Syrym Datuly museum in Zhympity
Сырым Датұлы атындағы тарихиөлкетану музейі
Жымпиты ауылындағы Сырым Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі халық батырының туғанына 260 жыл толуына орай 2002 жылы ашылды.
Музей экспозициясы археология, табиғат, этнография бөлімдері және қазіргі заман тарихына арналған залдардан тұрады. Экспозицияның үлкен бөлігі Сырым Датұлы бастаған ұлтазаттық көтерілістің тарихын баяндауға арналған.
Күн батыс Алашорда үкіметінің тарихтағы орны болған, солардың басқан іздері сайрап жатқан киелі Жымпитыда алаштың өз тарихына сай мұражайдың арнайы көрме залдары сол бұрынғы үкімет үйінде жасақталған болатын. Бүгінде келуші көрермендердің көзайымына айналып үлгерген Алаш үйі өз жұмысын атқаруда.
Сонау біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастап, күні бүгінгіге дейін талай заман жаңарып, талай тарихи тұлғалар өмірден өтті. Енді олар туралы нақты деректемелер мен көне жәдігерлерді музейлерден ғана табуға болады. Біздің Сырым музейі де археология тарихынан бастап, бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі аралықты қамтып, тарихи кезеңдерге толық сипаттама береді. Сырым батырдан бастап дүниеге келген тарихи жерден Жаһанша Досмұхамедовтай абзал азаматтың неше ғасыр өтседе, сол тәуелсіздікке ұмытылуы заңды құбылыс секілді. Сол қайсар рухты қазақтың туған жерінде кешегі жалынды ақын, отты батырға айналған Абдолла Жұмағалиевтың ерлігін қайда қоямыз. Осыншама тұлғаларын өлеңге қосу үшін Қадыр Мырза- Әлідей абыз ақынымызды, тарихи оқиғаларды әңгімесіне арқау қылу үшін Мұқадес Есламғалиевты дүниеге келтірген мекеннің киелі екендігіне шүбәң болмасын оқырман.
Музей жәдігерлері қатарында тас дәуірінің еңбек құралдары, тас құрбандықтар, жебе ұштары, балталар бар. Сырым ауданы аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде музей қоры жаңа құнды жәдігерлермен толықты.
Бүгінде мемлекет қорғаунына алынып, Сырым Датұлы атындағы тарихи музейге айналдырылған ғимараттың өзінің сыр – шежіресі бар. Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың соңында орыс көпесі Якуб Таракановтың жеке үйі ретінде салынып, 1918 -1919 жылдары Күнбатыс Алашорда Үкіметінің штаб – пәтері орналасқан. Алаш қайраткерлері Жаһанша, Халел Досмұхамедовтардың қызмет еткен орны. Сондықтан ұлылардың ізі, тектілердің үні қалған тарихи орын Сырым Датұлының туғанына 265 жыл толуына орай бабамыздың атындағы музейі ретінде ашылды.
МУЗЕЙДЕ АЛАШ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР БАРШЫЛЫҚ. СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ, ӨЗГЕ ДЕ КУӘГЕРЛЕРДІҢ СИПАТТАУЫ БОЙЫНША ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН АЛАШОРДАНЫҢ ЖАСЫЛ ТУЫ ҚАҚ ТӨРГЕ ІЛІНГЕН.
Алаш Орда саябағы
Қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш
Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш
Сырым шыққан төбе Тоғанас ауылы
Сталин бөлмесі
Сырым өңірі мағыналы тарихпен толыққан, құнды жәдігерлерімен тамсандыра алатын, ұлы тұлғаларымен мақтана алатын асыл өлке
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты Сырым Датұлы көшесі, 13
Назарла рынызга рахмет!!! http: //www. olke. kz/ http: //baq. kz/history/216 http: //vk. com/zhympity