13 апта.pptx
- Количество слайдов: 12
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің шаралары Орындағандар: Амандықова М. Төлеген Э. Тулеу А. Қабылдаған: Смағұлова Г. С.
http: //www. youtube. com/watch? v=DU 2 ea 9 s 6 X v. M
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағанасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
6 -бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар 1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, кадр, бақықау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз етедi. 2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады. 3. Осы баптың 2 -тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндеттi. Ocы баптың 1 және 2 -тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi. <*> 4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады. Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы студенттер тарапынан ұсынылған тәсілдер: 1. 2. 3. Әрбір саланы жіті бақылау. Жыл сайынғы нәтиже көрсеткішіне зер салу. Тіпті, әрбір ұйымның, яки жеке сектордың жұмысын тексерістен өткізіп отыру. Заңды күшейту және орындалы барысын қадағалау.
4. Лауазымды тұлғалардың жеке бөлмелеріне арнайы құрылғылар орнату. 5. Мемлекеттік міндеттерді толығымен орындамай жатқан өкілдерді жазалау. 6. Оқу орында арнайы маман тағайындап, заңның жүйеге асуын қадағалау.
7. Жаңадан келген жас мамандарға заңды толығымен орындауын талап ету. Сонымен қатар, адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігін үйрету. 8. Егер де заңға бағынбаса өмір бойына бас бостандығынан айыру керек. Себебі, бір алған тұлғаның екі алары сөзсіз.
9. Басшы тарапынан қатаң тәртіп барысын қадағалап отыру және әр жиналыс барысында жұмысшыға заң әрекеттері жайлы түсінік жүргізіп отыру. Егер сондай жағдай болып жатса, заңға жүгіну арқылы шешілу үрейін туғызу. 10. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын жастарға меңгерту. Сол секілді жас ұрпаққа арнайы пәндер ашу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы алып қарасақ, Конвенцияда бекітілген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып табылмайды. Өйткені, жеке секторда пара алумен күресу үшін қабылданған Қылмыстық кодекстің 224 – «Заңсыз сыйақы алу» және 231 – «Коммерциялық сатып алу» баптары сыбайлас жемқорлық қыл мыстардың қатарында жоқ (307 -бап ескертулерінің 5 -тармағы). Осы қылмыстар санатын анық таған Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Бас прокурорының 1998 жылғы 16 қазандағы № 110 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы» Бірлескен бұйрығында 224 -бап, ал 2000 жылғы 5 маусымдағы № 27 осындай бұйрығында 224, 231 - баптар бар еді. Бірақ соңынан Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484 -ІІ «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодексте беріліп, оған 224, 231 -баптар енбеді. Сондықтан қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптары мен ұлттық заңнаманы сәйкес тендіру мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарын қайта қарау керек.
4 -тарау. Қорытынды ережелер 20 -бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
13 апта.pptx