Наз 2040.ppt
- Количество слайдов: 27
Тақырыбы: ”Цитология. Жасушалардың зақымдаушы әсерге жауабы. Жасушалардың қартаюы мен өлуі. ” Орындаған: Борибекова Н. И Тексерген: Есимова Р. Ж 2 -040 топ ЖМФ Қарағанды 2013 ж
Цитология Жасушаның ашылу тарихы Жасуша органеллалары Жасушаның зат алмасуы Жасушалардың қартаюы мен өлуі
Цитология-жасушаның құрылысын, қызметін зерттейді. Барлық тірі ағзалардың функционалды бірлігін және структурасында зерттейді. Барлық күрделі көп жасушалы ағзаларда анықталғандай өмірдің пайда болуы координированды активтілін құрайтын осы жасушаға байланысты. Цитология міндеті-анықтау, тірі жасушаның қалай орналасқанын және қалай өз міндетін қалыпты жағдайда атқаратынын.
Патоморфология-бұлда жасушаларды зерттеумен айналысады, бірақ бұл жасушаның өзгеруін, адам ауырғанда жасушалардың өзгерістерін және өлгеннен кейін. Осыған қарамастан бұрыннан жиналған аз ғана мағұлматтар дамуына және жасушаларда және өсімдіктерде орналасуына қарай тек қана 1839 жылы ғана бұл мағұлматтарды жинақтап жасуша туралы анықтама және қазіргі заманғы цитология дами бастады.
Жасуша-бұл ағзадағы ең кіші бірлік. Жасуша теориясында, барлық ағзалар бір немесе көп жасушалы болып бөлінеді 1665 ж-Р. Гук ең бірінші болып прокидің кесіндісін микроскоп арқылы көрген және «жасуша» терминін енгізген
Жасуша анықтамасының пайда болуы 1838 ж-Т. Шванн, И. Шлейден жасуша туралы білімді және бүкіл анықтамалардың барлығын жинақтап біріктіріп, өсімдіктер мен жануар ағзалары жасушадан тұратынын , құрылысы жағына ұқсас екеннін анықтаған.
Жасуша анықтамасының дамуы. 1858 ж-Р. Вирхов сенімді болды, әрбір жаңа жасуша тек қана басқа жасушаның бөлінуінен пайда болады деді.
1. Жасуша-белгілі құрылымының бірлігі және бүкіл тірі ағзалардың дамуы. 2. Барлық жасушалар бір немесе жасушалы ағзалардың ұқсастықтарынан. өмір сүру және зат алмасуы. 3. Жасуша екіге бөліну арқылы көбейеді. 4. Көпжасушалы ағзада жасушаның атқаратын қызметі. 5. Ағзалар жасушадан тұрады.
Ядро Цитоплазма Мембрана
Жасушалық мембрана үш бөліктен тұрады: сыртында гликокаликс орналасқан, одан кейін цитоплазмалық мембрана (цитолемма, плазмолемма) және мембранаасты қабаты - тірекқимыл құрылымдары. Цитоплазма да үш бөліктен тұрады: гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан. Ядро төрт компоненттен тұрады: 1) ядролық қабықшадан немесе кариолеммадан, 2) ядрошықтан, 3) хроматиннен (хромасомалардан), 4) ядролық шырыннан (кариолимфадан
Жасуша ядросының құрылысы және қызметі Жасуша ядросы оның компоненті болып табылады. Оның қызметтеріне жатады: • генетикалық мәліметтерді хромосомалардың ДНҚ молекулаларында сақтайды. • Жасушада өтетін синтетикалық және қалпына келу мен апоптоз үрдістерін қадағалау арқылы генетикалық мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету. • Жасушаның бөлінуі барысында генетикалық мәліметті қайталауды және ұрпаққа беруді қамтамасыз ету. Цитоплазманың, жасуша қабығының, циторецепторлардың құрылымдық-қызметтік жағдайын бақылау және реттеу
Мембраналы 1. Митохондрия 2. Эндоплазмалық торлар 3. Гольджи комплексі 4. Лизосомалар 5. Периоксисомалар Мембранасыз 1. Рибосомолар 2. Микротүтікшелер 3. Жасуша орталығы Арнайы 1. Кірпікшелер 2. Жіпшелер 3. Тонофибриллалар 4. Миофибриллалар 5. Нейрофибриллалар
Цитоплазма Гиалоплазманы жасуша шырыны, цитозоль немесе жасушалық матрикс деп те атайды. Ол цитоплазманың негізгі бөлігі, жасуша көлемінің 55% құрайды. Онда жасушаның негізгі зат алмасу процестері өтеді. Гиалоплазма күрделі коллоидты және электронды тығыздығы төмен гомогенді ұсақдәнді заттан тұрады. Ол судан, белоктардан, нуклеин қышқылдарынан, полисахаридтерден, липидтерден, неорганикалық заттардан тұрады. Гиалоплазма өзінің агрегаттық күйін өзгерте алады: сұйық күйден (золь) тығыз күйге – гель. Сонымен қатар, жасушаның пішіні, қозғалу қабілеті және зат алмасу процесі өзгеруі мүмкін. Гиалоплазма қызметтері: • Метаболизмдік – майлардың, белоктардың, көмірсулардың метаболизмі. Жасушаның қозғалуына, энергия мен зат алмасуына қатысу • Сұйық микроортаны құру (жасуша матриксін).
Түйіршікті ЭПТ қызметтері – экспортқа белок синтездеу. Сонымен қатар, онда полипептидтік тізбектің бастапқы посттрансляциялық өзгерістері өтеді. Түйіршіксіз ЭПТ қызметтері: • Жасуша цитоплазмасын бөліктерге бөлу – компартменттер, олардың әрқайсысында өзеріне тән биохимиялық реакциялар өтеді. • Майлар мен көмірсулардың биосинтезі. • Пероксисомалардың пайда болуы. • Стероидты гормондардың биосинтезі. • Экзо- және эндогенді улардың, гормондардың, биогендік аминдердің, дәрі-дәрмектердің залалсыздануы арнайы ферменттердің қатысуымен өтеді. • Кальций иондарын жинақтау (бұлшық ет талшықтарында, миоциттерде). • Митоздың телофаза сатысында кариолемманың қалпына келуіне қажет мембрана көзі.
Гольджи комплексінің қызметтері: 1. Белоктардың жинақталуы, пісіп жетілуі, конденсациясы (түйіршікті ЭПТ-да синтезделетін). 2. Полисахаридтердің синтезделуі және қарапайым белоктарды гликопротеиндерге айналдыру. 3. Липопротеидтердің пайда болуы. 4. Секреторлық қосындылардың түзілуі және жасушадан шығарылуы. 5. Алғашқы лизосомалардың пайда болуы. • Жасушалық мембраналардың қалыптасуы. • Акросоманың түзілуі. Митохондриялардың қызметтері: • Жасушаны АТФ-пен қамтамасыз ету. • Стероидты гормондардың синтезделуіне қатысу. • Кальциді жинақтау. • Нуклеин қышқылдарының синтезделуіне қатысу.
Лизосомалар. Жарықтық микроскопта көрінбейтін мембраналық органеллалар. 1955 ж. К. де Дюв электронды микроскоптың көмегімен ашқан. Лизосомалар мембраналық көпіршіктер тәрізді, құрамында гидролиттік ферменттері бар: қышқыл фосфатаза, липаза, протеаза, нуклеаза және т. б. , барлығы 50 ферменттен астам. Лизосомалардың 5 түрін ажыратады: • Алғашқы лизосомалар, Гольджи комплексінің транс-бетінен жаңадан бөлінген. • Екінші реттік лизосомалар, немесе фаголизосомалар. Олар фагосомамен – мембранамен қапталған, фагоцитоздалған затпен біріккен соң пайда болады. • Қалдық денешіктер – фагоцитоз аяқталмаған жағдайда пайда болады. • Аутофагосомалар – алғашқы лизосомалар ескі, зақымданған органеллалармен бірккенде пайда болады. • Мультивезикулярлық денешіктер. Құрамында бірнеше ұсақ ішкі көпіршіктері бар үлкен вакуоль. Лизосомалардың қызметі: • Жасушаішілік асқорыту. • Фагоцитозға қатысу. • Митозға қатысу – ядролық қабықшаның бұзылуына. • Жасушаішілік регенерацияға қатысу. • Аутолизға қатысу – жасуша өлген соң өзін-өзі жоюы.
Рибосомалар. Белок синтездеуге қатысады. Олар екі рибонуклеопротеидтық суббірліктерден тұрады – үлкен және кіші. Екі суббірліктер бірге орналасуы мүмкін, араларында ақпараттық РНК молекуласы орналасады. Бос рибосомалар - эндоплазмалық тормен бірікпей бос орналасады. Олар жеке немесе полисомалар түрінде болуы мүмкін. Бос емес рибосомалар - эндоплазмалық торға бекіген. Рибосомалар қызметі: • Бос рибосомалар мен полисомалар жасушаның өзіне қажет белоктарды синтездеуге қатысады. Эндоплазмалық торға бекіген рибосомаларда жасушадан «экспортқа» шығатын, яғни организмің қажетіне қолданылатын белоктар синтезделеді
Пероксисомалардың қызметтері: • Оларда Н 2 О 2 түзіледі. • Каталаза ферментінің қатысуымен Н 2 О 2 ыдырату арқылы, жасушаны өлуден сақтау. • Жасушаның метаболизіміне қатысу. • экзогенді улы заттарды ферменттерінің қатысуымен залалсыздандыру.
Кірпікшелер мен қылдар. Бұл қозғалу органеллалары. Олар кейбір жасушаларда болады – сперматозоидтарда, кеңірдек пен бронхтардың эпителиоциттерінде, ұрық шығару жолдарында және т. б. Миофибриллалар бұлшық ет жасушалары мен миосимпласттарда орналасады. Олардың құрылысы «Бұлшық ет ұлпасы» тақырыбында қарастырылады. Нейрофибриллалар нейрондарда орналасады, олар нейротубулалар мен нейрофиламенттерден тұрады. Олар тіректік және тасымалдау қызметін атқарады
Қосындылар – жасушаның тұрақсыз компоненттері (олардың құрылымы өзгеріуі мүмкін). Жасушаның өмірлік циклының белгілі кезеңдерінде ғана анықталады. Қосындылардың жіктелуі. • Трофикалық қосындылар – жинақталған қоректік заттар. Мұндай қосындыларға гликоген май қосындылары жатады. • Пигменттік қосындылар. Мысалы, оларға эритроциттердегі гемоглобин, меланоциттердегі меланин қосындылары жатады. Кейбір жасушаларда (жүйке, бауыр, кардиомиоциттерде) қартайған шақта лизосомаларда қоңыр түсті қартаю пигменті липофусцин жинақталады. • Секреторлық қосындылар–секреторлық жасушаларда анықталады және организм қызметтерінің атқарылуына қажет биологиялық белсенді заттардан тұрады (белоктар мен ферменттер, бокал тәрізді жасушалардың шырышты қосындылары және т. б). Бұл қосындылар мембранамен қапталған көпіршіктер тәрізді, олардың құрамындағы өнімнің электронды тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін және жиі ашық түсті жолақпен қоршалған.
Цитокиндер мен бактериялды өнімдері жасушаның генетикалық ақпаратына тікелей және жанама әсері медиаторлардың тізбектеле бөліну реакциясына ғана емес ұлпалық гипоксия тудырады. Жасуша анаэробтарының медиаторларының өтуі жасушалардың бағдарламаларының өнімінің процесін бастайды”апоптоз”. Жасушаның осындай ыдырау әртүрлі гендердің активатциясын тудырады. Олар жасуша энзимдерінің экспресиясына жауапты. Полимерлі каспазалар бұл ДНҚ прагментірі көрінеді және митохондриялардың қызметін бұзады және жасушаның энергетикалық кризисі пайда болады. Жасушалар өледі. Апоптоз бен некроздың айырмашылығы қабынуға қарсы медиаторлар өнімі түзіледі.
Жасушаны закымдайтын факторлардың өзі 2 -ге бөлінеді. 1. Эндогенді 2. Экзогенді Олардын өзі бөлінеді. Экзогенді. 1. Механикалық(ұрылу, қысылу) 2. Физикалық(ультра кулгін сәулелері, температура т. б. көптеген сәулелер) 3. Химиялык(қышкылдар, сілтілер, күйдіргіш заттар және т. б. заттар ) 4. Биологиялық(вирустар, антиденелер, саңырауқұлақтар, бактериялар). Эндогенді факторлар: 1. Гармондар 2. Зат алмасуының бұзылуы 3. Иммунотоксиндердін әсері
1. Гистология, Цитология и Эмбриология Мушкамбаров, Кузнецов 2. Афанасьев Гистология 1989 ж 3. С. А Ажаев Гистология-1 4. Googl-дан, Яндекстен суреттер 5. Ж. О Аяпова 2007 ж
Назар аударғандарыңызға рахмет
Наз 2040.ppt