мари соц.pptx
- Количество слайдов: 14
Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Сайыпова Мариям ОЗ-507
«Индивид» - адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық — бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. «Тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет: Биологиялық, генетикалық дамудың алғышарттары; Әлеуметтік ортаның болуы.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан құрылады. Ø Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді. Ø Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды. Ø Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни, қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады: Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын; Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады
Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс - әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым – қатынас жасауды іске асырады. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керсінше, индивидтің іс - әрекетке белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыру арқылы іске асады. Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын, іс - әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез – құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін - өзі тану қабілеті жетіледі.
Вебер әлеуметтік іс - әрекетті, қимылды 4 типке бөледі: v Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс - әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір – біріне сәйкестігі көзделеді. v Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық, т. б. ) көзделген. v Аффективтік. Бұл адамның эмоциялық реакциясына негізделген (аффективия). v Дәстүрлік (яғни, салт – дәстүрлік). Мұнда адамның іс - әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдар мен алуан түрлі қарым – қатынастар мен байланыстар негізінде болды деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтерден құрылады: а) Жұрт мені қалай қабылдайды; ә) Жұрт менің сыртқы түрімен қалай әсер етеді; б) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
М. Вебер бойынша адамның мінезқұлқын негізгі үш түрі Инстинктивті Қарапайым Әлеуметтік
Әлеуметтік роль дегеніміз - қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда, белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рольдік жүйе дегеніміз адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рольдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Рольдік тұжырымдама американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30 -шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (18641929), Мид Джордж Герберт (1863 -1931), т. б.
Рольдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) — бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рольден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рольдік тәртіп дегеніміз - адамның өзінің ролі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күңделікті өмірде адам бір рольді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.
Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажеттілікті терең, жан – жақты түсініп, оны меңгеіп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсенділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс - әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Сөйтіп әлеуметтік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль, т. б. ) тарапынан да реттеу болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!
мари соц.pptx