Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 9
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Үндістан елі Тексерген : Жаңбырбаева А Орындаған: Құрманбаева Қ Тобы: ӘЖ 241
ҮНДІСТАН - ОҢТҮСТІК АЗИЯДА ҮНДІСТАН ТҮБЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҮНДІСТАН – ӨЗІНІҢ АСА БАЙ МӘДЕНИЕТІМЕН ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ӨРКЕНИЕТІМЕН ӘЙГІЛІ ЕЛ. ОЛ – ТЕРЕҢ ТАМЫРЛЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ, МОЛ ӨЗІНДІК ІЗГІ РУХАНИ МҰРАНЫҢ, СЫРЫ ДА, СЫНЫ ДА САҚТАЛҒАН ӘДЕТ – ҒҰРЫПТАР МЕН ДӘСТҮРДІҢ, ЖЕРЖАҺАНҒА ӘЙГІЛІ МАХАББАТ КҮМБЕЗІ ТӘЖ-МАХАЛ, ЛОТОСХРАМ СЫНДЫ СӘУЛЕТТІК ЖАУҺАРЛАРДЫҢ, ТЕРЕҢ ҚАЙНАРЛЫ БИ МЕН САЗДЫҢ, ҒАЖАЙЫП ҮНДІ КИНОСЫ МЕН ЖҰПАР ИІСТІ ҮНДІ ШАЙЫНЫҢ ЕЛІ. ОЛ – “БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҮРЕГІН БІРТҰТАС ӨМІРДІҢ ЫРҒАҒЫНДА ТОҒЫСТЫРҒАН” ӘР ТҮРЛІЛІКТЕГІ БІРЛЕСТІКТІҢ ҮЛГІСІ.
Қазақстанмен қатынастары Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарымқатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, а л 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н. Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, ғылым мен технология, мәдениет, өнер , білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы сынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 2002 жылы 11 — 15 ақпанда Н. Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан— Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығы да бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120, 8 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандағы мед. жоғары оқу орында 400 -ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx