Кузембекова Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 7
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ Тексерген: Кузембекова Р Орындаған: Таужанова А Тобы: ӘЖ-341
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекеттің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл денгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалануы, арналуы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты, қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді. Бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі. Кедейленген топты азайту рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланысқандығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың ара-қатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Казіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі одан ары қарай жетілдіруді талап етеді. Осы бағытта 2004 жылы мемлекеттік әлеуметтік реформаларды 2005 -2007 жылдары одан әрі қарай тереңдету бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты - қаржылықтұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті үш сатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру болып табылады. Жалпы барлық жәрдемақылар категориялық санаттық негізде беріледі: тек қана республикалық деңгейде бекітілген екі әлеуметтік төлемдермемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын-үй жәрдемақысы-мұқтаж адамдардың табысын тексеру арқылы, орташа табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасыларына беріледі
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау тұралы заңдардың сақталуын бақылау халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі. Оларға ұйымдарға мүгедектерді әлеуметтік қорғау тұралы заңдардың сақталуын тексеру: бұзушылықтар туралы актілер жасау, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар беру, заңдарда белгіленген негіздер бойынша айыппұлдар салу құқығы беріледі. Заңдарды бұзғаны үшін кінәлі басшыларға және заңды тұлғаларға (тиісінші 200 және 400 АЕК) әкімшілік шаралар қолдану көзделген. .
Әлеуметтік төлемдердің ішінде көлемі жағынан екінші орында тұрған әлеуметтік көмектің бір түрі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер болып табылады: оған тұрғын –үй жәрдемақысы, бала тууға байланысты берілетін және басқа да әлеуметтік көмектің түрлері жатады. Халықтың тұрмыс деңгейі-халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұраныстарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтылуының ақшалай көрісінің жиынтығы өмір құны деп анықталады. — тұтынуға қолданылатын табыстар (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш) — орташа еңбек ақы.
Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне мыналар жатады: -халықтың ақшалай табыстарының номиналдық (аталуы) көрсеткіші (ай сайын жан басына шаққандағы көрсеткіш), -ең төменгі еңбек ақы, -номиналдық (атаулы) еңбек ақының ең төменгі еңбек ақыға қатынасы, -жасына қарай берілетін ең төменгі зейнетақы, -күнкөріс минимумы (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш), -табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлес салмағы, %, -азық-түлік себетінің құны (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш), -табысы азық-түлік себетінен төмен халықтың үлес салмағы, %. Мемлекеттің атаулы көмегін алушылар-балалар, балалары бар отбасылар кедей халықтың ішінде өте көп. Сондықтан ана мен баланы қолдау республикада өзекті мәселеген айналған. Бүгінгі күнде ана мен баланы әлеуметтік қорғауда төлемдердің үш түрі қолданылады: -жүктілік және босану бойынша төленетін жәрдемақы, -көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, -мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Кузембекова Microsoft PowerPoint.pptx