18.pptx
- Количество слайдов: 15
Тақырыбы: Қала мен ауылдағы балалар мен жасөспірімдер контингенттеріне емдікалдын алу шараларын жүргізу
Жоспары: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Балалар мен жасөспірімдерге амбулаториялықемханалық қызмет көрсету Қалалық балалар емханасының балаларға көрсететін қызметі Аудандық балалар емханасының қызметі ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе: Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде) жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.
• Қалалық балалар емханасы (бөлімі) – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеусалауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.
• Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады. • Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында (бөлімінде) педиатрлар бөлімі (кабинеттері), ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т. б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.
• Педиатриялық бөлімдер жаңа туған сәбиден 17 жасқа дейінгі балаларға жедел және созылмалы ауруларға қарсы амбулаториялық және үйге барып көмек көрсету, диспансерлік бақылау, жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерге профилактикалық шаралар жүргізу қызметін атқарады. • Репродуктивтік денсаулық жөніндегі мамандардың (балалар гинекологы, андрология …) қатысуымен арнаулы көмектер көрсетіледі.
• Оқу-ағарту орындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді. • Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.
• Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.
• Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі. • Жоғары тыныс жолдарының жедел салқын тиген ауруларымен жиі ауыратын балаларға арнаулы, жеке тәртіп жасалып, витаминдерге (А, В, С) фитонциттерге (сарымсақ, пияз) бай тағамдармен қанықтырылыған рационалды тамақтану, арнаулы бағдарламадағы денешынықтыру тәрбиесі, қажетті шынығу процедуралары, симтоматикалық емдік дәрілер, кариес тістердің санациясы, УФ т. с. с тағайындалады.
• Табиғи физикалық факторлардан ең қолайлысы климатотерапия (аэротерапия, гелиотерапия, серуендер) болып табылады. Арнаулы зерттеулер арқылы минералды сулармен емдеудің диуретикалық тиімділігінің жоғары екендігі, жақсы иммунологиялық өзгеріс беретіндігі анықталған. Экологиялық Қолайсыз жерлерден келген балаларға минералды ванналар жақсы көмектеседі.
Балалар емханасының көрсететін қызметі. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек перзентханадан шыққан күннен бастап 14 жасты қоса алғанда (14 жас, 11 ай, 29 күнге дейін аудандық балалар емханасында, жүзеге асырылады. 3. Амбулаториялық-емханалық көмек учаскелік қағидат бойынша ұйымдастырылады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы учаскелік педиатрдың лауазымы қалалық жерлердегі сияқты, ауылдық орындарда да 800 балаға дейінгі жүктемемен жүргізіледі. Балаларға амбулаториялықемханалық көмек көрсететін ұйымдарда учаскелік педиатр емханада бір сағаттың ішінде 4 баланы, үйінде 2 баланы қабылдайды.
• Аудандық, орталық ауруханалардың, балалар емханасының міндеттеріне: 1) балаларды жасына сәйкес психофизикалық дамыту үшін тиісті күтім, режим, тамақтану, шынықтыру және тәрбиелеумен қамтамасыз етуде алдын алу жұмыстарын жүргізу; 2) балаларды ауруханадан тыс педиатриялық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық (орталық) аурухананың жалпы емханасында мамандармен бірлесе отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыру; 3) аурулардың жаппай алдын алуды жүзеге асыру; 4) балаларға санитарлық-гигиеналық дағдыларды және олардың ата-аналарына білімді дағдыландыру кіреді.
• Аудандағы балаларды дәрігерлік бақылау үшін фельдшерлікакушерлік пункттердің қызметін белгілеген күні медициналық учаскеге бекітіліп берілген педиатрлардың жүйелі түрде шығулары ұйымдастырылады. ФАП-қа (ФП) шығар кезде дәрігер: 1) белгіленген мерзімдерде ерте жастағы дені сау балаларды алдын алу қабылдауын және денсаулығы бойынша диспансерлік бақылауда тұрған балаларға тексеру жүргізеді; 2) жаңа туған нәрестелерді және аурудың жоғары қаупі бар балаларды іріктеп үйде қарайды; 3) балалардың дамуын, емшекпен дұрыс қоректендіруді және тамақтандыруды, дене тәрбиесін, алдын алу егулерін уақытында жүргізуді бақылайды; 4) медициналық пунктке келген күні емдеуші медбикесімен (акушеркамен, фельдшермен) бірлесе отырып, науқас балаларға шақыруларға қызмет етеді; 5) мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға тереңдетілген тексерулер жүргізеді;
Бақылау сұрақтары • Балалар мен жасөспірімдерге емдік профилактикалық шаралар қалай жүргізіледі? • Қалалық балалар емханасында қандай бөлімдер қызмет жасайды ? • Аудандық балалар емханасында емдік профилактикалық шаралар қалай жүргізіледі ? • Аудандық, орталық ауруханалардың, балалар емханасының міндеттеріне не жатады ?
Пайдаланған әдебиеттер: Жалпы гигиена. Торғаутов Б. К. Сералиева М. Ш. Оқулық. Шымкент. 2009 ж. -426 б. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р. С. . Сералиева М. Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010 ж. -399 б. • Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под. ред. Академика АМН Сердюковской Г. Н. И проф. А. Г. Сухарева, М. Медицина, 1986 г. стр. 183 • 2. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов мед. институтов. Под ред. В. Н. Кардашенко. М. Медицина, 1983 -стр438.
18.pptx