ccf.pptx
- Количество слайдов: 11
ТӨМЕНГІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР. ҚЫНАЛАР. ОЛАРДЫҢ ВЕГЕТАТИВТІ ЖӘНЕ ЖЕМІС ДЕНЕСІНІҢ ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, КӨБЕЮ ТҮРЛЕРІ.
Саңыраукұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы есімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар – бір жасушалы және мицелийі (жіп шумағы) жасушаға бөлінбеген саңырауқұлақтар.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 3 класы бар: 1. итридиомицеттер (Chytrіdіomycetes), басым көпшілігі өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жалаңаш плазмалық массадан (плазмодиядан) тұрады не бір жасушалы, кейде өте нашар дамыған, жасушасыз, бастама мицелий түрінде болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықты зооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және жынысты (гаметогамия, оогамия, соматогамия) жолмен көбейеді. Табиғатта кең тараған. 3 қатарға, 90 туысқа жататын 500 -дей түрі белгілі.
2. Оомицеттер (Oomycetes), мицелийлері жақсы дамыған, 2. жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты – целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі – қауырсын тәрізді екі талшықтызооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – оогамия, соның нәтижесінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары органик. заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін – сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлақтар, балықтар мен қосмекенділердің уылдырығында тіршілік етеді; ал құрлықтағылары – жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері. 3. Зигомицеттер
ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар – саңырауқұлақтың ең үлкен тобының бірі. Бұлар 3 класқа бөлінеді: ) 1. қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер (Ascomycetes) – көп клеткалы мицелийлері жақсы дамыған, жыныстық көбеюі кезінде қалта (аск) түзетін саңырауқұлақтар. 30 мың түрі белгілі. Көп таралған түрі – сапрофиттер (өлексемен қоректенетіндер). Бұлар өсімдіктер мен жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етіп, целлюлозаны ыдыратады және әр түрлі өндіріс бұйымдарын бүлдіреді; сондай-ақ бүріспе саңырауқұлақ, трюфель, т. б. түрлері жеуге жарайды;
2) базидиялы саңырауқұлақтар немесе базидиомицеттер (Basіdіomycetes) – мицелийлері жақсы дамыған күрделі саңырауқұлақтар. Жынысты көбею кезінде – базидийдің (саңырауқұлақтың споралы мүшесі) үстінде 2 – 4 -ке дейін экзогенді базиоспоралар түзіледі. Табиғатта кең тараған. 30 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлардың арасында: өсімдіктердің паразиттері, вирус таратушылары, микоризатүзушілері (өсімдік тамырына жіпшумағымен селбесіп тіршілік ететіндер) және жеуге жарамды түрлері (қозықұйрық, қайыңқұлақ, терекқұлақ, майқұлақ, т. б. ) бар; 3) жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер (Deuteromycetes) – қалталы және базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар. Бұлар жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі, арасында жеміс-жидекті шірітетін, мақта менкартопта вертиллез ауруын тудыратын, адам денесінің кілегейлі қабықтары мен тері ауруын (кандидамикоз) қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері (пеницилл, аспергил, т. б. ) антибиотиктер, ферменттержәне органикалық қышқылдардың түзушілері (продуценттер) болып есептелінеді.
Қыналар - (лат. Lichenes) денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардыңң құрылысыжәне тіршілік әрекетіерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі етінде өз алдына жеке қарастырылатын болды.
ҚЫНАЛАР ПІШІНІНЕ ҚАРАЙ ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. 1. Ағашты діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сарықызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады. 2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары жапырақ тәрізді қыналар 3. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталға ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.
Қыналар саңыауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбелесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырладың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарыме көроетенеді. Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіні де бар.
ccf.pptx