 ат қысымды электр генераторын 5 айналдыратын турбинаға 4 келіп түседі. Пайдаланылған бу конденсаторға 6 қарай жылжиды. Конденсат сорғы 7 арқылы қайтадан жылу алмастырғышқа жіберіледі. Бірінші радиоактивті контурдың барлық агрегаттары адамдардан оқшауландырылып, дистанциялық және автоматты түрде басқарылады.
Су электр станциялары • Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы • Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
Су электр станциялары • Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т. б. бар. Су энергетикасының энергия көздері сарқылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін Өскемен су электр станциясы
Су электр станцияларының артықшылықтары мен кемшіліктері Артықшылықтары Бағасы арзан Қайта қалпына келеді Қоры үлкен Кемшіліктері Бірқалыпты емес өзеннің экожүйесін толық бұзады Болашағы үлкен емес Салынуы оңай болашақта СЭС энергетиканың 5%-ынан аспайды деп болжануда
Жылу электр орталығы • Жылу электр орталығы (ЖЭО) – тұтынушыларға бір мезгілде электр энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу (газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе ыстық су түрінде таратылады • Қазандық және турбиналық жабдықтары құрамына қарай ЖЭО-лар бу турбиналы (бу-күш қондырғылы) ЖЭО, газ турбиналы (газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО, бу-газ турбиналы (бу-газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО және атомдық ЖЭО болып ажыратылады. Балқаш жылу электр станциясы
Жылу электр орталығы • Қазақстанда бу-күш қондырғылары кең таралған. Бу турбиналы ЖЭО-лар агрегаттарының бірлік және жалпы қуаты бойынша төменгі қуатты (25 МВт-қа дейін), орташа қуатты (50 – 100 МВт), жоғары қуатты (200 МВт-тан артық), ал турбинаға келіп түсетін будың бастапқы параметрлеріне қарай төмен қысымды (4 МПа-ға дейін), орташа қысымды (13 МПа-ға дейін) және аса жоғары қысымды (25, 5 МПа-ға дейін) болып бөлінеді. Қазіргі кезеңде бу-газ турбиналы қондырғылар тиімді болып отыр. Бұларда газ турбинасында жұмыс істеп шыққан ыстық газ қайта өңдеуші арнаулы қазанға беріледі де, ондағы су бу турбинасын жұмыс істетуге жеткілікті параметрлі буға айналдырылады (қажет болса, қазанда қосымша от жағылады), әрі қарай цикл букүш қондырғыларындағыдай жүреді. ЖЭО-ларда электр және жылу энергиясын бірге өндіру жағылатын отынды тиімді пайдалануға (отынды үнемдеу 30%-ке дейін жетеді), электр станцияларының пайдалы әсер коэф-тін жоғарылатуға және электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жылу электр орталығы • 1) Көмір отын бункеріне беріледі • 2) Үнтақтағыш аппаратқа түсіп майдаланып, • 3) Майдаланған көмір (бойлер) пешке жіберіледі • 4) Қазандықта су қыздырып буға айналады да, 400— 650°С температураға және 3— 24 МПа қысымда парлы турбинаға жіберіледі • 5) Будың бір бөлігі элетр энергиясына айналады • 6) Бір бөлігі конденсаторға түседі • 7) Қалған жоғары температура мен қысымдағы су Диэратор арқылы • 8) Сорғы насос арқылы • 9) Парлы генераторға беріледі Керек буды халыққа керек мөлшерде алып қалады ЖЭО пайдалы әсері 60 -70 пайызға дейін жетеді. ЖЭО көбінесе халық тығыз орналасқан қалаларда салынады. Олар көбінесе отынды басқа жақтан тасымалдап отырады.
Жылу электр орталығы артықшылықтары мен кемшіліктері Артықшылықтары Технологиясы дамыған Жылуды да өндіреді ҚР. Басты электр Енергиясы болып табылады Кемшіліктері Экологияға зиян Қоры аз Қайта қалпына келмейтін Отын қолд. Максималды өндіру қуаты 1 млн 200 мың квт және одан жоғары ҚР сағатына шамамен 5694 МВт электр энергиясы ЖЭО өндіріледі
Қазақстандағы ЖЭО n n n Қазақстанның ірі өндіріс орындары мен елді мекендерінің көпшілігі ЖЭО жылуымен қамтамасыз етіледі. Олардың ішіндегі ірілері Алматы ЖЭО (қуаты 510 МВт) Атырау ЖЭО (215 МВт), Астана ЖЭО (240 МВт), Қарағанды ЖЭО (435 МВт), Қарағанды ЖЭО (440 МВт), Маңғыстау энергокомбинатының ЖЭО (87 МВт), Павлодар (350 МВт), ЖЭО (440 МВт) ЖЭО, Петропавл ЖЭО (380 МВт), Өскемен ЖЭО (241, 5 МВт). Қазақстандағы ЖЭО-лар сағатына шамамен 45000 т-дан көп бу өндіре алады, олардың жалпы қуаты 5694 МВт-қа жетіп отыр.
Қазақстандағы электр энергиясының мәселесін зерттеу Р/с № Атауы Нақты 2009 ж. 2010 ж. Болжам 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 1 Электр энергиясын тұтыну 77, 9 83, 7 88, 1 91, 4 90, 8 96, 84 2 Электр энергиясын өндiру 78, 4 82, 3 86, 2 90, 2 92, 5 97, 91 3 Меншiктi көздерден электр энергиясымен қамтамасыз ету, (%) 97, 7 97, 1 95, 8 97, 2 99, 1 99, 85
Шымкенттегі ЖЭО-3 АҚ “Энерго орталық 3” Шымкент қаласын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қолданылатын отын: көмір және мазут Өндіретін электр энергиясының мөлшері: 160 МВт Онда үш булы қазандық орнатылған. Температура 560°С. Қысым - 140 кгс/см 2 Жетіспейтін қуат көзін Орта Азия елдерінен алынады.
Қазақстандағы электр энергиясының мәселесін зерттеу Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27, 4 млрд. к. Вт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7, 2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 к. В электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
Қорытынды Қорыта айтатын болсақ Қазақстан Республикасында электр тапшылығы анық байқалады. Әсіресе Оңтүстік өңірлер электр энергиясын керегінше пайдаланып жатқан жоқ. Үкімет шығындалып шет елдерден, оның ішінде Өзбестаннан орта Азия елдерінен электр энергиясын сатып алуда. Сондықтан ең басты өзіміздің ЖЭО, АЭС, СЭС салу керек, және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жаңа енергия көздерін ашу керек. Бұл үшін мемлекет арнайы бағдарлама жасау керек. Оңтүстікте ең қолайлысы АЭС салу. Себебі шикізат өзімізден шығады сондықтан арзан түседі және ол жүздеген жылдары жетеді. Тағы бір бағыты энергия үнемдегіш лампалар мен техникалар қолдану керек. Ол бір жағынан экологияға да пайдалы болып келеді.
нартай энергетика 1 срс.pptx