
16.pptx
- Количество слайдов: 18
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі гигиеналық тәрбие.
Жоспары: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде гигиеналық тәрбие берудің маңызы. Балалар мен жасөспірімдер бөлімінде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жұмысы ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе: Балалар тәуліктің белсенді уақытының көбін оқу-тәрбиелеу мекемелерінде өткізеді, сондықтан олардың жоспарлануы мен гигиеналық жағдайлары оқу — тәрбиелеу процесінің оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін, балалар мен жеткіншектердің жан- жақты дамуына және денсаулығын нығайтуына ықпал ету керек.
• Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады. • Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі.
• Оның негізгі бөлімдері: Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру; Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу; Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
• Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады. • Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады: • Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы; • Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы; • Тағам тану гигиенасы; • Қоғамдық және жеке бас гигиенасы; • Жарақаттанудың алдын алу; • Политехникалық оқытудың гигиенасы; • Жыныс тәрбиесі.
• Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді: • 7 -9 жастағы балалар (1 -3 сыныптар); • 10 -14 жастағы балалар (4 -7 сыныптар); • 15 -17 жастардағы жасөспірімдер (8 -11 сыныптар); • Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.
• Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады. • Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.
• Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс. • Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.
• Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет: • - қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т. б. ) мұқият жуу; • - денені белге дейін және аяқтарды жуу; • - тісті күту; • - шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау; • - бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру;
• Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлықгигиеналық тәртіп ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап алуы, құрал-саймандарды дұрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. Барлық жастарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
• Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Балалар мен жасөспірімдер бөлімінде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жұмысы негізгі үш бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, әдістемелік және ересек адамдарды гигиенаға оқыту. • Ұйымдастыру жұмысына төмендегі сұрақтар кіреді: • Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімі санитарлық дәрігерлерінің халықтар арасында гигиеналық оқыту мен тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін, кешенді жоспар жасауға қатысуы. 2. Бақылаудағы және МСЭҚБ қарамағындағы объектлерді гигиеналық тәрбиелеу жөнінде оперативтік, жылдық жоспарларды қарап, бекіту; • Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы жөніндегі жекелеген сұрақтарды жоғарғы ұйымдардың қарауына дайындау және тыңдау; Мұнда қызметкерлердің гигиеналық сауатының нашарлығы салдарынан болатын кемшіліктерді анықтау қажет. • Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жұмысының қойылуын және тиімділігін бақылау;
• Әдістемелік жұмыс төмендегі міндеттерді қамтиды: • Халықтың санитарлық мәдениетінің деңгейін негізгі үш көрсеткіш арқылы (ортаның санитарлық жағдайы, санитарлық салауаттылық деңгейі, халықтың гигиеналық тәртібі) зерттеу. • Ортаның санитарлық жағдайын лабораториялық бақылау көрсеткіштерінің динамикасы арқылы анықтайды. Объектлердегі санитарлық - салауаттылық деңгейін гигиеналық тәртіп сақталмауынан болатын санитарлық кемшіліктердің пайызы бойынша анықтайды. Ұйымның санитарлық деңгейін гигиеналық оқытудан өткен адамдардың арасындағы жіберілген кемшіліктердің пайызы арқылы анықтайды.
• Халықты гигиеналық сауаттандыру төменгі бөлімдерден тұрады: • - Жұмысқа түсер алдында инструктаж жүргізіліп, соңынан жұмысқа түсетін адамның санитарлық кітапшасына белгі қойылады. Одан кейінгі оқытуды балалар мекемесінің медицина қызметкерлері жалғастырады. • - Сонымен қатар, санитарлық дәрігерлер балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша білімді насихаттауға баспаға материалдар дайындауға қатысады.
• Қорыта келе, гигиеналық тәрбие берудің маңызы тіршілік жағдайының тұрғындардың денсаулығына әсерін зерделеуге ғана арналған емес, сонымен қатар оны жақсартушы және нығайтушы шараларды әзірлеуші ғылыми пән ретіндегі гигиена түсінігінің өзімен анықталады. Тап сол, гигиеналық нормативтер организмнің қоршаған ортамен ең жағымды өзара қатынасын, адамның денсаулығына және іскерлігіне қолайсыз факторлардың рұқсатталатын әсер етпеуші деңгейін қамтамасыз етуші жағдайларын сипаттайды. • Гигиеналық нормалау қоршаған ортаның факторларының организмге әсер етуіндегі физиологиялық реакцияларды зерделеуіне негізделген.
Бақылау сұрақтары • Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы қандай талаптардан тұрады? • Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие берудің негізі қандай бөлімдерден тұрады ? • Балаларды жас мөлшері бойынша топтастырыңыз. • Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына қандай тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет ? • Балалар мен жасөспірімдер бөлімінде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жұмысы қандай бөлімдерден тұрады ?
Пайдаланған әдебиеттер: Жалпы гигиена. Торғаутов Б. К. Сералиева М. Ш. Оқулық. Шымкент. 2009 ж. -426 б. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р. С. . Сералиева М. Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010 ж. -399 б. • Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под. ред. Академика АМН Сердюковской Г. Н. И проф. А. Г. Сухарева, М. Медицина, 1986 г. стр. 183 • 2. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов мед. институтов. Под ред. В. Н. Кардашенко. М. Медицина, 1983 -стр438.
16.pptx