Арнайы пед ПМКА.ppt
- Количество слайдов: 17
Тақырыбы: Арнайы білім беру жүйесі. мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көмек.
• Сабақтың мақсаты: Студенттерді арнайы білім беру жүйесіндегі оқытудың әдіс-тәсілдерімен, формаларымен, ерекшеліктерімен таныстыру. • Сабақтың міндеті: Студенттерде арнайы оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, арнайы педагог тұлғасының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың бойында сол қасиеттерді қалыптастыруына ықпал жасау. • • • Жоспары: 1. Қазіргі арнайы білім беру жүйесі 2. Мектеп жасына дейінгі МШБ арнайы көмек 4. Арнайы ұйымдар, арнайы балабақшалар, арнайы мектептер 5. МШБ әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету. 6. Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттар.
Арнайы білім беру ұйымы – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондайақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді.
өмен ілігі т мкінш налған у мү ға ар Дам алар ң түрібал екті көм лық- лық логия огика сихо П едаг ық-п ция инал льта едиц онсу м к
ПМПК заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрi, консультацияның атауы жазылған мөртаңбасы және белгiленген үлгiдегi маңдайша жазуы бар.
ПМПК жұмысының негiзгi мазмұны: : 1) балада бар патологияның Медициналық диагнозын анықтау мақсатында баланы кешендiк медициналықпсихологиялық-педагогикалық тексеру; 3) Сырқатының ерекшелiктерi мен оған қатысты патологиялық өзгерiстердi айқындау; 2) айқындалған ерекшелiктерi мен ақыл-ой сөйлеу кемiстiктерiне негiзделген даму ауытқушылығының психологиялық-педагогикалық диагнозын қою; 4) білімдерiнiң, дағдыларының жасына оқу сатысына сәйкестiгiн анықтау, оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау; 5) баланың даму проблемалары бойынша ата-аналарға кеңес беру болып табылады.
Дамуында және оқуында мүмкiншiлiктерi шектеулi балалармен жұмыс үшiн ПМПК-ның мамандары базалық лауазымдық айлықақыдан 30% мөлшерiнде қосымша ақы алады. Балаларды мұқият зерттеу және соңғы диагнозын қою үшiн ПМПК-да түзеудиагностикалық сыныптары (топтары) ашылады. ПМПК-ның барлық мамандары үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгiленедi. Меңгерушілер мен медициналық статистиктер үшiн аптасына - 30 сағат. ПМПК 150 шаршы метрден кем болмайтын жеке үй-жайда ашылуы керек, тексерудiң барлық түрлерiн өткiзу үшiн медициналық құрал-жабдықтар, әдiстемелiк және диагностикалық материалдар, тиiстi жиһаз, кiлемдер, компьютерлiк техника, автокөлiк болуы керек.
Әрбiр ПМПК штаттарына мiндеттi түрде мынадай мамандар кiредi: : дәрiгер-психиатр, дәрiгер-невропатолог, педагог-психолог, мұғалiм-логопед, , әлеуметтiк педагог Дефектологтар (олигофренопедагог, cypдопедагог, тифлопедагог), медициналық статист, дәрiгер-сурдолог, дәрiгер-офтальмолог, бухгалтер, санитарка.
ПМПК өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. Туғаннан 18 -гe дейiнгi балалар мен жасөспірiмдердiң даму ерекшелiктерiн анықтау, диагнозын белгiлеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудiң лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналықпедагогикалық тексеру;
Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.
«Step by step» бағдарламасының негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған: 1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады. 2. Әр бала білім алуға құқылы. 3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар. 4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады.
Арнайы балабақша және балалар үйіне, қосымша-мектеп интернаттарға 4 тен 8 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Білім беру жүйеде арнайы психоневрологиялық санаторийлер бар. Бөбектер тобына екі жастан қабылданады.
«Алтынай» арнайы балабақшасы Мысалға келтіретін болсақ, биыл қала әкімдігінің қаулысымен № 13 «Алтынай» балабақшасы арнайы балабақша мәртебесіне ие болды. Жаңа оқу жылында аталмыш білім беру мекемесінде он екі арнайы топ ашылды. Оның үшеуі балаларға мемлекеттік тілде білім берсе, тоғызы орыс тілінде оқытады. 2014 -2015 оқу жылында балабақшада жалпы білім беретін 2 ересектер тобы, 2 даярлық тобы және арнайы топтар жұмыс істеген. «Алтынай» балабақшасы бұған дейін арнайы үш бағытта: тілінің дамуы тежелген, психикалық дамуы тежелген және зияты бұзылған балалармен жұмыс істеп келсе, жаңа оқу жылында ерте аутизмге ұшыраған балаларға арналған тағы бір топ ашылды.
Арнайы балабақшаларда білім берудің типтік ережелеріне сәйкес мұнда зияты бұзылған балаларға арналған екі топта 16 бала, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бес топта 60 бала, тіл дамуы тежелген балаларға арналған төрт топта 48 бала, эмоционалдық-еріктік аясы және тәртібі бұзылған балаларға арналған бір топта 6 бала, барлығы 130 бала тәрбиеленуде. Биыл жаңа мәртебеге ие болған «Алтынай» балабақшасында сенсорлық кабинет, төрт логопед кабинеті, физиотерапия және емдік дене шынықтыру кабинеттері ашылып, пандус орнатылды. Бүгінде мамандармен толық қамтылған арнайы балабақшада емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, жүзу жөніндегі нұсқаушы, 3 музыкалық жетекші, 2 психолог маман, 11 логопед маман, 8 дефектолог маман жұмыс істейді.
Сонымен қатар, дамуында ауытқушылықтары бар балалар үшін режим сақтау негізгі шарт болып табылады. Әдетте олардың жұмысқа қабілеті төмен болады, сондықтан олар ұйқының жеткілікті ұзақтығын қажетсінеді. Бала 1 жастан 3 -4 жасқа дейін тәулігіне 14 -15 сағат ұйықтауға тиіс. Дәрігердің кеңесі бойынша ұйқының ұзақтығын созуға болады.
• Назарларыңызға рахмет!!!
Арнайы пед ПМКА.ppt