бесплодный бракkk.ppt
- Количество слайдов: 19
Тақырыбы: Бедеу жұпты тексеру алгоритмі Орындаған: Қыдырбаева А. Н. Тексерген: Касимова А. К. Астана 2014 жыл
Некедегі бедеулік дегеніміз-бұл репродуктивті жастағы жұптың бір жыл ішінде тұрақты жыныстық қатынаста түсіп, жүктілікке қарсы заттарды қолданбаған кездегі жүктіліктің болмауын айтамыз. Бұл отбасыдағы ең басты маңызды проблемалардың бірі болып есептеледі. Соңғы мәліметтерге сүйенсек еркектердегі және әйелдердегі репродуктивті жүйенің бұзылыстарынан дамыды.
Бедеуліктің жіктелуі Абсолютті – организмде кері қайталанбайтын патологиялық өзгерістердің болуы Салыстырмалы – бедеуліктің себептерін жоюға болатын жағдайлар Біріншілікті – егерде жүктілік ешқашанда болмаса Екіншілікті – егерде жүктілік бұрын болып содан кейін бір жыл арасында болмаса
Этиологиясы Ø Гормональді механизмдегі өзгерістер, осылар әсерінен фоллекуланың дамуы мен овуляция бұзылыстары ; Ø Жатыр түтігіндегі әр түрлі ақаулар мен патологиялар салдарынан ұрықтың жатырға түспеу ; Ø Жүре және тума пайда болған анатомиялық дефектілер ; Ø Ерте жастағы аборт ; Ø Психосексуалдық бұзылыстар; Ø Гиперпролактинемия ; Ø Аменорея ФСГ жоғары дәрежесімен; Ø Гипофизарлы денгейдің зақымдалуы (ісік); Ø Олигоменорея; Ø эндометриоз; Ø Генезі анықталмаған бедеулік ; Ø Эндокрин бұзылыстар Ø Жарақаттар, ісіктер Ø Ятрогенді себептер және т. б
Әйел адамдардағы бедеулік Түтікті – перитонеалды түрі – 20 – 30 % кездеседі, бедеуліктің бұл түрінде жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар, операция жасалған, жабысқақтары бар, жатыр түтіктерінің өткізгіштігі бұзылған науқастар жатады Эндокринді түрі – 35 – 45 %, овуляция процессі бұзылады. Бұнда қалқанша безінің аурулары, гиперандрогения, гиперпролактинемия, гипоталамо – гипофизарлы жүйенің дисфункциясы, қант диабеті жатады Иммунологиялық – 2 – 5 %, шәуетке антиденелердің пайда болуы Әртүрлі гинекологиялық аурулар – 15 – 25%, қынап және жатыр мойнының аплазиясы, эндометриоз, синехиялар Генезі түсініксіз – 8 – 10 %
Еркектердегі бедеулік Ø Сперматозоидтардың қалыптасуындағы гормоналдық бұзылыстар ; Ø Әр түрлі қабыну ауруларынд сперматозоидтардың қозғалғыштығының төмендеуі ; Ø Аталық без су шемені ; Ø Варикоцелем Ø Иммунологиялық факторлар; Ø Идиопатиялық олигозооспермия; Ø Жыныс мүшелерінің әр түрлі механикалық жарақаттарындам ; Ø Зәр шығару жолдарының вирусты инфекциялармен қабынуы ; Ø Сонымен қатар инфекциялық процесстер әсерінен еркектердегі бедеулікті тұдырады.
• • • Бедеулі ерлі зайыптыларды тексеру алгоритмі I. Анамнез жинауда қойылатын сұрақтар: Науқастың анасының жүктілігі мен босану ағымын Жақын туыстарындағы эмбриопатиялармен даму ақаулары Балалық шақта ауырған аурулары Менархе келуінің уақыты және менструалдық қызмет сипаты Эндокриндік бездер қызметінің бұзылысын және экстрагениталды аурулардың түрлерін Анамнезіндегі жүктіліктер ағымын (аборт, босану) және асқынулар сипаты Апендоэктомияның және басқа оперативті кірісулердің болуы Гинекологиялық аурулары Контрацептивтер қолданылуын
Тексерудің I түрінде науқастың бойына, сыртқы түріне, гирсутизмнің болуына, екіншілік жыныс белгілеріне, сүт бездерінің жағдайына, жыныс мүшелердегң түктену сипатына қарау керек. Бимануалды зерттеуде қынаптың пішіні мен ұзындығына, жатыр мойнының жағдайына, жатырдың өлшеміне, консистенциясына, орналасу қалпына, қосалқылар мен параметрий жағдайына қарайды. Барлық тексерілген науқастарға кеуде жасушасының рентгеноскопиясы, қан мен зәрдің клиникалық анлизі, қынаптың тазалық дәрежесіне анализ, трихомонадалар, гонококтарды анықтау, зәрде 17 кетостероидтарды анықтау жүргізіледі. Ерлерде жыныс мүшелерді қарау, жұмыртқаларды пальпациялау, ректальды зерттеуде простатаны пальпациялау қолданылады. Бірінші сатыдағы тексеруде алынған мәлімет бойынша бедеуліктің болжамды себебін анықтап, келесі зерттеулерді сол бағытта жүргізе отырып, болжамды диагнозды нақтылайды
Тексерудің II сатысында түтіктік және ерлер бедеулігі жиі кездесетіндіктен, осы факторларды анықтауда жұмыс жүргізіледі. Еркектің спермасын микроскопиялық зерттейді. Түтіктердің өткізгіштігің білу үшін гидротубация немесе гистеросальпингография жасалынады
Тексерудің III сатысы • III сатысында овуляция, мойындық шырыш пен сперманың сәйкестігі анықталады. 2 -3 ай бойына базистік температура өлшенеді және тіркеледі, КПИ, «қарашық» белгісі зәрмен прегнандиолдың экскрециясы, қандағы прогестеронның мөлшері анықталады. Зерттеудің соңында 28 күндік менструалдық циклдің 22 -24 күндері эндометрийден биопсия алынады. Мойындық шырыш пен сперманың сәйкестігі посткоитальды тест бір мезгілде жүргізіледі. Посткоитальды тест арқылы иммунологиялық бедеулікті анықтауға болады.
Тексерудің IV сатысы • IV сатысында алдында алынған мәліметтерге байланысты арнайы зерттеулер жүзеге асырылады. Овуляция бұзылғанда зәрмен эстрогендердің, прегнандиолдың, 17 кетостероидтардың экскрециясы анықталады. Гормондар енгізуімен жүргізілетін түрлі функциональды сынамалар өткізіледі. Қанда ФСГ, пролактинді, эстрогендер мен прогестеронды анықтаудың маңызы зор. • Ерлерді тексеруде кейде жұмыртқалардың биопсиясы, базография жасалынады. Тұқымқуалаушылық фактордың орнын анықтау үшін геникологиялық, дерматоглификамен, жыныстық хроматинді және каротиптеумен жүргізілетін медикогенетикалық зерттеу жүргізіледі.
Емдеу алгоритмі Консервативті ем 1. Қабынуға қарсы 2. Гормоналды терапия 3. Иммунотерапия 4. Иммуносупресивті әдістер 5. Физиотерапиялық әдістер 6. Микроцеркуляцияны жақсартатын дәрілер 7. Пролактин ингибиторлары 8. Эстроген 9. Жолдасының немесе донордың шәуетің қолдану Хирургиялық ем – лапароскопия
Емі Экстракорпоральді ұрықтандыру(ЭКО) – ооциті ағзадан тыс ұрықтандырады , арнайы ортада оларды өсіреді де нәтіжесінде эмбриононың бөлшектене бастағаныныажатыр куысына енгізеді. 1944 ж Rock и Melkin ғалымдар алғашқы рет ЭКО-ы тәжрибие жүзінде жүргізді. Дегенмен олардың тәжрибиесі нәтіже бермеді. 1978 ж. ағылшын ғалымдары Steptol және Edwards жүргізген тәжрибиелері нәтижелі аяқталып алғаш жүктілік қалыптастырады. .
ЭКО-ға көрсеткіштер Әйелдерде : Жатыр түтігінің мүлдем болмауы немесе оның өтімсіздігі; Эндометриоз кезіндегі медикаментозды терапияның нәтижесіздігінде; Эндокриді бедеулік(гормонотерапияның нәтижесіздігінде), Этиологиясы анық емес бедеулікте; Фоллекулалардың функционалдық жеткиліксіздіктерінде(гонаданың дисгенезиясы, мезгілінен бұрын менопауза, аналық бездерінің ареактивтілігі), осы себептерге байланысты ЭКО және ПЭ да донар овациттерін пайдаланады.
ЭКО-ға қарсы көрсеткіштер Соматикалық және психикалық ауруларда кезінде түсіктерге акеледі; Тұма ақауларда: хромосомалық ақауларымен туылған сәбилер, ата – анасының біреуінің доминантты түрде тұқым қуалайтын аурудың тасымалшысы; Тұқымқұалайтын аурулар ; Жатырдың және аналық бездің гиперплазиялық жағдайы Жатырдың дамуындағы ақаулар Жатыр қуысындағы синехиялар
ЭКО келесі кезеңдерден тұрады 1. Эндокринологиялық және эхографиялық мониторинг бақылау арқылы суперовуляцияны ынталандыру 2. Преовулярлы фолликулдардың аспирациясын Эхографиялық бақылау 3. Жұмыртқа жасушасы мен эмбрионды култьтуризациялау (Культивирование яйцеклеток и эмбрионов. ) 4. жатыр қуысына эмбрионды енгізу.
Қолданылынған әдебиеттер: Гинекология: учебник / под ред. Г. М. Савельевой, В. Г. Бреусенко. – 3 -е изд. – М. , 2008. Дуда, Владимир Иванович. Гинекология: Учеб. пос. для мед. вузов/ Вл. И. Дуда, В. И. Дуда, И. В. Дуда. Минск: Интерпрессервис; Кн. Дом, 2002. Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие/ пер. с англ. Под ред. Э. К. Айламазяна. – 4 -е изд. – М. , 2009. Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В. И. Кулакова, В. Н. Прилепской. -3 -е изд. доп. -М. : МЕДпресс-информ, 2006. Поликлиническая гинекология: Клинич. лекции/ Под ред. В. Н. Прилепской. М. : МЕДпресс-информ, 2004. Славянова, Изабелла Карповна. www. medsecret. net www. med – book. info. ru
бесплодный бракkk.ppt