syrbay_m_1241_ulenov - копия.pptx
- Количество слайдов: 12
Сырбай Мәуленов поэзиясындағы шеберлік үрдістері
Мәуленов, Сырбай (1922— 1993) Торғай облысының Жангелдин ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, (1951 — 1955). Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші (1957 — 1961); "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.
«Өлеңдер жинағы» (1948) «Дала дабылы» (1949) «Шуақ» (1981) «Жол үстіндегі жалындар» (1963) «Жапырақтар жанады» (1964) «Жасыл орман» (1950) «Магниттаудың оттары» (1952) «Жол сапардан» (1956) «Жаз ерке» (1957) С. Мәуленовтің 50 ден астам өлеңдер жинағы орыс, қазақ және басқа туысқан халықтардың тілінде жарық көрді. Оның ішінде: «Шаңқай түс» (1966) «Апрель жаңбыры» (1967) «Қызыл арена» (1969) «Шалқар» (1970) «Торғай қақпасы» (1960) «Шағала» (1962) «Алтын тасқын» (1981) «Жасыл жұлдыздар» (1978) «Жалын» (1979)
Сырбай Мәуленов поэзиясының бағыттары: Саясиәлеуметтік лирика Табиғат сыры Махаббат және көңілкүй лирикасы
Сырбай Мәуленов творчествосының алғашқы кездерінен бастап саяси лирикаларды мол жазды. Ақын «Финляндия вокзалында» (1963) өлеңінде: Финляндия вокзалы – Толған халық Сапырылған Балтықтың теңізіндей. Қызыл үн – қызыл гүлдер аралында Финляндия вокзалы алаңында Броновикте – Тұр ең биікте Ленин жоғарыда, – деп көсем мен халық бір екендігін, Лениннің халық мүддесі үшін күресетіндігін, «Ленинді көріп мұнда, Көтерілген ел еңсесі» деген ой түйеді.
Ақынның Ленин бейнесін көркем өрнектейтін өлеңдері: v «Ленин – өмір» v «Лениннің жазу столы» v «Ленин таулары» v «Ленин – октябрь» v «Ленин қол қойған мандат» v «Ленин кабинетінде» v «Ленин мен бала» v «Ашхабаттағы Ленин ескерткіші»
С. Мәуленов поэзиясында махаббат және көңіл күйі лирикасы ерекше орын алады. Оның «Сарқып алып аз күнде сабырымды» , «Қисет» , «Қай жерде гүл боп жайқалдың» , «Бибіжан» , «Аңсау» , «Махаббат» , «Ғашықтар сыры» , «Қара көзді, қара қас» , «Күткенде» , «Қарындасым Қанышайым» т. б. махаббат лирикасы сүйіспеншілік сезімге толы туындылар.
Ақын «Махаббат» дейтін өлеңінде «Махаббат – жұмбақ күй, елес, Құпия сыр, Өлеңге де сеніп тапсырмайтын» сияқты махаббат сыры, көңіл күбірі, сондықтан ол басқа жанға белгісіз, екі адамның сыры екендігін оқырманын иландыра жырлайды. Махаббат – Жүрмейді жеке-дара Махаббат – Үшеу емес, Біреу емес, Екеу ғана. «Қарындасым Ханышайым» атты өлеңінде лирикалық геройдың Ханышайым қарындасының көп балаға қамқоршы болып жүрген кезін бейнелейді: Кездеріңде шаршаған, Көмек етіп көл салған, Жігер құйып жел саған, Дем бергендей тау саған.
Сырбай Мәуленов өлең-жырларының ірі саласының бірі – табиғат лирикасы. Ақын өзі туып-өскен Торғай, Сыр өзені бойының табиғатын, туған еліміздің көрікті мекендерін, табиғат суреттерін тамсана жырлайды. Жасыбай көлінің Сырбай суреттеріндегі: Шаңқай түсте қайнағанда күн ысып, Ала бұлттар шұбырып кеп су ішіп, Арғымақтай жалбыр жалын сілкініп, Көл бетінен көшеді жай жылысып. дерліктей бейнесі шынымен-ақ қызықтырады, көз алдыңда бұрын көрмеген суреттер туады.
Жылдың төрт мезгіліне байланысты жырларында табиғат суретін адам тіршілігімен байланыстыра өрнектейді. Совет адамдарының өмір тынысын бейнелейді. Ақынның «Көрінбейді ала асқар» атты өлеңінде: Жел сөгіп тұман жыртылды, Шыныдай мөлдір шың тұрды. Күзетіне күн тұрды Дүние жайнап құлпырды. Сырбайдың осы өлеңі қырғыз ақыны Қубанычбек Мәліковтың «Таң» атты лирикасымен үндесіп келеді. Мысалы, қырғыз ақыны: О, не гасни, заря, среди скал И сияй этим птицам и травам! Чтобы стих на вершине звучал, Должен быть он, как ты, величавым.
Пайдаланған әдебиеттер: § Сырбай Мәуленов: өмірі мен шығармашылығы. Қазақ әдебиетінің тарихы: Алматы: Қазақпарат, 2005. § Шәріпов Ә. Мәуленов творчествосы. Алматы: Ғылым, 1985.
ан: дағ ира ын Ор Наз ова бек ұма Ж обы -3 т Kz
syrbay_m_1241_ulenov - копия.pptx