отчет по практическим работам.pptx
- Количество слайдов: 13
Тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша есептерді жазу үлгісі (GCSE бағдарламасының талаптары бойынша) Химиядан ғылыми есептерді жазуға арналған жалпы стандартталған құрылым бар, сіз оларды ескеруіңіз қажет. Барлық ғылыми тәжірибелік жұмыстар өткен шақта, ырықсыз етістің қолдануымен жазылуы керек. Оқушылардың қолданатын тиісті нұсқаулық картасын жазуды қоспағанда, кез келген ғылымда, химияда немесе биологияда келер шақты пайдаланудан аулақ болыңыз. Бұл алғашында қиындау болуы мүмкін. Мұның дұрыс не бұрыс жазылғанына бірнеше мысал келтірейік.
Қате тұжырымдау: «Біз А және В түтікшелеріне бес см 3 буфер ерітіндісін құйдық, сонан соң оларды 37 градус Цельсий су моншасында қыздырдық. " Дұрыс тұжырымдау: А және В түтікшелеріне бес см 3 буфер ерітіндісі құйылды, сонан соң олар 37 градус Цельсий су моншасында қыздырылды. " Келер шақта қате тұжырымдау: «Сіз 5 түтікшені бірден беске дейін таңбалап, әрқайсысына 1 cm 3 реагенттен қосуыңыз тиіс. " Немесе «біз 5 түтікшені бірден беске дейін таңбалап, әрқайсысына 1 cm 3 реагенттен қосамыз» . Өткен шақта дұрыс тұжырымдау: « 5 түтікше бірден беске дейін таңбаланып, әрқайсысына 1 cm 3 реагенттен қосылады» .
Тәжірибелік және зертханалық жұмыстардың жалпы жоспары Практикалық жұмыстар есептеріне енгізілетін тармақтар: 1. Атауы 2. Мақсаты немесе абстракт 3. Кіріспе 4. Болжам 5. Әдіс 6. Нәтижелер 7. Қорытынды 8. Талқылау/ Бағалау/ Жетілдіру әдістері 9. Сілтеме/ Библиография
Есептің атауы Сіздің баяндамаңыз қысқа, бірақ жүргізілген жұмысты дәл сипаттайтын толық атауға ие болуы қажет. Есептің жоғарғы жағына күнін және өз аты-жөніңізді (автордың), сондай-ақ кез келген көмекшілердің (егер бар болса) аты-жөнін жазу қажет.
Мақсат және абстракт Мақсат – бұл тармақта химиялық тәжірибенің мақсаты екі-үш сөйлеммен сипатталуы тиіс. Бұл орта мектепке арналған GCSE деңгейіндегі көпшілік есептер үшін жетерлік. Абстракт – пәнді жоғарғы мектепте / университетте / дипломнан кейінгі дәрежеде аса жоғары деңгейде зерттеу кезінде осы тармақты есепке енгізу қажет. Бұл барлық жұмыстың бір абзацта мазмұндалған түйіндемесі, соның ішінде нәтижелері мен қорытындысы болып табылады. Академиялық басылымдарда абстракт тиімді болып табылады, себебі ол басқаларға сіздің жұмысыңыз, оның өзектілігі және қаншалықты қызығушылық танытуы мүмкін жайлы пікір білдіруге мүмкіндік береді және егжей-тегжейлі оқылатынына кепіл болады. Әдетте ол кітаптардың соңғы мұқабаларында жалпы мазмұн түрінде беріледі. Абстракт аса күрделі жазбаша аспект болып табылады, бұл ешбір маңызды сәттерді жібермей, ұзақ әрі күрделі есепті қысқа параграфқа жинақтауды қажет етеді.
Кіріспе Бұл сіздің есептен тыс осы сала бойынша меңгерген ақпарат, білімдеріңізді көрсетеді, сонымен қатар, ол ақпарат өзекті болуы тиіс. Курстық жұмыстың немесе тәжірибелік жұмыс есебінің кіріспесінде сіз өз тақырыбыңызды зерттеу барысында табылған қандай да бір анықтамалық ақпаратты келтіре аласыз. Тақырып бойынша өзіңіз немесе басқа тұлғалар жүргізген алдыңғы жұмыстарды енгізіңіз. Егер сіз кітап, журнал немесе интернет-сайттар сияқты дереккөздер пайдалансаңыз, онда оларды библиография бөлімінде атап көрсетуді ұмытпаңыз!!!
Ғылыми болжам Ғылыми зерттеу болжамы нақты және оған жауап ізделетін сұрақ түрінде тұжырымдалуы тиіс. Жалпы мұндай сұрақтың жауабы иә немесе жоқ болуы қажет. Мысалы: «Апельсин шырынының құрамындағы С дәрумені уақыт өткен сайын ауаның әсерінен тотыға ма? " Анық әрі жақсы тұжырымдалған болжам қойылған сұраққа жауап табуға қажетті деректерді жинақтайтын әдістерді көрсетуге мүмкіндік береді. Маңызды деректерді анықтағаннан кейін сіз ғылыми тәжірибені жоспарлай аласыз. Болжам баяндаманы жобалау мен құруға негіз болып табылады. Қорытынды бөлімінде сіз алынған эксперименттік деректер (егер ғылыми тәжірибе дұрыс жоспарланса және жүзеге асырылса) бойынша өз болжамыңыздың қолдау табатынын не қабылданбай қалатынын айта аласыз.
Әдістер Сіздің ғылыми тәжірибеңіздің әдісін сипаттайтын тармақта қолданылатын жабдықтың тізбесі және процестің сипаттамасы қамтылуы тиіс. Сіздің әдістеріңіз басқаларға арналған нұсқаулық түрінде емес, өткен шақта орындалған жұмыс кезеңдерінің сипаттамасы болуы тиіс, сондай-ақ қажет болған жағдайда, сіздің жұмысыңызды басқа адам қайталай алатындай егжей-тегжейлі мазмұндалуы тиіс. Сіздің нәтижелеріңіздің басқалар арқылы қайта жаңғыруы ғылыми әдіс құндылықтарынының бірі болып табылады.
Ғылыми тәжірибенің нәтижелері ü Сіздің ғылыми тәжірибеңіздің нәтижелері қысқаша ұсынылып, кесте мен график түрінде деректерді ұсынуы тиіс. ü Бұл тармақта кез келген есептеулер, соның ішінде стат. өңдеу көрсетілуі тиіс. ü Барлық графалардың атаулары болуы қажет және түгел осьтерді жазу керек. ü Графиктің масштабы түгел парақтың енін алмауы тиіс. Шкаланы екіге бөліп, графикті парақтың жартысына ортасынан сызған жөн. Егер сіз осы тәсілді пайдалансаңыз, онда бір параққа бірнеше график орналастыра аласыз, бұл оқырманға Сіздің графикалық деректеріңізді қарауды жеңілдетіп, тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді. ü Ұсынылатын деректер үшін график түрін дұрыс таңдаған жөн. Екі топты салыстыру үшін гистограмма аса тиімді болып табылады. Мысалы, сызықтық графикте фермент белсенділігінің температураға байланысты өзгеруі жақсы көрсетіледі. Бұл тармақта өз нәтижелеріңізге қандай да бір пікір білдіруден аулақ болу қажет. Оларды қорытынды тармағында көрсетесіз. Тәжірибелі ғалым сіздің нәтижелеріңіз, деректеріңіз бойынша өз қорытындысын шығаруы мүмкін. Сондықтан сіз өз пікірлеріңізбен және тұжырымыңызбен оқырманға ықпал етпегеніңіз жөн. Сіздің деректеріңізбен танысқан оқырман не өз қорытындысын шығарады, не өз тұжырымдарын сізбен салыстырып көру үшін қорытынды бөліміне өтеді.
Қорытынды/тұжырым Бұл тармақта сіз өз деректеріңізді қайта қарап шығып, алынған нәтижелер бойынша өз ой-пікіріңіз бен дәлелдеріңізді келтіре аласыз. Жақсы баға үшін жарты беттік тұжырым жеткілікті емес. Сіз өзіңіздің ғылыми қорытындыңызды қолдау үшін «Нәтижелер» атты тармақтың деректерінен дәйексөз келтіруіңіз тиіс. Мысалы: « 3 -графикте көрсетілгендей, А тобы мен В тобының арасында айқын айырмашылық бар, сондықтан бұл. . деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді " және т. б. Сіз өз болжамыңыздың расталғанын не қабылданбай қалғанын көрсетуіңіз тиіс. Оқырмандар сіздің тұжырымыңызбен келісетінін не келіспейтінін шеше алады. Бұл ғылыми талқы үшін негіз болып табылады. Егер ұсынылған болжамды қолдауға не қабылдамауға қажетті деректер жеткіліксіз болса, онда қорытынды шығаруға қажетті, қосымша деректерді жинауға мүмкіндік беретін ары қарайғы жұмыс ұсынуға болады.
Талқылау/ Бағалау/ Жетілдіру әдістері Сіз нәтижелерге кері әсер тигізген қателіктер көзін көрсетуіңіз тиіс. Жақсы ғалымның өзіне үнемі сыни көзбен қарайтынын ұмытпаңыз. Егер сіз таразы немесе көлемді өлшеуге арналған шыныдан жасалған бұйымдар сияқты құрылғыларды қолдансаңыз, онда сіз өлшеу аппаратурасының қателік пайызын есептеуіңіз қажет. Бұл үшін бір бөліктің бағасын екіге бөліп, алынған санды ыдыстың ең үлкен көлеміне немесе массаға бөліп, шыққан мәнді 100 %-ға көбейту қажет. Мысалы: егер сіз көлемі 20 cm 3 ерітіндіні өлшеуге арналған тамызғышты қолдансаңыз және тамызғыштағы ең кішкентай бөлік 0. 1 cm 3 тең болса, онда оның нақты көлемі 20 cm 3 салыстырғанда 0. 05 cm 3 (0, 1 / 2) артық не кем болады. Нақты көлемі 19. 95 cm 3 және 20. 05 cm 3 аралығында болады. Осы өлшем үшін пайыздық қате төмендегідей есептеледі: 0, 1 / 2 = 0, 05 және (0. 05/20) * 100 = 0, 25% Сондай-ақ сіз өз тұжырымыңызды қолдау үшін қосымша деректерді қамтитын жұмыс немесе зерттеу ұсына аласыз.
Сілтемелер/ Библиография Бұл тармаққа Сіз есеп жасау кезінде қолданған барлық сыртқы ақпарат көздерін енгізуіңіз тиіс. Әр дереккөз толық сипатталуы тиіс, бұл оқырманның осы дереккөзді тауып оқуына мүмкіндік береді. How To Write Science Reports & Science Practicals For Biology, Chemistry & Physics http: //www. hometutorsdirectory. co. uk/Articles/Writing_Science_Practicals. p hp
Тапсырма 1 -топ: аса белсенді металл өз тұздарының ерітінділерінен белсенді емес металдарды ығыстыратынын түсіну 2 - топ: қанттың ерігіштігіне әсер ететін факторларды анықтау (температураның ерігіштікке әсер етуін білу және түсіну). 3 - топ: оксидтер жану реакциясының өнімдері болып табылатынын және көмірсутекті жанғыш оттегіде жанғанда тұншықтырғыш газдың немесе көміртектің қалыптасатынын түсіну 4 - топ: түрлі жанғыш заттардың әлеуетін, сондай-ақ олардың сыртқы және экологиялық әсерін бағалау 5 -топ: химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін білу Аталған мақсаттар бойынша топпен : 1. Жұмысқа атау бересіз; 2. Жұмыстың мақсатын тұжырымдайсыз; 3. Кіріспе жазасыз; 4. Әдісті сипаттап: жабдық таңдап, іс-әрекет барысын жазасыз; 5. Болжам жасайсыз; 6. Алынған эксперименттік деректерді жүйелеп, ұсынасыз; 7. Деректерді талдап, қорытынды шығарасыз; 8. Тұжырымдарды талқылап, алынған деректерге және шығарылған қорытындыға баға беріп, жақсарту әдістерін ұсынасыз; 9. Пайдаланылған дереккөздерге библиографиялық сілтемелер келтіресіз; 10. Сыныптың талқысына ұсынасыз.
отчет по практическим работам.pptx