T_1257_tenshe_Zha_1171_daylar.ppt
- Количество слайдов: 14
Сулейман Демирел Университеті ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ БЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТТАҒЫ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ Қаскелен 2013
Дәрістің жоспары: 1. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары 3. Төтенше жағдайларды жіктеу 4. Төтенше жағдайлардың бұзғыш-зақымдағыш факторлары 5. Әскери және бейбітшілік уақыттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғау
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Табиғи сипаттағы ТЖ Техногендік сипаттағы ТЖ
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына: - ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау; - ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары; ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Апаттар – бұл аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс, техногендік сипаттағы төтенше оқиға, ол конструкциялық, өндірістік, технологиялық себептер бойынша жасалынады немесе кездейсоқ сыртқы әсерлердің салдарынан болады және техникалық құралқондырғылардың немесе салулардың (ғимараттардың) бұзылуынан, қатардан шығуынан, қирап-сынуынан тұрады. Экстремальды төтенше апаттар – бұл процестердің немесе құбылыстардың нормадан ауытқулары. Өндірістік немесе көліктік апат – бұл ірі апат, ол адам өлімдеріне, біршама материалдық зияндарға және басқадай ауыр зардаптарға ұласады. Экологиялық апат – бұл ерекше ірі масштабтағы төтенше оқиға, ол (антропогендік факторлардың әсер етуімен) құрлықтың күйінің, гидросфераның және биосфераның күйлерінің өзгерулерінен болады және тірі ағзалардың жаппай көпшілік өлімімен және экономикалық зияндармен ұласады.
Төтенше жағдайларды шығу тегі бойынша жіктеу ТЖ-дың базалық жіктеулері қолданылады, олар төтенше оқиғалардың түрлері бойынша құрастырылады. Бұл тұста келесідей нөмірлеулер және терминология қолданылады: ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР: Көліктік апаттар; Өрттер, жарылыстардың қауіп-қатері; Химиялық қауіпті заттарды (ХҚЗ) шығарып тастау қауіпі бар апаттар; Радиоактивтік заттарды шығарып тастау қауіпі бар апаттар; Биологиялық қауіпті заттарды (БҚЗ) шығарып тастау қауіпі бар апаттар; Үй-жайлардың, ғимараттардың күтпеген жерден (кенеттен) опырылып құлауы; Электр энергиясының жүйелеріндегі апаттар; Тіршілікті қамтамасыз етудің тұрмыстық жүйелеріндегі апаттар; Тазарту ғимараттарындағы апаттар; Гидродинамикалық апаттар.
ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР: 2. 1 Геофизикалық қауіпті құбылыстар: жер сілкіністері, вулканның атқылауы; 2. 2 Геологиялық қауіпті құбылыстар (экзогендік геологиялық құбылыстар); 2. 3 Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар; 2. 4 Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар; 2. 5 Гидрологиялық қауіпті құбылыстар; 2. 6 Гидрогеологиялық қауіпті құбылыстар; 2. 7 Табиғи өрттер; 2. 8 Адамдардың инфекциялық жұқпалы-аурулары; 2. 9 Ауылшаруашылық жануарлардың жұқпалы аурулары; 2. 10 Ауылшаруашылық өсімдіктердің аурулармен және зиянкестермен бұзылуы, жойылуы. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР: 3. 1 Құрлық (топырақтың, ландшафтың, жер қойнауының) күйінің өзгерістерімен байланысқан төтенше жағдайлар; 3. 2 Атмосфера құрамының және қасиеттерінің өзгерістерімен байланысқан төтенше жағдайлар; 3. 3 Гидросфераның күйінің өзгерістерімен байланысқан төтенше жағдайлар.
АНТРОПОГЕНДІК ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР: Көліктік апаттар. Өнеркәсіптік объектілердегі апаттар. Жарылысқа және өртке қауіпті объектілердегі апаттар. Гидросфераның өзгерулерімен байланысқан ТЖ. Гидрометеорологиялық және гелиофизикалық қауіпті құбылыстар. Табиғи өрттер. Геологиялық қауіпті құбылыстар. Ерекше қауіпті эпидемиялар. Атмосфера құрамының және қасиеттерінің өзгерістерімен байланысқан ТЖ. Жануарлар және өсімдіктер дүниесінің күйлерінің өзгерулерімен байланысқан ТЖ. Төтенше жағдайлардың бұзғыш-зақымдағыш факторлары Төтенше жағдайлардың зардаптарының негізгі түрлері болып мыналар табылады: қирап-құлаулар, аурулар, өлім, әр алуан түрдегі жұғулар (радиоактивтік, химиялық, бактериялы) және т. б.
Әскери және бейбітшілік уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғау
ҚР ТЖМ 09. 02. 2011 жылғы № 02 «Бейбіт және соғыс уақытына арналған біркелкі құрылымдағы облыстың (қала, аудан) АҚ Жоспарын қолданысқа енгізу туралы» бұйрығы бекітілді. Әскери және бейбітшілік уақыттағы төтенше жағдайлардан барлық халықты қорғау қолға алынады, бірақ оның жеке топтары дифференциалды түрде қорғалады. Қазіргі төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады: - қорғаныш ғимараттарға, салуларға, жердегі қарапайым паналайтын орындарға жасыру; - халықты ірі қалалардан қала сыртындағы аймақтарға эвакуациялау және бөліп жайғастыру; - дербес қорғау құралдарын өз уақытында және шебер қолдану. Адамдарды паналатып жасыру үшін төтенше жағдайларға арнап қорғағыш ғимараттар салынады. Қорғағыш ғимараттар былай бөлінеді: - тағайындалуы бойынша (халық үшін немесе басқару органдарын орналастыру үшін); - орналасқан орны бойынша (жалғастырып салынған, жеке тұрған, тау кені орындағы, метродағы және т. б. ); - салып тұрғызу уақыты бойынша (алдын ала салынатын және ерекше мерзімде салынып тұрғызылатын); - сипаты бойынша (баспана немесе паналау орындары).
Баспана деп онда жасырылатын адамдарды ядролық жарылыстың, улағыш заттардың, бактериялық құралдардың (заттардың), жоғары температуралардың және зиянды түтіндердің барлық зақымдағыш факторларынан қорғауды қамтамасыз ететін геометриялық түрдегі қорғағыш ғимараттарды айтады. Қорғау дәрежесі бойынша баспаналарды 5 топқа бөледі, дегенмен 1991 жылдан бастап баспаналар негізінен 4 топтан артық емес түрде салынады. Қазіргі заманғы баспаналар – бұл техникалық жағынан алғанда күрделі ғимараттар. Олар тіршілікті қамтамасыз етудің қалыпты, жақсы жағдайларын белгілі есептік уақыт мерзімде қамтамасыз ету үшін қажетті аспаптар мен және әр түрлі жүйелердің кешенімен жабдықталаған. Алдын ала салынып тұрғызылатын баспаналарды сыйымдылығы бойынша шартты түрде келесідей түрлерге бөлуге болады: - шағын сыйымдылықты (150 адамға дейін); - орташа сыйымдылықты (150 -600 адам); - үлкен сыйымдылықты (600 адамнан аса).
ХАЛЫҚТЫ ЭВАКУАЦИЯЛАУ Эвакуация – бұл халықты бөліп орналастыру мақсаттарымен оларды қалалалардан қала сыртындағы аймақтарға ұйымдастыра тасып шығару. Эвакуация төтенше жағдайларда халықты қорғаудың тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл тұста жұмыскерлерді және қызметкерлерді эвакуациялау өндірістік қағидалар бойынша іске асырылады, ал өндірістік байланыспаған халықты эвакуациялау территориялық қағида бойынша (тұрғылықты жерлері бойынша, үй басқармалары арқылы) іске асырылады. Эвакуацияланатындардың тізімдері және жеке басының куәліктері (құжаттары) бөліп (бытыратып) орналастыру ауданында есепке алу үшін, орналастыру үшін және қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі құжаттар болып табылады. Эвакуацияны көліктердің әр түрлі түрлерінде жаяулар тәртібімен тасымалдауларды үйлестіре отырып қысқа мерзімде іске асыру қажет.
Халықты радиациядан қорғаудың тәртіптері радиоактивтік әсер ету – зақымдану аймағында қалған адамдардың әрекеттерінің тәртібін білдіреді және, сондай-ақ сәулеге түсудің мүмкін болатын мөлшерлерін азайту үшін қорғау құралдарын қолданудың тәртіптерін білдіреді. Халықты қорғау үшін радиациядан қорғаудың тәртіптерінің 3 түрлі тәртібі қарастырылған: 1) N 1 – халқы негізінен ағаш үйлерде тұратын елді мекендер үшін қолданылады (2 -3 есе радиацияны нашарлату коэффициентімен, ағаш үйлер үшін); 2) N 2 – халқы негізінен бір қабатты тас үй-жайларда тұратын (тіршілік ететін) елді мекендер үшін қолданылады (тас үйлер үшін радиацияны нашарлату коэффициенті 10 есені құрайды); 3) N 3 – халқы негізінен радиацияны 20 -30 есе нашарлатуды қамтамасыз ететін көп қабатты тас үйлерде тұратын елді мекендер үшін қолданылады. Бұл жерде мынаны есте ұстау керек: тұрғын үйлердің үй асты төлелері ішке кіретін радиацияның деңгейін біршама төмендетеді (бір қабатты ағаш үйлердегі 7 еседен көп қабатты тас үйлердегі 400 есеге дейін).
T_1257_tenshe_Zha_1171_daylar.ppt