т с ги а рі ғ , а ыт оқ уш ы ма а ик м но о эк : ы ш. у оқ А. О с рі аш Дә ңд О ДСҰ және халықаралық сауданы реттеу
Дәріс 1. ХЭҚ жүйесіндегі халықаралық сауданың ролі
Сұрақтар 1. Халықаралық сауданың негізгі теориялары
2. Халықаралық сауда саясаты
3. Халықаралық сауда көрсеткіштері
Әдебиеттер: 1. Мамыров Н. Қ. , Мадиярова Д. М. , Калдыбаева А. Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы 1998 ж. 2. Елемесов Р. Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. - Алматы: Қазақ Университеті, 2002 ж – 389 б. 3. Доғалова, Г. Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы / Т. Рысқұлов атын. Қаз. МБА. - Алматы: Экономика, 2000. - 87, [1] б. 4. Авдокушин Б. Ф. Международные экономические отношения. М. 2001. 5. Мировая экономика / Под ред. А. С. Булатова , М. : Экономист, 2007. - 860 с. 6. Мырзахметова А. М. ВТО и внешняя торговля Казахстана: Учебное пособие. -Алматы: Қазақ Университеті, 2009. -107 с. 7. Киреев А. П. Международная экономика. В 2 -х ч. : Учебное пособие для вузов. -М: Межд. отношения, 1998. - 416 с. 8. Всемирная торговая организация / И. И. Дюмулен. - М: «Экономика» , 2003. - 271 с.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ Халықаралық сауданың негізгі теорияларын ХYIII ғасырдың аяғымен ХIХ ғасырдың басында А. Смит пен Д. Рикардо құрған.
А. Смиттің «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері» деген еңбегінде (1776) абсолюттік артықшылық теориясы негізін қалады. «Егер кез келген ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді» , - деп көрсетті А. Смит өз еңбегінде.
Бұл теориядағы негізгі идея – еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі.
Д. Рикардо өзінің “Саяси экономикасы мен салық салудың заңдылықтары» (1817) жұмысында салыстырмалы артықшылық теориясы негізін қалады. Мұның мәні әрбір ел қандайда бір тауарды өндіруде ұтады. Салыстырмалы басымдылығы болады, сатады немесе керек тауарға айырбастайды. Осылайша әрбір мемлекет басқалармен салыстырғанда ең төменгі еңбек және капитал шығындары кететін тауар өндіруге маманданады.
Бұл теорияның негізі – елдер арасында айырмашылықтың болуы. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи – климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады. Мысалы: Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді. Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу тиімдірек болады.
Халықаралық сауда ағымдарының құрылымы мен бағыты немен анықталатындығын шведтік ғалымдары Эли Хекшер және Бертиль Олин ашты. 1919 жылғы Эли Хекшердің мақаласында халықаралық сауда ағымдарының негізгі заңдылықтарын, құрылымы мен бағытын анықтап көрсетті, 30 - жылдары бұны Эли Хекшердің шәкірті Бертиль Олин дамытты . Осылайша ол „өндіріс факторларына бағаны реттеу ” теоремасын ұсынды. Мұның мәні - ұлттық өндірістік ерекшеліктері әртүрлі өндіріс факторлары болғанымен анықталадыеңбекпен, капиталмен, жермен, және осы тауарларға әртүрлі ішкі сұраныспен.
• Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен еңбекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырды. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі: • жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады; • капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.
Егер басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз етілген деп есептеледі.
Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының үлесі тауар құнының құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептеледі.
Хекшер – Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА САЯСАТЫ Халықаралық қатынастардың дәстүрлі және біршама дамыған түрі сыртқы сауда болып табылады.
Халықаралық сауда екі негізгі категориялардан құрылады:
1. Халықаралық еңбек бөлінісі және осыдан шығатын елдердің нақты бір тауарлар өндірісіне мамандануы, және осыған сәйкес еңбек өнімділігі мен өндіріс көлемін көтеру
2. Әлемдік баға қалыптасу негізінде жататын өндірістің интернационалдық шығындар теориясы.
Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болатын әр түрлі мемлекеттердің тауар өндірушілері арасындағы байланыс нысаны болып табылады. Ол тауар өндірушілер арасындағы экономикалық тәуелділікті көрсетеді.
Сыртқы сауда – бұл тауарлар мен қызмет көрсетудің төленген экспорты мен импортын қамтитын бір елдің басқа елдермен айырбасы. Халықаралық сауда сыртқы сауда түсінігінен кең, өйткені сыртқы сауда түсінігі бір елге қатысты болады. Халықаралық сауда деп әлемнің барлық елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы аталады.
Сыртқы сауданың стандартты моделі - әлемдік, мемлекеттік және салалық кесіндісінде келесі факторларды анықтайды: • - елдердің экономикалық өсуінің ерекшеліктері;
- елдердегі сауда жағдайлары;
- елдердің сауда саясаты;
- елдердегі тарифтер мен экспорттық субсидиялар ;
- кірісті қайта бөлу немесе кірістің халықаралық трансферті. • • Сыртқы сауда бағдарының сипаты бойынша экономикалық өсудің келесі типтері бар: • - экспортқа шығарылатын таур бағытында өндірістік мүмкіндіктерді көбейтетін өсуді экспортқа бағытталған өсу деп атайды; • - елге импортталған тауар өндірісінің өсуін импортты ауыстыру деп атайды.
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА КӨРСЕТКІШТЕРІ Халықаралық және сытқы сауданы сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
- жалпы тауар айналымы ;
- тауардық құрылым;
- гeографиялық құрылым.
Жалпы тауар айналымы көрсеткіштері. Таза экспорт – экспорт пен импорт арасындағы айырма. Саудалық дефицит – тауaр экспортына қарағанда тауар импортының артықшылығы.
Сыртқы сауда айналымы – халықаралық тауар алмасуға қатынасатын елдің экспорты пен импорты құнының сомасы. Сыртқы сауданың құндық және физикалық көлемімен айырады. Сыртқы сауда айналымының құндық көлемі белгілі бір кезеңдегі ағымдық валюта бағамымен сол жылдардағы ағымдық бағамен есептелінеді. Сыртқы сауданың физикалық көлемі тұрақты бағада есептелінеді, сондықтан қажетті салыстыруларды жасап, сыртқы сауда көлемінің реалды динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Халықаралық сауда көлемі (әлемдік тауар айналымы) барлық елдердің тек экспорт көлемін қосу жолымен есептелінеді (көп жағдайда АҚШ долларымен).
Халықаралық сауданың негізгі нысандары экспорт пен импорт болып табылады. Тауарлардың пайда болуына байланысты экспорттың мынадай түрлері болады:
1. Белгілі бір елде өндірілген тауарларды сыртқа шығару.
2. Кедендік бақылау арқылы шетелге шикізатты шығарып, қайта өңдеп, кейін қайтару.
3. Рэкспорт- бұрын шетелден әкелінген тауарды шығару.
4. Ұлттық тауарды уақытша шетелге шығарып (жәрмеңке, көрмелерге), кейін қайта әкелу.
• Тікелей байланыстардың тәртібінде өнімді сыртқа шығару. • Тауарлардың пайда болуына байланысты импорттың мынадай түрлері болады:
1. Импорттап алушы елдердің ішкі нарығында технологияларды жүзеге асыру үшін шетелден тауарларды, технологияларды алып келуі.
2. Реимпорт – бұрын экспортталатын ұлттық тауарды шетелден алып келу.
3. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу үшін алып келіп кейін шетелге шығарылуы.
4. Халықаралық жәрмеңке, көрмелер үшін тауарды уақытша шығару.
• Тікелей байланыстардың тәртібінде өнімді кіргізу. • Экономика ашықтығын келесі көрсеткіштер сипаттайды: • Экспорттық квота – экспорт көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы. • Импорттық квота – импорт көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы. • Сыртқы сауда квотасы – ЖІӨ- дегі сыртқы сауда айналымының көлемі.
Сыртқы сауданың тұрақты дамуына әсер еткен факторлар: • ХЕБ және өндірістің интернационалдандырылуы; • негізгі капиталдың жаңаруына, экономиканың жаңа салаларын құруына, ескі өндірістердің реконструкция жасауына негіз болатын ҒТР; • әлемдік нарықтағы ТҰК-дың белсенді қызметі; • ГАТТ араласуымен халықаралық сауданы реттеу; • халықаралық сауданың либерализациялануы; • сауда – экономикалық интеграция процесстерінің дамуы, аймақтық кедергілерді жою, жалпы нарықтарды және еркін сауда аймақтарын құру; • отаршылдықта болған елдердің саяси егемендік алуы.


