
G_1198_LZAT.pptx
- Количество слайдов: 13
Тақырыбы: ББҚ балаларға арналған. Орындаған: Сейдахмет. Г
Жоспары: 1. Балаларға арналған ББҚ-дың маңызы. 2. Балаларға арналған ББҚ-дың түрлері. 3. Қорытынды.
Биологиялық белсенді қоспалар(ББҚ) – дәрі-дәрмек пен тағам арасындағы шекара аралық субстанция болып келеді, яғни, ББҚ адамның тамақтану рационын биологиялық активті заттармен жоғарылату үшін азық-түлік құрамына енгізілген немесе тікелей қабылдауға арналған табиғи және табиғи тектес биологиялық активті заттардың концентраттары.
Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында қарастырылған.
Балалар тағамының өнімдері - қажетті заттар мен энергияда балалар организмінің физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері.
Бейімделіп жасалған сүт қоспалары (ана сүтін алмастырғыштар) - сәби жастағы балалардың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру балалар тағамы өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу мүмкіндігі мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуіне және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы.
Кейінгі қоспалар - өмірінің 5 айынан асқан балаларды үйлестірілген қосымша тағам өнімдерімен қосып тамақтандыруға арналған сиыр сүтінің, басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары сүтінің, соя белоктарының негізінде бейімделіп немесе ішінара бейімделіп жасалған қоспалар. Қосымша тағам өнімі - физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, жануарлар және/немесе өсімдік өнімдері негізінде жасалған, ана сүтіне, оны алмастырғышқа немесе кейінгі қоспаларға қосымша ретінде бір жас шамасындағы балалар рационына енгізілетін тамақ өнімдері.
Сәби жастағы балалардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер - химиялық құрамы баланың тиісті патологиясы кезінде метаболизмнің ерекшеліктеріне сәйкес келетін диеталық (емдік-алдын алу) тамақ өнімдері болып табылады.
Емшек сүтінде нәрестенің дұрыс өсіп жетілуіне қажеттік қоректік және биологиялық белсенді заттар бар, олар өсіп келе жатқан сәби организмінің талап-тілектерін қанағаттандыра алады. Сиыр сүтін ана сүтіне жақындату үшін оған өнеркәсіпте қоспа әзірлеген кезде кілегей, өсімдік майын, қант, қарақұмық ұнын, күріш пен сұлы ұнын, А, С, Д, В, Е, РР витаминдерін темір препараттарын қосады. Нәрестенің асқазанына барған бұл қоспа іріген кездеана сүтінің белогы ұйыған кездегідей өте майда әрі жұмсақ іріктер пайда болады. Нәрестеге беруге арналған мұндай қоспаларға «Малютка» , «Малыш» , «Нан» , «Нестле» , «Нестожен» , «Нутрилон» , «Хумана» қоспалары және т. б. жатады.
Нәрестелер үшін ана сүті таптырмайтын қоректік зат болғанымен тез өсіп келе жатқан балаға қосымша витаминдер, микроэлементтер, кейде тіпті белоктар да қажет. Витаминдер мен микроэлементтер бала организміне жеміс, көкөніс шырындарымен, пюрелермен бірге енеді. Балаға беретін шырынды ішкізер алдында ғана әзірлейді. Жас көкөніс пен жаңа піскен жемістер жоқ болған жағдайда 1 -2 айлық нәрестеге тазартылып қалбырланған шырындарды, ал 3 айлығынан бастап жемістердің еті араласқан шырындарын беруге болады. Баланың ішін өткізіп алмас үшін шырындарды нәрестеге алғаш аз-аздан ішкізіп үйрету керек, әдетте бірінші күні балаға 2 -3 тамшы шырын, екінші күні 5 -6 тамшы шырын береді, сөйтіп оның мөлшерін ептеп бірте-бірте көбейте бреді. Баланың витаминдерге деген қажетін өтеу үшін 2 -3 айлық нәрестеге күніне 30 -50 мл шырын, ал 7 -12 айлық сәбиге 60 -80 мл шырын берген жөн.
Асқабақ сығындысынан алынған ұнтақты биологиялық белсенді затқа жатқызуға болады. Асқабақ құрамында Е, С, В 1, В 2, В 5, В 6 витаминдері, сонымен қатар А витамині (каротин) көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ ағзадағы зат алмасу процестерді тездейтін өте сирек кездесетін Т-витамині бар, қан ұюына қажет К витамині, майлар, ақуыздар, көмірсулар, целлюлоза, минералды заттар, калий, кальций, темір, пектинді заттар бар. Асқабақ құрамындағы өсімдік фибрлері рак, колит, диабет ауруларының алдын алады. Құрамындағы кальций, С және В витаминдер адам денесіндегі жиналған тұзды шығарады және қан қысымын реттейді. Асқабақтың ең негізгі құндылығы – диеталық тағам мен балалар тағамының рационына қолдану болып табылады. Бұл –құрамындағы көмірсу, дәрумендер, органикалық қышқылдар, микроэлементтердің оңай сіңірілетін пішініне байланысты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М. : Фи. С, 1990. 2. www. google. kz
G_1198_LZAT.pptx