
экология.pptx
- Количество слайдов: 16
Тақырыбы: Биосферадағы тірі заттың планетарлық рөлі. Тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау аумағындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық саммиттер және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстары. Экологиялық мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Орындаған: Нарбекова Л. Б. Тексерген: Умарова З. А. Топ: 22 -02 Факультет: Жалпы Медицина
Жоспар 1. Биосфера 2. Биосферадағы тірі заттың қызметі Энергетикалық қызметі Газдық қызметі Жинақтау қызметі Тотығу тотығыздану қызметі Биохимялық қызметі 3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар 4. «Тұрақты даму» концепциясы
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. [1] Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10— 15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосферадағы тірі заттардың қызметі Энергетикалық қызметі Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа организмдер пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі организмдердің қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т. б. газдар тасылмалданады.
Жинақтау қызметі Тірі организмдер коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі организмдер құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі организмдердің құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т. б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі организмдерде жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.
Тотығу-тотықсыздану қызметі Тірі организмдер топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі организмдер заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т. б. ) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ организмдер пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т. б. ) түзуге де қатысады.
Биохимиялық қызметі Тірі организмдердің биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген организмдердің) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет тері нің белсенділік таны туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. [1] Бас кеңсесі орналасуы — Нью Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ ң күні деп жарияланды. Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді. Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрақты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23 бабына сәйкес сайланады.
танда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сонд аралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган т ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөн ет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", ды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" ығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді ттерін атап өтуге болады. ан ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда ялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белг ерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңд жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды рдың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қо , сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқық келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс қимыл.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 жылы БҰҰ ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992 жылдың маусым айында Рио де Жанейро қаласында өткен БҰҰ ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет. БҰҰ ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992 1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар: бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Пайдаланған әдибиеттер 1. 1. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ. Б. Асқарова (Алматы, 2007) 2. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 10 сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. 3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
экология.pptx