Lek_7__1256_rt__1179_auisizdigi.pptx
- Количество слайдов: 18
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні Дәрістің тақырыбы: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Дәрістің жоспары: 1. Өрттің пайда болу себептері 2. Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштығы 3. Өрт сөндірудің бірінші және екінші құралдары 4. Өрт сөндіру жабдықтары
1. ӨРТТІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ Өрт деп кездейсоқ пайда болатын немесе байқаудан шығып кеткен жану процесін айтады. Ірі өрттер көбіне стихиялық апат сипатында болады және адамдардың бақытсыздық жағдайларымен ұшырасады. Әсіресе жеңілтұтанғыш және жанғыш сұйықтар мен газдарды сақтау орындағы өрттер өте қауіпті.
Өрттің пайда болуының негізгі себептері: отқа абайсыз қарау; дәнекерлеу және басқа да от пайдаланылатын жұмыстарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау; электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу; жылыту құралдарының бұзылуы; термиялық пештердің қате құрылуы; жылыту құралдарын пайдалану тәртібін бұзу; шоғырландыру және бояу жұмыстарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау; май сіңдірілген ысқылау материалдарының өздігінен жануы; статикалық және атмосфералық электр тоғы және басқалар.
Өрттің пайда болу себептерін жою – кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамсыздандыру; кәсіпорындарда өртке қарсы нұсқаулар мен техникалық-өрттік минимум бойынша сабақтар ұйымдастыру; аумақтарда, өнеркәсіптік, әкімшілік, қоймалық және қосалқы жайларда қатаң өртке қарсы тәртіп белгілеу; темекі тарту үшін арнайы орындар бөлініп, жабдықталу; Жеңілтұтанғыш және жанғыш заттарды сақтау үшін арнай орын дайындау; барлық жайларда өрт сөндірудің қазіргі құралдарымен қамтамасыз етілуі.
2. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАНҒЫШТЫҒЫ Өрттің ғимараттар мен құрылыстарда пайда болуы, оларда оттың таралуы көбінесе құрылымдар мен материалдардың өртқауіпті қасиеттеріне, технологиялық процестердің ерекшеліктеріне байланысты. Құрылыстық материалдар жану қасиеті бойынша үш топқа бөлінеді: жанғыштар, қиын жанатындар жанбайтындар. Құрылыс материалдарының жанғыштық топтары стандарттармен белгіленеді.
Жанғыш материалдарға от немесе жоғары температура әсерінен тұтанатын немесе бықситын және от көзін алып тастағаннан кейін де жануы немесе бықсуы тоқтамайтын материалдар (ағаш, қарақағаз, киіз т. б. ) жатады.
Қиын жанатын материалдарға от немесе жоғары температура әсерінен тұтанатын немесе бықситын және от көзі болған жағдайда ғана жанатын немесе бықситын, немесе көмірленетін және жануын жалғастыратын, от көзін алып тастағаннан кейін жануы мен бықсуы тоқтатылатын материалдар жатады. Қиын жанатын материалдар жанбайтын және жанатын құрамдардан тұрады, мысалы асфальттық бетон, құрамында 8% асатын (көпшілік) органикалық толықтырғыштар бар гипстық және бетондық материалдар, цементтік фибролит, антипирен молынан сіңдірілген ағаштар және т. б.
Жанбайтын материалдарға от немесе жоғары температура әсерінен тұтанбайтын немесе бықсымайтын және көмірленбейтін материалдар жатады. Оған табиғи және жасанды неорганикалық материалдар, құрамында 8% асатын (көпшілік) органикалық толықтырғыштар бар гипстық және бетондық материалдар, құрамында 6% асатын (көпшілік) синтетикалық, крахмалдық немесе битумдық байлауыштардағы минералды-мақталық плиталар және т. б.
3. ӨРТ СӨНДІРУДІҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ҚҰРАЛДАРЫ Ø Ø Ø Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарына жататын жабдықтар: шланг және стволмен жабдықталған өрт крандары; әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер; керекті сайман ілінген өрт тақталары (щит); су құйылған ыдыстар; әр түрлі жапқыштар (брезент, киіз, асбест т. б. ).
Бұл құралдардың ішінде ең көп тараған, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, аэрозольді, ұнтақты тағы басқа түрлі өрт сөндіргіштер болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатындары химиялық көбікті, көмір қышқылды және ұнтақты от сөндіргіштер. Бұларды бірінші деп атайтыны олар өрт шыққан жағдайда ең алдымен қолданылатын сөндіргіш құралдар болып саналады.
Екінші топтағы өрт сөндіру құралдарына: арнайы машиналар, өрттің үлкен ошақтарын сөндіру үшін пайдаланылатын тетіктер мен құрылғылар жатады. Өртке құралдар қызыл бояумен боялады, оларды басқа жағдайларға пайдалануға тыйым салынады. Алғашқы құралдар жиынтығын арнайы тақталарға жинақтап, көрнекті жерге орналастырады, жинаққа: Ø балталар (2 дана), Ø темір сүйретпелер (2 дана), Ø шелектер (2 дана), Ø өрт сөндіргіш құралдар (2 дана), Ø көлемі 0, 5 м 3 –тан кем емес құм салынған жәшік.
4. ӨРТ СӨНДІРУ ЖАБДЫҚТАРЫ Өртті сөндіру үшін әр кәсіпорында су құбырлар жүйесін орналастыру керек. Су құбырлары сыртқы (далада жер астында) және ішкі (үй ішінде) болып бөлінеді. Су алу үшін сыртқы құбырлар жүйесінде арнайы жасалған өрт гидранттары, ал ішкі құбырларда өрт крандары орнатылады. Суды өрт болған жерге жеткізу үшін өрт шлангілерімен стволдары (брандспойттар) қолданылады.
Өрт қауіпті жоғары өндірістерде өртті автоматтық әдіспен сөндіру үшін стационарлық сөндіргіш құрылғылары пайдаланылады. Олар спринклер және дренчер қондырғылары.
Химиялық көбікті от сөндіргіштер. От сөндіргіш ОХП-10 жанған қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Бұл от сөндіргішпен электр тоғы бар қондырғыларды сөндіруге болмайды, үйткені көбік ағысы электр тоғын өткізіп адамды жарақаттандыруы мүмкін. От сөндіргіш ОХП-10 мынадай бөлшектерден тұрады: баллон 1, стақан 2, оның аузын жабатын клапан 3, тесік 4, чугун қақпақ 5, тұтқа 6. Баллонға сілті ертіндісі (8. 7 л су, 400 г натрий бикарбонаты Na. HCO 3, 50 г солодтық экстракт - көбік шығарғыш) құйылады, стақанға 450 см 3 күкірт қышқылымен темірдің күкірт қышқыл тотығының қосындысы құйылады.
Көмір қышқыл от сөндіргіштер. От сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын өрт ошақтарын, тоғы бар электр қондырғыларды, автомобильдерді, іштен жанатын двигательдерді, қымбат заттарды сөндіру үшін қолданылады. Баллон (0. 9 көлемі) сұйықталған көмір қышқыл газбен СО 2 толтырылған. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 3060 с, ал газ ағысының ұзындығы 1, 5 -3, 5 м дейін жетеді.
Ұнтақты құрғақ от сөндіргіштер. Бұл от сөндіргіштерді ОПС-10, ОП-8 УІ тоғы бар электр қондырғыларды, автотракторлық қозғалтқыштарды, жанатын сұйық заттарды, сілті металлдарды сөндіруге пайдалануға болады. Ұнтақ жанған заттардың бетін жауып оны ауа оттегісінен аластайды және біршама салқындатады. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 40 -80 с.
Lek_7__1256_rt__1179_auisizdigi.pptx