диплом слайд.pptx
- Количество слайдов: 28
Тақырыбы: Бастауыш мектепте өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты Бастауыш мектептің оқу әрекетінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың теориялық шарттарын негіздеу, тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге енгізу, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға, әдістемелік нұсқауларға талдау жасау. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру бағытында тәжірибелік эксперимент материалдарын дайындау. Педагогикалық эксперимент жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу, әдістемелік ұсыныс дайындау.
Өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуі басқа адамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеуі деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін қорғай білуге үйретеді Өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілетін, болжай, іздене білу қабілеттерін атайды
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі ісәрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады Кеңес педагогикалық энциклопедиясында: "Оқушылардың өзіндік жұмысы - олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалімнін тікелей көмегінсіз орындалатын жеке және коллективтік оқу әрекетінің жиынтығы. Бұл тапсырмаларды орындау оқушылардан белсенді ой кызметін, әртүрлі танымдық мәселелерді өздігінен шешуді, бұрынғы меңгерілген білімді қолдануды талап етеді. Педагогикалық сөздікте: "Оқушылардың өзіндік оқу жұмысы - олардың оқу үрдісіндегі мұғалімнің тапсырмасы, басшылығы бойынша, бірақ оның тікелей көмегінсіз орындалатын іс-әрекеті. Оқушылардың өзіндік жұмысын талап ететін тапсырмалар олардың ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, беріледі. Мұндай жұмыстар жүйесі негізделген сатылыкқа, ізденімпаздық деңгейінің және мазмұнының күрделене түсуіне сүйенеді".
«Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдылары өзіненөзі пайда болмайды: мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады» «Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалағанмәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешуі» - деп санайды.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері Жаңа білімді меңгеру (материалды жанжақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т. б. тәсілдерге үйрену Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т. б. жұмыстар).
Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек. Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8 -15 мин. ұзақ болмайды). Міндетті түрде тексерілуі керек. Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады: Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс. Өз бетімен жұмысқа оқушылар білімдеңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек. Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.
Біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмалар ды жаттығулар ды ешкімнің көмегінсіз орындаулары Өзіндік жұмысоқушылардың ойлау қабілетін , ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті Екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке , жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Бастауыш сыныпта оқушы дамуына кең ықпал тигізетін пәндердің бірі – математика. Математика пәнін оқытудың басты мақсаттары: ///мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеру; /// «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдетғұрып, жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; ///оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
«Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету; оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. -
жеке оқушымен Өздік жұмыс ұйымдас тыру формасы мынадай : топпен жұмыс барлық оқушымен болады. Өздік жұмыстарды ң негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттьғулар, тексеру, бақылау жұмыстары, практикалық және зертханалық жұмыстар, шьғармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыруда тәжірибелік–эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Педагогикалық эксперимент үш кезеңнен тұрады: Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысты ұйымдастыру жайы және оны жаңарту жолдары. 2 сынып математика пәні бойынша өзіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру. Эксперименттік жұмыстың нәтижелері.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру жайы және оны жаңарту жолдары барысында бастауыш сынып оқушыларының математикадан білім сапасы зерттеліп анықтау мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылды: тест сауалнама Оқушылардың өз бетінше орындаған жұмысының нәтижелерін талдау (Бақылау жұмысы)
№ 1 -әдістеме - тест Мақсаты: Мотивациялық көрсеткіштерінің қалыптасу деңгейін анықтау. Математика пәнінде орындалатын жұмысқа байланысты сұрақты қаншалықты жиі қоясың? а) түсінбеген жағдайда сұрақ қоямын ә) сұрақ қоймаймын б) әрбір нәрсені тереңірек түсіну үшін жиі сұрақ қоямын Есеп шығару барысында қате жіберген жағдайда қандай әрекет жасайсың? а) қатені жіберу себебіме талдау жасаймын ә) қатені дұрыстаймын б) қатеге талдау жасап, дұрыстаймын, тағы да осындай мысалды шығарып көріп, қате жібермейтініме көз жеткіземін.
№ 2 -әдістеме - сауалнама Мақсаты: Үй тапсырмасын орындауда өз бетінше жұмыс жасау ерекшелігін зерттеу. Сауалнама сұрақтары: Сіздің сыныптың оқушыларының үй тапсырмасына қарым-қатынасы қандай? Үй тапсырмасын орындамау жиі кездесе ме, себебі не? Тапсырманы орындауды жазбаша жұмыстан бастайсың ба, әлде ауызша тапсырмаларды бірінші кезекте орындайсың ба? Үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар жиі кездеседі. Оларды жеңу үшін кімнен көмек сұрайсың? Үй тапсырмасын орындауға жалпы қанша уақыт жұмсайсың?
№ 3 -әдістеме - өз бетінше орындауға берілген тапсырмалар Мақсаты: математика сабағында оқушылардың өткен тақырыптар бойынша өз бетімен жұмыс жасау іскерліктерін тексеру. 1. 1) 2) 3) Бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз? 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 1, 3, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 8. 1, 3, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 2. Дөңгелек ондықтарды кему ретімен жаз. 1) 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90. 2) 3) 90, 80, 70, 60, 50, 40, 20, 30, 10. 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10. 8. Абзалдың 10 асығы бар. Ермектің үш асығы кем. Екеуінің асығы қанша? 1) 17 2) 16 3) 7
№ 2 (5) 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 6 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу? Нұсқау: Жаттығуда не туралы айтылғандығын анық, тұтас елестету. Барлық велосипедтер саны төртеу екендігі анықталады. Олардың екі немесе үш доңғалақты болуының мүмкін болатын жағдайларын қарастыра отырып, осы жағдайлардың әрқайсысына қатысты барлық доңғалақтар санын табуға болады. Барлык велосипед саны Екі доңғалақты велосипед саны Үш доңғалақты велосипед саны Барлық доңғалақтар саны 4 2 4 10 4 2
31 % 37% 31 %
Ұсыныстар Өз бетінше орындауға қызықты, бейстандарт, өзгеше тапсырмаларды жиі ұсыну; Оқушының өз бетімен орындауына қиындық тудыратын тапсырмаларды орындауға көмекші нұсқаулар дайындау; Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Жалпы, өз бетінше жұмыс кез-келген нақты түрінде жатқан міндет – мәселе, оны шешпекші болып оқушының әрекет істеуі. Ал өз бетінше жұмыс орындатуға бағытталған тапсырмалар жүйесін (математика) қарап, оқушының өз бетінше жұмыс ұйымдастыруда белсенділік мүмкіндіктері бар екенін көреміз. Оқушы өз бетінше әрекет жасауы үшін мұғалім өз бетінше жұмыс жасаудың тиімді тәсілі қолданып, оны жетілдіруі керек.
диплом слайд.pptx