Тақырыбы: Цемент зауыты
v Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондайақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдас тықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРҒА МЫНАЛАРДЫ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ: • 1 Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі • 2 Семей ядролық полигоны • 3 Ядролық сынақтар • 4 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері
• 5 Каспий теңізінің экологиялық проблемасы • 6 Аралдың экологиялық проблемасы • 7 Балқаш проблемасы • 8 Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
ОСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ БІЗ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АСА ІРІ ЗАУЫТТАРМЕН ЯҒНИ АЙТҚАНДА ЦЕМЕНТ ЗАУЫТТАРЫНАН ШЫҒАТЫН УЛЫ ТҮТІНМЕН ЛАСТАНУЫН АЙТАМЫЗ
v Цeмент (нем. Zement, лат. Cae mentum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгіқұрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы
v Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeмент тің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі.
v Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т. б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтікқамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т. б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т. б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.
v Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т. б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей(1958) және Өскемен (1961) цемент з-ттары іске қосылды. Цемент өндірісін дамыту және қолдану мәселелерін шешуде қазақстандық ғалымдар: • ґ. Аяпов, • Б. Пәрімбетов, • Ә. Сәдуақасов, • Ғ. Батырбаев, • М. П. Сытин, • И. Г. Лугин, т. б. көп еңбек сіңірді.
ЦЕМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНЕ: v Портландцемент[1] — құрылыс өндірісінде кеңінен пайдаланылатын гидравликалық байланыстырғыш зат; ұнтақталған клинкер мен табиғи гипстің қоспасы. Клинкер кальций силикаты (75 — 78%) жәнесаз топырақтың (22 — 25%) қоспасы өзара жабысқанға дейін күйдіру арқылы алынады. Әдетте портландцемент клинкерінің химиялық құрамы: Са. О (63 — 76%); SіO 2 (21 — 24%); Al 2 O 3 (4 — 8%); Fe 2 O 3 (2 — 4%); Mg. O (0, 5 — 5%); SO 3 (0, 3 — 1%). Гипс портландцементке оның қатаюының басталу мерзімін реттеу үшін қосылады.
v Клинкерінің минералдық құрамына, қосылатын қоспалардың түрі мен мөлшеріне және ұнтақ ұсақтылығына қарай портландцементтің тез қататын, сульфатқа төзімді, пластиналандырылған, гидрофобтық, т. б. түрлерін алады. Цементтің бұл түрі алғаш рет құрылыстаҰлыбританияның Портленд қаласында пайдаланылғандықтан “портландцемент” деп аталып кеткен. Портландцемент қазіргі кезде құрылыс өндірісінде ең көп пайдаланылатын материал болып табылады. Портландцемент қолданатын негізгі құрылыс салалары — азаматтық және өндірістік, гидротехникалық және көліктік құрылыс, жол, қоғамдық және арнайы құрылыстар. 1929 ж. негізі қаланған Орегон потрланцемент компаниясы
v Асбестцемент — суға иленген портландцемент пен асбест қоспаларынан жасалатын құрылыс материалдары. А. құрамындағы асбестің нәзік талшықтары цементпен кірігіп, берік те икемді, ыстық-суыққа төзімді әрі тығыз құрылыс материалдарына айналады. Оны кесу, тегістеу оңай. Одан табақша, тақта, құбыр пішінді құрылыс бөлшектерінің қырықтан астам түрі ғимараттардың шатырын жабуға, іргесін, қабырғаларын көмкеруге, шарбақ жасауға, құбыр желілерін тартуға, а. ш. құрылыстарын салуға қолданылады.
v Тік бұрышты, қималы А. қораптар өнеркәсіптік, тұрғын үй және азаматтық ғимараттардағы желдету жүйелерін жасауға аса тиімді. Ал төзімді А. тақталар қатты ыстық пен электр разрядтарының әсеріне ұшырайтын электр аппараттары мен машиналарының табандарын, тақталарын, бөлшектерін дайындауға өте ыңғайлы. Еліміздің Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облысытарында А. өндірісін дамытуға мүмкіндік мол. Мәселен, Қостанай облысыдағы бір ғана Жетіғара өңірінде 1995 ж. 160829 т, 1996 ж. 130484 т А. өндірілді
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТТАРЫ: Ø Семей Асбест-Цемент Бұйымдары Зауыты — құрылыс материалдары өнеркәсібі орны. 1961 ж. іске қосылған. Жобалық қуаты 198 миллион шартты тақта, нақты өндірістік қуаты 225 миллион шартты тақтаға жетеді. 1996 жылдың аяғынан ЖШС. Шифер цехында 6 түрлі ирек және жазық шифер тақтасын шығаратын желі жұмыс істейді.
Ø 2002 ж. маусымнан төбелік құмцемент тақтасы мен сыртқы өңдеу тақтасын шығаратын желі іске қосылды. Ол бір ауысымда төрт түрлі -түсті 4 мың тақта шығарады. Кәсіпорын өнімдерін республиканың, Ресейдің, Орталық Азия мемлекеттерінің құрылыс ұйымдары пайдаланады. Зауытта 300 -дей адам еңбек етеді.
v «Қарағандыцемент» , «Орталық Азия Цемент» АҚ (Ақтау кенгі). Қарағанды цемент зауытының негізінде 2000 ж. құрылған. 1980 жылдан «Қарағандыцемент» ӨБ. Құрамында Қарағанды, Жаңа Қарағанды цемент зауыттары, электр цехы, аспирациялау цехы тазарту орны, бу қазаны орнатылған жер, бу қысатын машина, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, жөндеу-құрыныс, механизация учаскелері, даяр өнімдері қоймасы және т. б. бар. Республиканың ең түңғыш Қарағанды цемент зауытының құрылысы 19461954 ж. жүргізілді. Цемент өндірісіне Қажетті шикізаттар - әктас пен саз топырақтар Астахов кен орнынан, огарқалар Ақтөбе облысының Алға, Ақмола облысының Степногорск қалаларынан, гипс Жамбыл гипс зауытынан, домна шлактары Қарағанды металлургия комбинатынан әкелінеді. Өндірісте ЭКГ-4, 6 және Ш-5145 экскаваторлары, балғалы ұнтағыш қондырғылар.
v «Хацьемиг» АРГ 6/11 уатқыш-кептіргіштер, өтпелі айырғышты желдеткіші барабан диірмендер, екі камералы барабандық цемент диірмені қолданылады. Жаңа Қарағанды цемент зауыты (1 -кезегі 1975, 2 -кезегі 1983) елімізде бірінші болып цементті құрғақ әдіспен шығаруды игерді. Технологиялық процесте ГДР-де шығарылган экскаваторлар мен штабель төсегіште пайдаланылады. 11 -бесжылдықта (1981 -85) бірлестіктің кәсіпорында 40 құрал-жабдықтар ауыстьфылды. Құрылыс жұмыстарыныңазаюына байланысты цемент зауыттары кейінгі жылдары мардымды жұмыс істемеді. «Орталық Азия Цемент» АҚ құрғақ тәсілді цемент өндірісін калпына келтіріп, жаңартуды және құргақ өндірістің бір пешін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған қуатын жылына 1500 т-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді (2006)
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ v "Стандарт Цемент" ЖШС-і цементті дайындаудың "құрғақ әдісін" Қазақстанда бірінші болып қолға алып отыр. "Зауытта орнатылған заманауи жабдықтар энергетикалық шығынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. "Стандарт Цемент" ЖШС-нің директоры Бауыржан Сейітжанов. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты - 1 миллион тонна М 400 және М 500 маркалы цемент шығару. Жұмысшылардың саны - 342 адам.
v Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт 2011 жылдың бірінші тоқсанында толық қуатына шыққан кезде, жұмысшылардың саны екі есеге артпақ. 12 млрд. теңгеге түскен нысан құрылысының 2, 5 миллиард теңгесі - кәсіпорынның өз қаржысы, қалған сома қарызға алынып отыр.
НАЗАР АУДАРҒЫНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ