Лекция 18.pptx
- Количество слайдов: 11
Тақырыбы: Құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
Құрылыс материалдары технологиялық белгілері бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді: табиғи тасты материалдар (плиталар, тастар), борпылдақ материалдар (қиыршық тас, ұсақ тас, құм), неорганикалық бырыстыратын материалдар, бетондар, темірбетондар, керамикалық материалдар, жылу шығармайтын және акустикалық материалдар, пластикалық материалдардан жасалған құрылыс материалдары, жабынды материалдар, металлды материалдар, ағаш материалдары, лакты материалдар
Цемент – гидравликалық бырысқақ минералды материал, сумен қосылған кезде қатты денеге айналады. Цементтің түрлері қосылатын шикізаттың химиялық құрамына байланысты: портландцемент, пуцолландық, шлакты, глиноземді және т. б. Цементтің қажетті түрі мен құрамын қамтамасыз ету мақсатында шикізатқа қосатын қоспалар кремнийдің асқын тотығының өндірістік шаңның құрамында арта түсуіне алып келеді. Кремнийдің асқын тотығу цемент өндірісі жұмысшыларының арасында пневмокониоздың туындауына себеп болатындығы белгілі
Цемент даярлауға шикізат ретінде әдепкіде әк және топырақ қолданылады. Шикізаттарды белгілі бір кен орындарынан алады. Шикізатты арнайы майдалағыш қондырғыларда бөлшектейді де ұнтақтағыш машиналарға жеткізеді. Бұл жерде ұнтақтау барысында оған су қосылады. Алынған шлам күйдірілу барысында буландыру, кальцинациялау және жабу кезеңдерінен өтеді. Сол кезеңдерден кейін шикізаттан қатты түйіндер алынады. Оларды цемент клинкерлері деп атайды. Портландцемент алу үшін клинкерлердің құрамының 1015% құммен немесе трепелмен толтырылады. Ал шлакпортландцемент алу үшін цемент клинкеріне 30%-ке дейін домнадан бөлінетін шлак қосылады.
Өндірістік шаңның көлемін азайту мақсатында цемент зауыттарында көптеген санитарлықтехникалық шараларды қолға алуда. Олардың ішінде, айналмалы ошақтардан бөлінетін газдарды тазалау үшін тұндыру камераларын қолдану, шаңды көп бөлетін қондырғылардың герметикасын күшейту, материалдарды тасымалдау үшін пневмотранспорттар қолдану, ұнтақтағыш және кептіргіш қондырғылардың аспирациялық ауасын тазартуға электрофильтрлер және циклондар қолдану.
Бетон бұл жасанды тас тәрізді материал, бырысқақ материал (цемент) мен инертті қоспалар (құм, ұсақ тас, гравий) қатыру арқылы алынады. Қосылған материалдардың түріне байланысты бетондар цементті, силикатты, гипсті, полимербетонды болып бөлінеді. Құрылыста ең көп кездесетін цементті бетондар әртүрлі цементтерден дайындалады. Бетонды дайындау бетон заводтарында, бетон шығаратын цехтарда материалдарға су қосу арқылы алады. Бетонның негізгі бөлігі темірбетон жасауға кетеді. Темірбетон құрыш арматура қосылған бетон. Темірбетон алу өндірісінің технологиясы бетонды қоспаны алу, арматураны дайындау, өнімді қалыптастыру, өнімді өңдеуден тұрады.
Еңбек жағдайы. Темірбетон өндірісіндегі негізгі зиянды факторлар: шу, діріл, жағымсыз микроклимат, жұмыс зонасы ауасының шаңмен, зиянды заттар қоспасымен ластануы. Арматура цехында шаң темірді механикалық тазалау, сваркілеу кезінде пайда болады. Зиянды химиялық заттар бетонға қоспа ретінде синтетикалық шайырларды қолданған кезде пайда болады. Қолмен жасалатын операциялар кезінде зиянды заттар және шаңмен терінің жанасуы байқалады. Цехтардағы микроклимат ауа райына байланысты. Шу және діріл цехтарда бірқалыпты, тұрақты болып келеді. Бетон және темірбетон заводтарында жұмыс істейтін жұмысшыларда әр түрлі кәсіптік аурулар кездеседі: кәсіптік дерматоздар, пневмокониоздар, діріл ауруы, құлақ нервінің невриті
Асбестцемент-цемент, асбест және су біркелкі массасынан қатып пайда болатын жасанды материал. Асбесттен қабырғалық және төбе жабатын (шифер) өнімдер, трубалар, қораптар және электризоляциялық тақтайлар жасайды. Асбестцемент өнімдері өндірісіндегі шикізат материалдарына асбест, цемент, су, бояғыштар жатады. Асбест майда талшықтарға бөлінетін талшықты құрамды минерал болып табылады. Бояғыш заттар ретінде охра, хром оксиді, ультрамарин және т. б. қолданылады.
Еңбек жағдайы. Асбестцемент өндірісіндегі негізгі жағымсыз факторлар ауаның жоғары мөлшерде шаңдануы, құрамында 6 валентті хром, сілтілері бар материалдармен сұйықтықтармен жанасу, жағымсыз метеорологиялық жағдайлар, интенсивті шу, майлы аэрозольдармен ауаның ластануы болып табылады. Жұмысшылар асбест пен цемент шаңдарының әсеріне асбестті голлендерлерге тиеу кезінде және станоктарда құрғақ өнімдерді қайраған кезде ұшырайды. Өндірістің негізі цехтарында жоғарғы температура мен салыстырмалы ылғалдылық сияқты жағымсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін. Турбоформалық машиналарда жұмыс істеген кезде д. БА дейінгі шу пайда болады. Құрамында асбесті бар шаңдарды жұтқан кезде жұмысшыларда тыныс алу жолдарының аурулары: созылмалы бронхиттер, асбестоз, плевриттер дамуы мүмкін. Асбестттің онко қауіптілігі де бар
Құрылыс керамикасы - саз балшық пен минералды қоспаларды күйдіргенде алынатын қатты өнім. Керамика өнімдері өндірісінде шикізат ретінде саз балшық және кварц, шпат, пегматит, шамот сияқты қоспалар қолданылады. Кірпіш және басқа да керамикалық өнімдер дайындау әдістері әртүрлі және өте көп, бірақ барлық жағдайда жалпы негізгі процесстер: шикізатты табу, шикізат қоспасын өңдеу, формалау, престеу, құрғату және күйдіру
Өндірістегі жұмыс орнының ауасына қойылатын талаптарды қамтамасыз ететін шаралар: - Технологиялық және транспорттық қондырғыларды максимальды герметизациялау, шаң шығаратын жерлерде арнайы жабулар жасау - Пневматикалық және басқа да жабық транспорттың түрлерін (шнектер, виброконвейерлер) қолдану - Материалдарды ылғалдау, сумен немесе арнайы гигроскопиялық заттармен (калий хлориді) және жабыстыратын қоспалармен (сульфат спиртті барда) - Ауаны тазарту үшін аспирациялар қолдану - Жұмыс орындарын шаңдатпай тазалау - Жалпы алмасатын желдету қондырғыларын қолдану
Лекция 18.pptx