1609_______.pptx
- Количество слайдов: 32
Тақырыбы: Бұлшық ет тіндері және оның түрлері.
Жоспар I. II. Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндері туралы жалпы түсінік Көлденең жолақты бұлшықет тіні Бірыңғай салалы бұлшықет тіні III. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Гистология пәні барлық тіннің құрылысын жеке үйренеді. Соның ішінде маңыздыларының бірі-бұлшықет тіні. Бұлшық ет тіні(textus muscularis)-құрылымы және пайда болуына байланысты әр түрлі, бірақ жиырылу қабілеті бойынша біршама ұқсас. Ол ағзаның қимыл қозғалысында, жеке ағза бөліктерінің ісәрекетінде үлкен роль атқарады.
Ағза бұлшықет тіні
Бұлшық ет ұлпасы туралы жалпы түсінік. Бұлшық ет тінінің басты морфологиялық элементі-ұзартылған пішін , анық орналасқан миофибриллдер мен миофиламенттер-арнаулы ағза бөліктеріне, жиырылу қабілеті бар, жиырылтқыш элементтерінің жанында митохондриялар орналасқан, құрамында гликоген, липидтер мен миоглобилин шоғырланған.
Арнайы жиырылтқыш органеллалары миофиламенттер немесе миофибрильдері бар. Бұлшық ет қозғыш тіндерінің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер-қозғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшықеттің ерекше қасиеті-жиырылу. Бұлшық еттің жиырылып қысқаруы мен қайта босаңсуы екі фибриллді белок қызметіне байланысты. Яғни актин және миозин белоктарының кальций ионының қатысуымен болатын құбылыс арқылы реттеледі. Митохондрия осы құбылыстарды энергиямен қамтамасыз етеді.
Бұлшық ет тінінің құрылымы
Жүйкемен қосақталған бұлшық ет тіні
Бұлшық ет классификациясы Морфофункционалдық және гистологиялық принциптерге негізделе отырып бұлшық ет тінін екі үлкен топқа жіктейді. I. Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні. II. Көлденең жолақты бұлшық ет тіні
Көлденең жолақты бұлшық ет тіні Цитоплазмасындағы миозин филаменті әрдайым полимераздалған Ол қаңқа еттері, тіл, көз, жұтқыншақ, көм ей, өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттерде орналасқан Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні Цитоплазмасындағы миозин филаменті деполимераздалған Ол теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және лимфа тамырларының, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан.
Бұлшық ет тінінің құрылымдық ерекшеліктері
Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің екі негізгі топқа жіктейді: Жүрек бұлшық ет ұлпасы Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы
Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы. Қаңқалық бұлшық ет ұлпаларының элементтері миотом жасушаларынан дамиды. Кейбірі сол орнында жетіледі, ал басқалары миотомнан көшіп мезенхимада жетіледі. Бұлардың сыртқы пішіндерінде мезенхиманың басқа жасушаларынан айырмашылығы болмағанымен, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының даму барысында бағытталған. Бұлардың жетілуі болашақтағы бұлшықеттер орында жалғасады. Жартылай бағаналы жасушалардың жетілу сатылары, миотом аймағы мезенхимада сәйкес түрде жүреді. Осыған орай жетілу сатысы екі бағытта өтеді. Бірінші бағытта-жасушалар қосылып симпласт құрылысын түзеді, мұны бұлшықеттік түтікшелер (миотубалар)деп атайды.
Бұлардан арнайы органеллалар жетіледі: миофибрильдер, алғашқы кезде бұлар плазмолемманың астында орналасады, кешіректе миотубаның көптеген мөлшерін толтырып жатады. Ядролары орталықтан шетке қарай ығысып, жетілген қалыпта екенін дәлелдейді, миосимпласт деп аталынады. Екінші бағыттағы жасушалар өз еріктері бойынша жетіліп-миосателлитоциттерге айналады. Олар миосимпласттың үстінде орналасады.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпаларының құрамындағы элементтері Ең басты элементі болып ет талшығы саналады, ол миосимпласт және миосателитоциттерден құрылған. Талшықтар сарколеммамен қоршалған. Бұл дәнекер ұлпасына жалғас ретикулярлы және жіңішке коллаген талшықтары құрамына кірген базальды мембрана мен симпласт плазмоллеммасынан пайда болған. Қалыңдығы -50 -100 мкм.
Миосимпласттар плазмолеммамен қапталған. Бұл арқылы мембраналық әсер беруші потенциал тарқалып, Т-түтікшелер мембранасында өтіледі, плазмолемманың астында ядролар орналасады, миосимпластта ядролардың сандары бірнеше он мыңдарға жетеді. Пішіндері созылыңқы болып келеді. Симпласт жасуша болып саналмайды, сондықтан “цитоплазма”термині қолданылмай “саркоплазма ” деп аталынады. Ядролардан төберекте Гольджи комплексі, түйіршіксіз эндоплазмалық тор және митохондриялар орналасқан. Түйіршікті эндоплазмалық тор нашар дамыған, себебі жетілген миосимпластта белок синтезі пластикалық қажетті қамтамасыз етеді. Арнайы органеллаларға миофибрильдер жатады. Миофибрильдер мен телофрагмалардың маңында эластикалық қасиетке ие титин және небулин белоктары анықталған. Бұларменен жиырылып, босаңқыраған кездегі салынған күштің қалдығын байланыстырады.
Миофибрильдер бір -бірінен ажыратылған түрде орналасқан, сондықтан бұлардың әрбірі ұзына бойы созылған және бір- бірімен арнайы түйіршіксіз эндоплазмалық торы ілмектерімен байланысқан түрде қоршалынған. Миофибрильдердің араларында көптеген созылыңқыраған ірі митохондриялар орналасқан. Телофрагма тұсындағы екі шетінде миосимпласттың ішіне қарай Ттүтікшелері сіңіледі. Миосателлитоциттер-қаңқалық бұлшықет ұлпасының камбиальдық элементтері.
Бұлшық ет тінінің қалыптасуы
Бұлшық ет талшықтарының түрлері. Түрлі бұлшық ет талшықтарының арнайы функционалдық жағдайларға байланысты, қызметтерді түрлі күшпен орындалуына, жылдамдыққа, ұзақ уақыт жиырылуына және әлсіреуіне байланысты құрылыстарында айырмашылық болды. Светооптикалық деңгейде ажыратылынады: қызыл бұлшық етті талшықтар (I тип), ақ бұлшық етті талшықтар (II тип), ауыспалы талшықтар. Осы типтердегі әрбірі ультраструктуралық және метаболизм еерекшеліктерімен сипатталынады. Ультраструктуралық ерекшеліктеріне саркоплазмалық тордың жетіліп дамығаны, Ттүтікшесінің осы тормен ұзақ байланысты болуы, телофрагма құрылыстарына миофирбрильдердегі актин және миозин жіпшелерінің топталуына, митохондриялардың мөлшеріне және т. б жатады. Әртүрлі бұлшық етті талшықтарда миоглобин, гликоген және липид қосындыларының құрамдары түрлі. Бұлардағы ферменттердің белсенділену қабылеттері де бірдей емес. Бұларды түрлі бұлшық етті талшықтардан гистохимиялық әдістер арқылы анықтаған.
Бұлшық ет орган ретінде Бұлшық ет талшықтарының арасында жұқа болбыр талшықты дәнекер ұлпасы орналасқан, оны- эндомин деп атайды. Оның ретикулярлы және коллаген талшықтары сарколемманың талшықтарымен аралысып өрілім құрайды. Бұл байланыс талшықтарды біріктіріп, жиырылуды күшейтеді. Әрбір бұлшық ет талшығының соңғы ұшына коллаген және ретикулярлы талшықтар еніп тұруына плазмолеммасы жіңішке шұңқырлау келген ойыстар құрады. Ретикулярлы талшықтар базальды мембранаға еніп ілмек құрайды, сосын саркомердің актин жіпшелері плазмолемманың ішкі бетіне жабысқан жерінің тұсына молекула аралық байланыстар арқылы бекітіледі. Базальды мембранадан шығып ретикулярлы талшықтар коллаген талшықтарымен өріліп арласады, ал коллаген талшықтары сіңірге жалғасып кетеді. Түрлі бұлшық ет талшықтары арнайы шоғырларға топталады, бұлардың араларында қалыңдау келген болбыр талшықты дәнекер ұлпалы қабық орналасқан, бұныперимизий деп атайды. Бұның құрамында эластин талшықтары да болады. Бұлшық етті сыртынан толық қаптан тұратын дәнекер ұлпасын- эпимизий деп атайды.
ВАСКУЛЯРИЗАЦИЯ. Бұлшық етіне кіруші артериялар перимизийде тармақталады. Бұлардың қасында өте көп мөлшерде орналасқан ұлпалық базофильдер, қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін реттейді. Капиллярлар эндомизийде орналасады. Олар көбінше бірімен анастомоз құрып бұлшық ет талшықтарының қасынан өтеді, перимизийде венулалар мен веналар, артериолалар мен артериялардың қасында жатады. Бұл жерден лимфа тамырлары да өтеді. ИННЕРВАЦИЯ. Бұлшық еттің нервтері эфференттік (қозғаушы) және аференттік (сезуші) талшықтардан тұрады.
Жүрек бұлшық еті ЖИЫРЫЛУДЫҢ ГИСТОФИЗИОЛОГИЯСЫ Кардиомиоциттер жиырылмаған кезінде түйіршіксіз эндоплазмалық тор каналшаларында кальций иондары жинақталады. Қозғаушы потенциалдың әсері, цитолемма мен Ттүтікшелерге тарқалып калций иондары шығартады және миофибрильдерге келіп жиылдыртады, олар реттеуші белоктар тропонин және тропомиозин мен әрекеттеседі, сосын актин және миозин миофиламенттері бір-бірімен арнайы тізбектері арқылы байланысып қарама –қарсы жылжиды. Нәтижеде жіпшелерінің ұштары М-сызығына жақындап, Н-жолағы жіңішкереді, сондай түрде J-жолағы да жіңішкереді, бұл миозин жіплелерінің соңғы ұштарының телофрагмаға жақындауына байланысты.
ӨТКІЗУШІ КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда өткізуші кардиомиоциттер ірілеу (ұзындығы -100 мкм жуық, ал қалындығы -50 мкм-дей) болып келеді. Цитоплазмасында арнайы қызмет атқаратын органеллаларды барлығы барғ митохондриялар майда және біркелкі тарқалған. Миофибрильдер жасушаның шеткі аймағында аз мөлшерде орналасқан. Цитолеммасы Т-жүйесін құрайды. Өткізуші кардиомиоциттер соңғы ұштарымен қатар бүйір беттерімен де байланысып талшықтарды түзеді. Жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда, өткізуші кардиоциттердің арасында қондырма дискілері қарапайым түрде орналасқан.
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚ ЕТ ҰЛПАСЫНЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛУІ (РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ) Жетілгіш дамыған жүрек бұлшық етінде бағаналы және жартылай бағаналы бастама беруші жасушалары кездеспейді. Мысалы: жарақаттың нәтижесінде немесе қан тамырлары арқылы қоректік заттар мен оттегі түспесе кардиомиоуиттер өледі(инфаркт).
МЕЗЕНХИМАДАН ДАМИТЫН БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ ЕТ ҰЛПАЛАР Гистогенез. Осы ұлпаның бағаналы жасушалары мен бастама беруші жасушалар эмбрионалдық даму сатыларында толық бөлінбеген. Осыған орай дәнекер ұлпаларындағы фибробласттардың бастамаларына туыс болып келеді және мезенхима кіреді. Бұлар фибробласттар сияқты гликозаминогликандар мен коллаген молекулаларын синтездейді. Миоциттердің синтенздеу қабілеттері төмен, бірақ толық жойылмайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет тінінің мүшелерде кездесуі
ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бірыңғай салалы ет ұлпасының жасушаларын миоцит деп атады. Миоциттер ұршық пішінді, ұзындығы 20 -500 мкм, қалындығы 5 -8 мкм. Таяқша пішінді ядросы, орталық бөлігінде орналасады. Миоцит жиырылған кезде ядросы майысып, оралып кетеді. Синтездеу қабілетінің төмен болуына байланысты Гольджи комплексі мен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар дамыған, ал митохондрияларға өте бай. Рибосомалары көбінеше еркін орналасады. Цитолеммасы көптеген ойыстарды циноцитозды көпіршіктер мен кавеолалаларды құрайды, бұлар арқылы цитоплазмаға кальций иондары жеткізіледі. Цитоплазмада актин миофиламенттері ұзына бойы немесе бұрыш құран орналасады.
Қолданылған әдебиеттер: Гистология, цитология и эмбриология. Ю. И. Афанасьева, С. Л. Кузнецова, Н. А Юриной; стр 261 -276 Адам физиологиясы, Сәтпаева Х. Қ, Өтепбергенова А. А, Нілдібаева Ж. Б; стр 72 -82 Адам анатомиясы. Р. Д Синельников 1 -том
Назарларыңызға рахмет!
1609_______.pptx