слайд для школьников каз....ppt
- Количество слайдов: 11
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
ТҰТЫНУШЫ– өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға
«ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒЫ 4 МАМЫРДАҒЫ № 274 -IV ЗАҢЫ Тұтынушылардың: тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға; тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге; тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға; қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға; тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға; тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына; тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге; сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға; ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға; тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға; моральдық зиянды өтетуге; құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға; осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. ЗАҢНЫҢ 7 -БАБЫ
Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы өз таңдауы бойынша мыналарды талап етуге құқылы: сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді; тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге; Ø тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді; Ø соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды; Ø сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы сондай тауарға ауыстыруды; Ø шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге. Ø Ø ЗАҢНЫҢ 15 -БАБЫ
Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері Жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы Егер тауарға кепілді мерзім белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілді мерзім ішінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоюға құқылы. Егер тауарға кепілді мерзім немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап 2 жыл шегінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоя алады. ЗАҢНЫҢ 17 -БАБЫ
Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде мыналарды: тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауын; тауардың сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарға нұсқауды; тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері, ал тамақ өнімдеріне қатысты – құрамы, тағамдық құндылығы және т. б. туралы мәліметтен; дайындаушының тауарлық белгісін; тауарды шығарған елді; тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттарын;
кепілді мерзімінің болуын немесе болмауын; егер бұл тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі ұсынымдарды; тауардың дайындалған күні мен орнын, жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімі мен сақтау талаптарын; сатушының (дайындаушының, орындаушының), сондай-ақ наразылықтарды қабылдайтын және жөндеуді жүргізетін өкілдің атауын, орналасқан жерін; тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) санын немесе жиынтығын; тауарды тиімді әрі қауіпсіз қолдану жағдайлары, оның ішінде оны күтіп-ұстау туралы қажетті мәліметтерді. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда және т. б. қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі. ЗАҢНЫҢ 25 -БАБЫ
Тұтынушының сапалы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы Тек азық-түлік емес тауарлар ғана айырбасталады және қайтарылады Тиісті сападағы тауарды тек 14 күн ішінде ғана айырбастауға және қайтаруға болады Тиісті сападағы тауарды қайтару не айырбастау туралы талап қанағаттандырылатын жағдайлар: тауар пайдаланылмаған болса; оның тұтынушылық қасиеттері сақталса; осы сатушыдан сатып алынғаны дәлелденсе; айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тиісті сападағы азық-түлік емес тауарларының тізбесіне жатпаса. Тұтынушының талаптары шұғыл қанағаттандырылуы тиіс. Ең ұзақ мерзім – 30 күн
Айырбастауға және қайтаруға жатпайтын тиісті сападағы азық-түлік емес тауарлардың ТІЗБЕСІ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар; іш киім; шұлық-ұйық бұйымдары; жануарлар мен өсімдіктер; метрлеп сатылатын тауарлар
Заңнамаға сәйкес тауарды тұтынушыға сатқан кезде САТУШЫ КАССАЛЫҚ ЧЕКТІ БЕРУГЕ МІНДЕТТІ. Тұтынушыда тауарды сатып алғаны туралы құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның талаптарын растауда куәлердің айғақтарына сілтеме жасау құқығынан айырмайды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТАУАРҒА АҚЫ ТӨЛЕНГЕНІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫҢ САҚТАЛУЫ СІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ!
слайд для школьников каз....ppt