ОТТЕК.pptx
- Количество слайдов: 15
Сутегі, Оттегі және олардың қасиеттерін зерттеу
Сабақтың мақсаты - ауа мен жер қыртысында оттегінің сандық қатынасын біледі - - бейтаныс заттармен олардың реакцияларын болжай білу
Жетістік критерийлері - 4 -5 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады - реакция өнімдерін болжайды және реакцияларды пайдаланып қорытындыны жасайды
Алынуы • 1) өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашықкөгілдір түсті болады.
Алынуы • Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген. Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру
Оттегінің қасиеттері • Жай заттармен әрекеттесуі металдармен, бейметалдармен • Күрделі заттармен әрекеттесуі Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер береді
Озон • Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістері • Оттегі табиғатта екі түрлі жай зат күйінде кездеседі, оның бірі O 2, екіншісі O 3, ол озон деп аталады. Oзон найзағай ойнағанда ауада пайда болады. Сонда электр зарядының әсерінен мына реакция жүреді: 3 O 2 → 2 O 3 • Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады. • Озонның формуласы О 3, салыстырмалы молекулалық массасы 48, оттегінен 1, 5 есе ауыр (48 : 32 = 1, 5), суда аз еритін, -112°С-да қайнайтын, -193°С-да балқитын газ күйінде қою-көк түсті, ал қатты күйінде көктен қаракүлгін түске дейін боялады.
Озон оттегіне қарағанда химиялық белсенді зат. Нөсер жаңбырдан кейін орманға барсақ, онда ауа тазарып дем алу жеңілдейді, себебі ауада пайда болған озон айырылып, ауаны тазартады. Озонның атмосферадағы мөлшері өте аз - 0, 004%. Озоннан молекулалық және атом күйіндегі оттек бөлінеді, соңғысы күштірек тотықтырғыш, ауадағы бактерияларды жояды. Озон осы қасиетіне қарай ауыз суды, құдыктарды, өндірістік сарқын суларды тазарту үшін (залалсыздандыру) және ағартқыш зат ретінде қолданылады.
• Атмосфераның жоғары қабатында, жерден 25 км биіктікте (стратосферада) күн сәулесінің әсерінен жерді қорғап тұратын өте жұқа озон қабаты әр түрлі кері әсерлердің салдарынан «тесіліп» , сол жерлерден күннің ультракүлгін сәулелері жер бетіне жетіп, ондағы әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады. Олар: жер бетінің температурасының біртіндеп артуы, мәңгілік мұздақтар мен мұхиттардағы мұзтауларының еруі, терінің қауіпті ісігі көбейеді. Озонды зертханада озонатор деп аталатын құралда алуға болады
Оттегі мен озонның салыстырмалы сипаттамалары Оттегі (O 2) Озон (O 3) • Ауадан сәл ауыр, () түссіз, иіссіз, суда нашар еритін газ (20°С-да судың 100 көлемінде оттегінің 3 көлемі, ал 0°С-да 5 көлемі ериді. Тыныс алу, жану, тотығу, шіру үдерістеріне қатысады. • Ашық көк түсті өзіне тән иісі бар, суда жақсы еритін, ауадан 1, 655 есе, оттегіден 1, 5 есе ауыр газ. Озон оттегіне қарағанда химиялық белсенділігі жоғары зат, бактерицидтік, ағартқыштық қасиеттері бар.
• • • • магний + оттегі литий + оттегі кобальт+ оттегі мыс+ оттегі күкірт+оттегі натрий сульфиді+ оттегі мыс сульфиді+ оттегі фосфин+ оттегі парафин+ оттегі сутегі + хлор сутегі + күкірт сутегі + мыс оксиді (әр түрлі металл оксидтерімен сутегінің әрекеттесуін болжау және сөзбен реакция теңдеулерін жазу) • қалайы оксиді+ сутегі • темір оксиді + сутегі
Дұрыс жазылған формуланы тап Na. H Ca. N HS Li. N Si. O Na. O
Na. H Ca. N HS Li Si. O Na. N
Үйге: • 1. Оттегінің физикалық қаиеттерін кестеге толықтырып жазып келу түсі иісі жануды қолдайды/ қолдамайды cуда ерігіштігі ауадан ауыр/жеңіл қату t˚C қайнау t˚C
ОТТЕК.pptx