
Алмас-аэс дурысы.ppt
- Количество слайдов: 12
Тақырыбы: Атом электр станциясы Факультет: Курс: 2 Топ: Орындаған: Мырзакерім Алмас Қабылдаған: Алматы – 2014
Жоспар: I. Кіріспе 1. Атом электр станциясы II. Негізгі бөлім 2. АЭС –ерекшеліктері 3. АЭС-ның ұстанымдық сұхбаты III. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭСларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233 U, 235 U, 238 U), плутоний (239 Pu ), торий (232 Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс. , 1 кг уран 2. 1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5 Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады.
Атом сөзi көне грек тiлiнде «бөлiнбейтiн» деген мағына бередi. Бiрақ ХХ ғасырда физика ғылымы оның құрамында ондаған жай бөлшектердiң бар екенiн дәлелдедi. Оған оң зарядты атом ядросын құрайтын бiршама ауыр протондар және электр зарядтары мүлде жоқ нейтрондар жатады. Атомдағы барлық бөлшектер iшкi аралық күш арқылы ұсталып тұрады. Соған қарамастан, кейбiр радиоактивтi заттарда, атап айтқанда уран, торий, плутонийда ядроның өздiгiнен баяу ыдырауы жүредi. Ал, оның сыртқы бөлiгiн басқа атомның бөлшектерi атқылаған кезде ыдырау процесi жылдамдайды. Ол толық ыдыраған кезде iшкi күштер босайды, мұның өзi көп мөлшерде жылу шығаруға ұласады. Осы үдерiстi арнайы реакторда жүргiзiп, тежегiш заттар мен басқа да қондырғылар арқылы бақылауға алса, одан өте көп мөлшерде электр қуатын өндiруге болады. Бұл — ядролық физика ғалымдарының өткен ғасырдың 40 -ыншы жылдары тапқан жаңалығы. Осы теорияның негiзiнде бүгiнге дейiн әлемде барлығы 275 атом электр станциясы салынған. Атап айтқанда, АҚШ-та – 83, Германияда – 25, Францияда – 23, Жапонияда – 21, Ұлыбритания мен Қытайда – 17, Ресейде – 14, Үндiстанда – 8, Испания мен Канадада – 7, Оңтүстiк Кореяда – 6, Украина, Швейцария және Швецияның әрбiрiнде – 5, Италия мен Тайваньда – 4, Бельгияда – 3, Голландия, Чехия, Пәкiстан, Финляндияда – 2 АЭС бой көтерген. Ал, Аргентина, Армения, Бразилия, Болгария, Венгрия, Иран, Литва, Мексика, Румыния, Словения, Оңтүстiк Африка және Қазақстанның әрбiрiнде осындай бiр-бiр станцияның құрылысы жүргiзiлген. Бiрақ бүгiнде оның 69 -ы жабылып, тек 206 -сы жұмыс iстеп тұр. Олар әлемде тұтынылатын электр қуатының 40 пайызға жуығын өндiредi.
АЭС-ның ерекшеліктері 1. Географиялық кез-келген жерде, соның ішінде таулы жерде салынады. 2. Сыртқы қатардағы факторлардан тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы. 3. Отынның шығыны аз мөлшерде. 4. Тынушылардың ерікті графигімен жұмыс істеуі мүмкін. 5. Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам нейтронмен жұмыс істейтін болса. 6. Атмосфераны бәсеңдеу ластайды, радиоактивтік газдары мен аэрозолы шамалы, санитарлық мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы, ЖЭС-нан көбірек болып шығуы мүмкін.
АЭС-ның ұстанымдық сұлбасы:
Әлемдегі АЭС-ның орналасқан жері
Қорытынды: Қазақстанға атом электр станциясы керек. Бұл идеядан бас тартудың қажеті жоқ. Астанада өткен энергетиктердің кеңесінде Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Үкімет қабылдаған атом энергиясын дамыту бағдарламасы қазір Президент аппаратының қарауында. Еліміз ауқымды жобаны іске асыруға кірісетін болса, қауіпсіздік мәселесіне басымдық беріледі. «Атом электр станцияларын жылдар бойы пайдаланып келген мемлекеттердің мамандары шақыртылып, бұл саладағы жобалар тыңғылықты зерттеледі» , - деді Дүйсенбай Тұрғанов. Сонымен қатар Вице-министр елімізде атом саласын реттейтін органнның да құрылуы мүмкін екендігін айтты. Қазір «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заң жобасы Мәжіліс қабырғасында талқылануда. Негізі, бұл мәселе Үкіметтің арнайы қаулысымен шешіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Google. kz
Алмас-аэс дурысы.ppt