конф 2014.ppt
- Количество слайдов: 17
Тақырыбы: Ағзалардың жеке дамуы
Слайдта қандай процесс бейнеленген?
ҰРЫҚТАНУ зигота
ОНТОГЕНЕЗ-ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі. Ол екіге бөлінеді: Эмбриогенез (ұрықтың дамуы) және Постэмбриогенез (ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, тіршілігін тоқтатқанға дейінгі уақытты қамтиды)
l Эмбриондық даму- зиготаның бірінші бөлінуінен бастап, нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестерді қамтитын онтогенездің бастапқы кезеңі. l Анасының құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280 тәулік бойы өтеді. l Жатырдағы туылмаған нәресте дамудың алғашқы сегіз аптасының бойында эмбрион деп аталады. Ал қалған уақытты оны нәресте деп атайды
l Ұрықтың даму сатылары: l 1. Бластула – бөлшектену нәтижесінде көпжасушалы ұрықтың түзілуі. Шар тәрізді, бір қабатты іші қуыс ұрық. l 2. Гаструла – ұрық дамуының екінші сатысы, бластула қабырғасының ойыстанып, нәтижесінде қос қабатты ұрық пайда болады. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Сыртқы эктодерма, ішкі энтодерма қалыптасады. Содан соң үшінші – мезодерма қабаты пайда болады. l 3. Ұрықтың гаструладан кейінгі сатысы нейрула деп аталады. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми мен жұлын дамиды. l
1. Бластула – бөлшектену зигота Ұрықтанудан кейін 1 тәулік Ұрықтанудан кейін 2 тәулік Ұрықтанудан кейін 3 тәулік Бластула «тутовая ягода»
2. Гаструла – ұрық дамуының екінші сатысы 5 -10 тәулік дамудың
3. Ұрықтың нейрула сатысы 3 айлық адам ұрығы
Биогенетикалық заң (Мюллер. Геккель)
Иттің баласының дамуы Дельфиннің баласының даму процесі Тауық балапанының жұмыртқада дамуы
l 40 апта. Нәресте жетіліп, жатырдан тыс өмір сүруге дайын. Оның терісін майлы зат қаптайды, ол нәрестенің туылу жолдарынан өтуін жеңілдетеді.
Постэмбриондық даму кезеңі l 1)Шала түрленіп даму: ағзаның бірден ересек түріне ұқсап тууы жұмыртқа дернәсіл имаго
2) Толық түрленіп даму –дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыздарға (қоңыздар, көбелектер) ал омыртқалылардан қосмекенділерге тән. жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго
Сәйкестік тест 1. Ұрықтың дамуы 1. Бластула 2. Ұрықтанудан кейін зигота дамуының алғашқы сатысы 2. Эмбриогенез 3. Ұрық дамуының екінші сатысы 3. Нейрула 4. Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы 4. Гаструла 5. Гаструладағы жасушаның сыртқы қабаты 5. Онтогенез 6. Гаструладағы жасушаның ішкі қабаты 6. Мезодерма 7. Гаструладағы жасушаның аралық немесе ортаңғы ұрық жапырақшасы 7. Эктодерма 8. Ұрық дамуының үшінші сатысы бұнда жүйке түтігі қалыптасады 8. Энтодерма 9. Омыртқасыз жәндіктер қалай дамиды 9. Түрленіп (метаморфоз)
Өзіңді бағала. Рефлексия “Мен қалай жұмыс жасадым? ” • Мені сабақта қамтылған мәселелер қызықтырды, ойландырады, толғандырды. • Тақырып бойынша алған білім тереңдей түсті • Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердім • Мен алдын ала берілген тапсырма бойынша материал жинақтадым, әрі іздендім. • Өз ойымды еркін жеткіздім. • Басқаны тыңдай білуге, басқаның өмірінен үлгі алуды ұқтым.
конф 2014.ppt