СРс ОЗ.pptx
- Количество слайдов: 13
Тақырыбы: Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы ДЕНСАУЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ӨМІР САПАСЫ Орындаған: Бегалы Б Қабылдаған: Абиырова Н Топ: ЖМ 13 -022 -02қ
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Өмір салты, Категориясы. 2. Стратегиялық міндеттер. 4. Өмiр сапасы ұлттық стандарттарының басты құрылымдық компоненттерi. 5. Өмір сапасын зерттеу концепциясы 9. Қазақстандықтардың өмір сапасы. ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе Соңғы жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде өмір сапасы деген түсінік еніп келеді, алайда ол терминнің нақты анықтамасы әлі күнге дейін табылмаған. Адамзат қоғамының дамуына байланысты бұл түсінікке деген козқарас та өзгеруі мүмкін. Әрбір келесі ұрпақ өмірге деген талаптарын ұсына отырып, оның сапалығы мен дұрыстығын айтады. БДСҰның (1999) ұсынысы бойынша өмір сапасын және адам мен қоғамның тиімді жағдайы мен олардың мұқтаждықтарының қанағаттандырылуы (физикалық, әлеуметтік, эмоционалды т. б) және жақсы мүмкіндіктеріне жету дәрежесін анықтау көрсетілімі деп қараған
Өмір салты- тарихы нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, адамның күнделікті өмір сүруінің ерекшеліктері. Өмір салтының 4 категориясы: Өмір деңгейі Өмір сапасы Өмір стилі Өмір тәртібі
Өмір деңгейі Адамдардың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын сандық экономикалық категория. Өмір сапасы Адамдардың материалдық және мәдени жағдайларының өмір ұстамдарын сапалық сипаттайтын көрсеткіш. (еңбектің, тамақтың, денсаулық сапасы, медициналық көмек деңгейлерінің қанағаттануы және т. б. )
Өмір стилі Жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез - құлық типін сипаттайтын ерекшелік, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік - психикалық категория Өмір тәртібі Қоғамдық саяси формацияны өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік экономикалық категория.
Стратегиялық міндеттер: Ø тууды көбейту мақсатында 1990 -жылдардың бас кезiндегi халықтың өсiп-өнуге бейiмдiлiгiн қалпына келтiру және сақтау (тууды ынталандыру); Ø халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту және қорғау; Ø өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету; Ø эмиграциялық процестердi тежеу және иммиграцияны жандандыру; Ø қоғамдық санада елдегi барлық саяси және әлеуметтiкэкономикалық процестердiң толық құқықты және белсендi қатысушысы ретiндегi осы заманғы әйелдiң өркениеттi бейнесiн қалыптастыру.
Денсаулыққа байланысты өмір сапасы негізгі үш құрамдас бөлікке сүйенеді: - өмір шарттарына, яғни объективті, адамның өзіне, оның өмір тұстарына (табиғи, әлеуметтік орта және басқалары) тәуелді емес; - өмір салтына, яғни субъективті, индивидуумның өзі жасайтын тұстарына (қоғамдық, физикалық, интеллектуалдық белсенділік, бос уақыт, руханилық және басқалары); - өмір шарттары мен салтына қанағаттану.
Медицинадағы қазіргі таңдағы өмір сапасын зерттеу концепциясына 3 негізгі белгі тән: Ø Көп жақтылық. Өмір сапасы өзіне адам өмірімен байланысты барлық негізгі сфераларды қамтиды. Денсаулықпен байланысты өмір сапасы ассоцирленген және ассоцирленбеген ауруларды бағалап, науқасқа ауру және емнің әсерін анықтауға көмектеседі Ø Уақытқа байланысты өзгергіштік. Науқас жағдайына байланысты өмір сапасының уақыт өте өзгеруі. Бұндай мәліметтер науқас жағдайының мониторингі және коррекциялық терапия жүргізу қажеттілігін береді Ø Науқастың өзінің жағдайын бағалауға қатысуы. Бұл өте маңызды, науқастың өзі жайында жасаған өмір сапасын бағалауы өте құнды және маңызды көрсеткіш болып табылады
Құратындар Критерийлер • Физикалық • Психологиялық • Өз-өзін ұстау алудың дәрежесі • Қоғамдық өмір • Қоршаған орта • Жан дүниесі Күш, энергия, шаршағыштық, ауырсыну, дискомфорт, ұйқы, демалыс; Оң эмоциялар, ойлау, оқу, түсіну, қарау концентрациясы, өзін-өзі бағалау, сыртқы түрі, жағымсыз қобалжу; Күнделікті белсенділігі, жұмысқа қабілеттілігі, дәрілерге және емге тәуелділігі; Жеке қарым-қатынастары, субъективтің қоғамдық бағасы, сексуалды белсенділік; Жақсы болу, қауіпсіздік, үй шаруасы, қамтамасыз етілуі, медициналық және тұрмыстық қаматамасыз етілудің сапасы және қол жеткізу мүмкіндігі, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, оқуға және квалификацияны көтеруге мүмкіндік, экология (поллютанттар, шу, аймақ, климат, т. б. ); Діні, жеке көзқарастары.
Өмiр сапасы ұлттық стандарттарының басты құрылымдық компоненттерi Біріншіден, денсаулық сақтау саласын дамыту деңгейi, медициналы қ қызметтiң сапасы мен қолжетiмдiлi гi Екіншіден, бiлiм берудiң сапасы мен қолжетiмдiлi гi, қоғамның интеллектуа лдық әлеуетiн көтеру үшiн жасалатын жағдайлард ың болуы Үшіншіден, ә леуметтiк кепiлдiктер, халықтың әлеуметтiк жағынан аз қорғалған бөлiгiн мемлекеттiк қорғау деңгейi, Төртіншіде н, еңбекшiле рдiң құқығын қорғау, еңбекпен қамтудың әлеуметтiк кепiлдiктерi Бесіншіден, азаматтарды лайықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Алтыншыда н, қоршаған ортаны қорғау Жетіншіден, мәдениеттiң дамуы ұлттың еркiн дамуы, этносаралық келiсiм, бiрiгу мен өзара толықтыру
Қазақстан халқының өмір сапасы • Әлемдегі аса ірі Numbeo пайдаланушылар контентінің базасы әлем елдерінің өмір сүру сапасы бойынша рейтингін жасады. « 86 елден тұратын тізімде Қазақстан 63 -ші орында тұр • Халықаралық Адам, табиғат, қоғам университеті жасаған өмір сүру сапасы индексі бойынша Қазақстан 1, 17 коэффицентімен 78 ші орында тұр. Бұл мәліметтер өмір сапасының индексін есептеу арқылы алынды. Ал өмір сапасының индексі халықтың сатып алушылық қабілеті, жылжымайтын мүлік құны, денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулық сапасы, көлік инфрақұрылымының жағдайы, жұмыссыздық деңгейі мен экология жағдайы сынды критерилермен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Лисицын Ю. П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2 -е изд. , перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 2. Медик В. А. , Юрьев В. К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 1. Общественное здоровье. – М. : Медицина, 2003. – 368 с. 3. Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: результаты социологического исследования/ под ред. Г. Нокиной, В. Гуревич. – Алматы: «Фонд XXI век» , 2002. – 220 с. 4. Сакбаев О. С. , Вагнер А. В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья 5. Тульчинский Т. К. , Варавикова Е. А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.
СРс ОЗ.pptx