25-27 такырып.pptx
- Количество слайдов: 41
ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПРЕКТИВТІК ӘДІСТЕРІ.
Сұрақтар: Р. Бернстің «Автопортрет» әдістемесі. «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі. «Үй. Ағаш. Адам» әдістемесі. Суреттік тесттерді қолдану ерекшеліктері
«Өмірде жоқ жануар» тесті өзінің сипаты бойынша проективтілердің қатарына жатады. Статистикалық тексеру немесе стандартизациялау үшін, нәтижені талдау, сипаттау формасында берілуі мүмкін. Құрамы бойынша бұл тест – бағдар беруші және зерттеудің жалғыз әдісі ретінде қолданылмайды және зерттеудің батариялық құрамы ретінде басқа әдістермен бірігуді талап етеді.
Сыналушыға нұсқау: «Өмірде жоқ жануарды ойластырып, суретін сал. Оған өмірде жоқ атау бер. Сіздің қабілеттер дәрежеңіз бағаланбайды, қалай сала аласыз, солай сал» .
Көрсеткіштер және интерпретация Суреттің парақ бетінде орналасуы. Қалыпты жағдайда сурет тігінен қойылған парақта орташа сызықта орналасады. Қағаз парағын ақ немесе шамалы ақсары түрлі-түсті емес алу керек. Орташа жұмсақтықтағы қарандашты қолдану қажет: қаламсап және фломастермен сурет салуға болмайды. Параққа суреттің жоғарғы шетіне орналасуы (жақынболған сайын, соншалықты айқын болады) жоғарғы өзіндік бағалау, социумдағы өзінің орнына көңілі толмау, қоршағандардың мойындаудың жеткіліксіздігі, өз-өзін жетілдіру тенденциясы ретінде талданады.
Суреттің төменгі бөлікке орналасуы өз-өзіне сенімсіздік, төмен өзіндік бағалау, жабырқаңқылық , шешім шығара алмау, социумдағы өзінің орнына қызығушылық көрсетпеу, өз-өзін жетілдіруге деген тенденцияның жоқ болуы.
Фигураның орталық мағыналық бөлігі (бас немесе оның орның басатын деталь). Бас оң жаққа қараған – іс-әркетке, әркеттенуге тұрақты тенденция, барлығы дерлік ойластырылады, жоспарланады – ол жүзеге асады немесе жүзеге аса бастайды (егер тіпті соңына дейін жетпесе де). Сыналушы өзінің жоспарын, ниеттерін іске асыруға белсенді кіріседі.
Бас сол жаққа қараған – рефлексияға, ойлауға деген тенденция Ол әркеттің адамы емес: Ойлағандарының шағын бөлігі ғана іске асады немесе іске аса бастайды. Белсенді әркет етудің алдыңдағы қорқыныш және шешім шығара алмаушылық (Нұсқа: әркеттесу тенденциясының жоқболуы немесе белсенділіктен қорқу – қосымша шешуді қажет етеді).
«Анфас» орналасу, яғни бас сурет салушыға (өзіне) бағытталуы, эгоцентризм ретінде талданады. Баста сезім мүшелеріне сәйкес бөліктердің орналасуы – құлақ, ауыз, көз. «Құлақ» детальінің мәні – тура: ақпаратқа қызығушылық, өзі туралы қоршағандардың пікіріне мән беру.
Көзге ерекше мән берген Бұл қорқынышты басынан кешірген адам символын білдіреді: көз таяқшаларының ерекшеленуі. Кірпіктің бар немесе жоқ болуына көңіл аудару қажет. Кірпік – мінез-құлықтың истероидтыдемонстративті манерасы; ер адамдар үшін: қарашық және таяқшаларды салу әйелдік бітістермен аз сәйкес келеді. Кірпіктер – қоршағандардың сыртқы әдемілікті және киім үлгісіне таңдануына қызығушылық білдіру, осыған үлкен мән беру.
Бастың үлкейтілген көлемі (фигурамен толықтай сәйкес келу), сыналушы өзіне және қоршағандардың рационалды бастамасын (эрудиция да болуы мүмкін) бағалайды. Баста сондай-ақ қосымша деталдардаболуы мүмкін: мысалы, мүйіз – қорғану, агрессия. Басқа белгілермен сәйкес келуімен анықтау – тырнақ, инелер- сол агрессияның сипаты: спонтантты немесе қоғаныстық-жауап берушілік. Қанат - өз-өзін әшекейлеу және өз-өзін ақтау тенденциясы, демонстративтілік. Айдар, жұн, осы тәрізді шаш үлгілері – сезімталдылық, өз жынысын белгілеу.
Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі Тұлғаны зерттеудің проективті әдістемесі. 1948 ж. Дж. Букпен ұсынылған. Тест, ересек адамдар мен балаларды тексеруге арналған, топтық тексеруге де болады. Сыналушыға үй, ағаш, адамды салуды сұрайды. Кейін, әбден өнделген сауалнама өткізеді. Автор, сурет салуға таңдалған заттарды, олар әр сыналушыға таныс, суретті салуға ыңғайлы объектілер және басқа объектілерге қарағанда, емін – еркін сөз сөйлеуге ынталандырады деп түсіндіреді.
Жеке тұлғалық тестілеу Жеке тұлғалық тестілеу кезінде, зерттеуші «Үй» деген жазуы бар, тек екінші бетті көретіндей, сыналушының алдына суреттік форманы қояды. Содан кейін нұсқауды оқиды: «Мына қаламдардың ішінен біреуін алыңыз. Мен сізден үйді жақсы салуды сұраймын. Сіз әр түрлі типтегі үйді сала аласыз. Оны толығымен өзіңіз шешесіз. Салғанды қанша болса да өшіріңіз – бұл сіздің бағаңызға әсер етпейді. Суретті қалай салуды ойлануға өзіңізге қанша уақыт керек, сонша уақыт беріледі. Бірақ үйді жақсы салуға тырысыңыз» . Егер сыналушы мен суретші емеспін, мен мектепке барғанда, маған сурет салуды үйретпеген деп айтып, қабыл алмауды көрсетсе, зерттеуші ҮАА – шығармашылық қабілеттер тестісі емес, оған сыналушының сурет салуға деген қабілеттері керек еместігін (қызықтырмайтынын) айту керек. Егер сыналушы сызғыш сұраса немесе оның орнына басқа затты қолданса, зерттеуші оған, сурет қолдан салыну керек деп айту қажет. Кейінен, тапсырмаға қатысты, ағаш және адам денесімен байланысты аналогиялық нұсқаулар жүреді.
Жазып алу уақытқа қатысты келесі аспектілер сыналушының ретімен салынған үйдің, ағаштың және адамның бөлшектерінің аттары. үйді, ағашты және адамды салу барысындағы, сыналушының барлық спонтантты түсініктері тесті орындау үрдісінде, сыналушымен көрсетілген эмоциялар
Үй Шатыр (үйдің төбесі). Шатырдағы шынысы бар терезе. Кіре беріс үстіндегі шатыр (негізгі қабырға) – «Мен құралжабдықтарды алып, оны одан да жақсы жасай аламын» (зорлана шыққан күлкі). Кіре беріс бағаналары. Есік. Оң жақ үстіндегі шынысы бар терезе. Сол жақ астындағы шынысы бар терезе. Үстінгі ортасындағы, шынысы бар терезе. Есіктің екі шеттеріндегі (оң және сол жақта) шынысы бар терезелер.
Сол жақ үстіндегі, шынысы бар терезе. Астыңғы ортасында, шынысы бар терезе. Шатыр материалы. Кіре беріс шатыры және бағана. «Гараждан басқа, осыларды ғана салуға болады» . Фундамент. 18 сек кідіріс. «Жұп ағаштар» . Сол жақтағы ағаш, кейінен оң жақтағы ағаш. Бүйір кіре беріс жолы. Алдыңғы подъездің жолы. «Мысалы бұл мұнда» - бұта. Уақыт - 5 мин 13 сек.
Топтық тестілеу ҮАА әдістемесі топтық тестілеуге қарағанда, индивидуалды тестілеуде тиімді (өнімді) болады. Бірақ бұл әдістеме, топтық тестілердің арасында белгілі – бір орны бар. Ондай жағдайда әдістемені, сыналушы топтың ішінде, тұлғалық дамудың орташа деңгейден және бейімделуден ауытқып кетулерді анықтау үшін, іріктеуші тест ретінде қолдану керек. Бұдан басқа әдістемені топтық терапия үрдісінде емделу дәрежесін анықтау үшін де қолдануға болады, бірақ бұл жағдайлар әлі жеткілікті зерттелмеген.
Сыналушыға нұсқа. Тапсырманы орныдаудың алдында зерттеуші сыналушылардан үйді, ағашта және адамды жақсы салуды сұрау керек және салғанды өшіруге болатынын, суретті салуға қанша уақыт керек, сонша уақыт берілетінің және әр қайсысы суретті салып біткен соң, зерттеушіге хабарлау керектігін айту қажет. Кейбір жағдайларда белгілі – бір уақыт шегін қою керек (30 минуттан кем емес), мұндай жағдайларда сыналушы бұл жөнінде сурет салмас бұрын ақпараттанған болу қажет. Зерттеші сыналушыларға суреттік форманы көрсетуі керек. Осыдан кейін олар тапсырманы орныдауға кірісулеріне болады.
Жазып ал Зерттеуші әр сыналушымен суретті салуға кеткен уақытты жазып отырады. Сыналушылар сурет салумен айналысып отырғанда, зерттеуші назарды аудартқызбай, оларды бақылап, эмоционалды көріністерді, әдеттен тыс бөлшектер ретін және т. б. жазып алуы керек. Бақылау жеке тұлғалық зерттеудегідей толық болмайтыны айқын. Пост – суреттік сұрақтама. Зерттеуші әр қайсысына пост – суреттік сұрақтама бланкісін беру керек. Бланкіде берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап берулерін сұрайды.
Интерпретация Үй Ескі, құлап қалған үй – кейде субъект осылай, өз - өзіне қарым – қатынасын көрсетеді. Алыс тұрған үй – қабыл алмау сезімі. Жақын тұрған үй – ашықтық, жылылық сезімі және қонақжайлық. Әр түрлі құрылыстар – үй иесіне агрессияның бағытталуы.
Жабық терезелер – субъект интерперсоналды қарым – қатынас жағдайында. Есігі жоқ қабырғаға әкелетін сатылар – шынайылықтың дұрыс бағасына зиян келтіретін, шиеленістік жағдайдың көрінуі.
Қабырғалар Артқы қабырға әдеттен тыс орналасқан - өзін өзі бақылаудың саналы әрекеттері. Артқы қабырғаның контуры, басқа бөлшектерге қарағанда жуанырақ – субъект шынайылықпен байланыс сақтауға тырысады. Қабырға негізінің жоқ болуы – шынайылықпен әлсіз контакт (егер сурет астында орналасқан кезде). Негіздің акценттелген контуры бар қабырға – субъект шиеленістік тенденцияларды ығыстырғысы келеді. Қорқынышты сезінеді
Көлдеңен өлшеммен акценттелген қабырға – уақытта нашар бағыталу. Субъект қоршаған ортаның қысымына сезімтал болуы мүмкін. Қабырға: бір өлшемді перспектива – бір ғана дағы салынған. Егер ол бүйір қабырға болса, онда оппозицияға тенденциялардың болуы. Тұнық қабырғалар – ситуацияға әсер ету қажеттілігі. Қабырғаның шеткі (бүйір) контуры өте жіңішке – апатты, зиянды сезу. Қабырға: сызықтардың контуры қатты акценттелген – бақылауды саналы сақтау. Тік өлшеммен көрсетілген қабырға – субъект біріншіден фантазиядан ләззат алады және шынайылықпен аз контактіде болады.
Есіктер Олардың жоқтығы – субъект басқалардың алдында ашылуға қиындықтарды сезеді (әсіресе үй ішіндегілермен). Үлкен құлпы бар есік – қорғаныс тенденциялар, тұйықтылық, зияндылық Артқы немесе шеткі (бір немесе бірнеше) есіктер – шегіну, қол үзушілік, шегіну. Ашылып тұрған есіктер – бірінші белгісі ашықтық, жасырмаушылық. Өте кішкентай есіктер - өзінің «Менің» кіргізбеу. әлеуметтік жағдайларда шешім таба алмаушылық.
Есіктер өте үлкен – басқалардан тым тәуелсіз болу немесе өзінің әлеуметтік коммуникабелділікпен таң қалдыру. Ашық есіктер. Шеткі Егер ол адам есіктер (бір тұратын үй болса немесе – жылылыққа бірнеше) – деген қажеттілік немесе шындықты ашықтықты қабыл алмау көрсету. немесе шегіну.
Түтін Қалың түтін – ішкі қысым (қалың түтінің қарқыны бойынша). Жіңішкелеп шығатын түтін – үйдің эмоционалды жылылықтың жетіспешілік сезімі.
Терезелер Бірінші қабат соңында салынған – аралық персоналды қарым – қатынасқа жеркенушілік. Шындықтан қашу тенденциясы. Терезелерді ң жоқтығы өз сезімдерін көрсетпеу.
Шынысы жоқ терезелер – шегінушілік, тұйықтылық. Қатты ашық терезелер – субъект өзін тіке және әдепсіз қылып көрсетеді. Терезелердің көп болуы – контактіге түсіді көрсетеді. Астынғы қабатта терезелер жоқ, бірақ жоғарғы қабатта бар – реалды және фантазия өмірдің арасындағы тұңғиық.
Үй төбесі (шатыр) Жіңішке контурлы Үйдің төбесі – шатыр – фантазияна фантазия сферасы. бақылаудың әлсізденуін Суретте сәйкес ойлану. келмейтін, Жуан контурлы шатыр – фантазиямен шатырдың жуан контуры- ләзат алу бақылаудың тым келушілігі. ошағы ретінде, Астыңғы қабатпен фантазияда келіспейтін шатыр– фиксациялану. тұлғалық ұйымдастырушылықтың нашарлығы.
Бөлмелер Ассоциациялар мынаған байланысты пайда болуы мүмкін: бөлемеде тұратын адаммен бөлмеде интерперсоналды қарым – қатынаспен бұл бөлменің тағайындалуымен (шынайы немесе оған тағайындалуымен). Ассоциациялар позитивті немесе негативті эмоционалды болуы мүмкін. Қағазға симаған бөлме – жағымсыз ассоциациялар себебінен, субъектінің белгілі – бір бөлмелерді онымен тұратын тұрғындардың жағымсыз ассоцациясымен байланысты салмайды. Субъект жақын бөлмені таңдайды – сынаушылық. Ванна – санитарлы жүйелерді жасайды. Егер ваннаны бейнелеу мәнді болса, онда сол функциялардың бұзылуы болуы мүмкін.
Мұржаның жоқтығы – субъект үйдің психологиялық жылылықтың жетіспушілігін сезінеді. Мұржа онша көрінбесе – эмоционалды әсер етушілікпен ешқандай қатынас жасамау. Мұржа шатырға қисық салынған – балаға норма; үлкендерде – маңызды регрессия. Су құбыры – күшті қорғаныс және сынаушылық. Су құбыры (немесе үй шатырынан түсетін су құбыры) – қорғаныс ұстанымының күшейуі жоғарғы сынаушылық.
Қосымшалар Бұлыңғыр, «әйнектік» жәшік өзін басқалардың алдында қоюды бастан кешіруді білдіреді. Өзін демонстрациялағысы келеді, бірақ визуалды контактпен шектеледі. Ағаштар жиі түрлі адамдарды білдіреді. Егер олар үйді «жауып» тұрғандай болса, атаанасынан үстем болуға деген күшті қажеттіліктен орын алуы мүмкін. Бұталар, кейде адамдарды символдайды. Егер олар үйді жақын қоршап тұрса - өзін қорғаныс барьерлермен қоршау. Бұтақтар кеңістікте хаостық таралаған немесе жолдың жанжағына – шынайылық аймағындағы үрей және оны саналы түрде бақылауға ұмтылу.
Жақсы пропорциялар, жеңіл салынған жол – индивид, басқалармен контактіде такті және өзін - өзі бақылауды табады. Өте ұзын жол – адекватты әлеуметтенуді жиі қажеттлікпен жүретін аз қол жетерлік. Бас жағында жуан, үйге келгенде кішірейетін жол – жалғыздықты жасыру әрекеті. Күн – авторитетті фигураның символы. Жиі жылылықтың және күштің ошағы ретінде қабылданады. Ауа – райы (қандай ауа – райы бейнеленсе, субъект қаршаған ортаны дұшпан ретінде қабылдайды. нген) – субъектінің қоршаған ортамен байланысты қайғылар. Жаман ауа – райы
Түстерді таңдау Түстерді сенімсіз, ұзақ және қиын таңдаған субъектіде, тұлғалық бұзылулардың бар болуын көрсетеді. Қара - ұялшақтық, қорқыныш. Жасыл – үрей - қорқыныштан өзін қоршау, қорғаныс сезім қажеттілігі. Бұл күй жасыл түсті ағаштың бұтақтарына немесе үйдің шатырына қолдануда маңызды болып табылмайды. Қызғылт сары – сезімталдықтың және дұшпандықтың комбинациясы Қара қошқыл түс – билік ету қажеттілігі. Қызыл – аса сезімталдық. Қоршаған ортадан жалылықты қажетсіну. Қағаздың ¾ штрих түсіру түсі – эмоцияларды көрсету бақылаудың жетіспеушілігі. Штрих салу суреттің шегінен шығып кеткен – қосымша стимуляцияға импульсивті жауапқа тенденция. Сары – дұшпандықтың қатты белгілері.
Жалпы түр Сурет қағаздың шетінде орналасса – сенімсіздіктің, қауіп – қатердің генерализация ланған сезімі. Белгілі – бір уақыт мағынасымен байланысты: а) оң жақ – келер шақ, сол - өткен шақ, б) тағайындалған таммен немесе оның тұрушымен байланысты в) қайғыру спецификасына бағыттайды: сол жақ – эмоционалды, оң жақ – интеллектуалды.
АҒАШ К. Кох бойынша интерпретация Тамырлар – коллектив, санасыздық. Дін – импульстер, инстинктер, примитивті стадиялар. Бұтақтар – пассивтілік немесе өмірге қарама – қарсы тұру. Ағаш суретін интерпретациялау әрқашан тұрақты ядроға (тамыры, діні, бұтақтары) және әшекейлеу элементтеріне (жапырақтар, тұқым, пейзаж) ие. К. Кохтың интерпретациясыпсихикалық дамудың патологиялық белгілерін және ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Біздің көзқарасымыз бойынша, интерпретациялауда бірқатар қарамақайшылықтар кездеседі, сонымен қатар нақтылауы қиын түсініктерді қолдану байқалады.
Мысалы, «ағаштың дөңгеленген ұшар басы» , «күш қуаттың жетіспеушілігі» , «ұйықтап жату» , «тұмсығымен шоқу» , сондай-ақ «бақылампаздық қабілет» , «күшті қиял» , «жиі ойластырғыш» немесе «шоғырландырудың жетіспеушілігі» - ненің? Осы түсініктердің астарындағы шынайылылық қандай? Бұл белгісіз болып қалады. Сонымен бірге белгілерді жору бірыңғай анықтамаларды шамадан тыс қолдану байқалады. Мысалы: «бостық» , «қанықандық» , «напыщенность» , «высокопарность» , «плоский» , «пошлый» , «ұсақ» , «алыс емес» , «жеманство» , «чопорность» , «вычурность» , «фальшивость» және де «конструктивтілік қабілет» , «жүйелеуге қабілеттілік» , «техникалық дарындылық» ; немесе «өзіндік тәртіп» , «өз-өзін меңгеру» , «тәрбиелілік» - « напыщенность» , «чванство» , «безучастность» , «равнодушие» сәйкес келуі» .
Қалыпты адамдармен қарым-қатынас жасағанда психологиялық кеңес беру үрдісінде олардың тарапына осындай эпитеттерді қолдануға болмайтындығын ескерткіміз келеді. Жер суреттің оң жағына көтеріліп келген – энтузиазм. Жер қағаздың оң жаққа түсіп келеді – күш – қуаттың әлсізденуі. Тамырлар Діннен кіші тамырлар – жасырынғандыққа, жабықтыққа ұмтылу. Дінмен сәйкес тамырлар – мәселені туғыздыратын, аса құмарлық. Діннен үлкен тамырлар – аса құмарлық, үрейді туғызу мүмкін. Сызықпен бейнеленген тамырлар – балалық қатынас. Екі сызық түріндегі тамырлар – шынайылықты бағалаудағы ажыратуға және талдауға қабілеттілік; тамырлардың түрлі формасы өмір сүруге деген қалаумен байланысты болуы мүмкін немесе таныс емес ортада немес жақын қоршаған ортасында кейбір тенденцияларды көрсетуі.
Жапырақ формасы Ағаштың дөңгелек ұшар басы – экзальтивтік, эмоционалдылық. Жапырақтард айнала дөңгелек – тыныштандыратын, қолдайтың сезімді іздеу, тастап кеткендік сезім және таңқалушылық. Бұтақтар салбыраған – ержүректікті жоғалту, күштен бас тарту. Бұтақтар жоғары қараған – энтузиазм, билікке ұмтылу. Жан-жаққа тараған бұтақтар - өзөзін өзектендіруді, контактіні іздеу. Қоршаған ортаға деген сезімталдық, оған қарсы тұра алмау. Жапырақтар тор тәрізді, азды көпті жуан – мәселелі жағдайдан қашудан қорқушылық. Қисық жапырақтағы сызықтар – қабылдағыш, қоршаған ортаны ашық қабылдау. Бір суреттегі ашық және жабық жапырақтар – обьективтілікті іздеу. Жабық жапырақтар – балалық тәсілмен өзінің ішкі әлемін қорғау. Жабық жуан жапырақтар – жасырын агрессивтілік. Тұтастай байланысы жоқ, жапырақ детальдары – мәнділігі төмен детальдар құбылысты тұтастай сипаттауда қабылданады.
Бұтақтар діннің бір аумағынан тарайды – қорғанысты балалық іздеу, балалар үшін қалыптылық жеті жас. Бұтақтар бір сызықпен салынған – шынайылылықтың жағымсыз жақтарынан қашу, оны тасмалдау және күшейтіп жіберу. Жуан бұтақтар – жақсы алуан түрлі шындықтар. Жапырақ – торлар – сүйкімділікті қолдануды жөн көреді. Пальма – орынды ауыстыруға ұмтылу. Тор-жапырақтар – жағымсыз сезімдерден кету. Өрнек тәрізді жапырақтар - әйелдік қасиет, сәлемшіл, сүйкімділік. Жылауық ағаш – күш қуаттың жетіспеушілігі, берік тірекке ұмтылу және позитивті контактіні іздеу; өткен шаққа және балалық тәжіриебеге оралу; шешім қабылдаудағы қиындық Қоюлану, шрихтық – шиеленіс, үрей.
Назарларыңызға рахмет !
25-27 такырып.pptx