
лек 4 Енбек гиген.pptx
- Количество слайдов: 16
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ Пән: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» Дәрістің тақырыбы: Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария
Дәрістің сұрақтары: 1. Жайлы микроклиматты құру бойынша шаралар. 2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. 3. Табиғи және жасанды желдеткіштер мен салқындатқыштар 4. Шаңдардың әсері
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады.
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура; салыстырмалы ылғалдылық; ауа қозғалысының жылдамдығы; жылулық сәулеленудің қарқындылығы. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2 м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.
Жұмыс ортасына сыртқы орта факторларының көрсеткіштеріне қарай: Ø қолайлы (адам жұмыс қабілетінің тиімді динамикасын, жақсы көңіл-күй және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді); Ø салыстырмалы қолайлы (қойылған жұмыс қабілетін және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бірақ адамда нормадан шықпайтын, қолайсыз субъективті сезіну мен қызметтік өзгерісті тудырады), Ø қысылтаяң (нормадан шығатын ағзада айрықша өзгерістер тудыратын және жұмыс қабілетін төмендетуге негізделген, бірақ патологиялық өзгерістерге апармайды); Ø аса қысылтаяң жұмыс ортасы (адам организмінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкелетін және еңбек қызметін орындай алмау мүмкіндігіне әкеледі) болып бөлінеді.
Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Ауа температурасы – көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін. Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.
Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын 0, 15 м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360 С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400 С жоғары температурада – жайсыз сезінеді. Сәулелі энергия әр түрлі құралдардың қатты қызуынан шығуы мүмкін. Жылу сәулелерінің ағындары инфрақызыл сәулелерден тұрады. Инфрақызыл сәулелену адам организміне жергілікті және жалпы әсер етуімен сипатталады. Сәулелі энергия жұмысшыға тек тікелей әсер етіп қана қоймай, қоршаған конструкциялармен, жабдықтармен, материалдармен шағылыса отырып, жылу энергиясына айналады, ол бөлме ішінде ауа температурасының өсуіне әкеледі.
Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12. 1. 005 -76 жұмыстың үш категориясын қарастырады. Жұмыс категориясы (организмнің энергия шығындары, Дж/с) 1 а (138 кем) Ауаның температура салыстырмалы сы, С ылғалдылығы, %, аспай 21 -25/22 -28 28 С кезде 75/55 Ауа қозғалысының жылдамдығы, /с, м аспай 0, 1/0, 1 -0, 2 1 б (138 -172) 20 -24/21 -28 27 С кезде 75/60 0, 2/0, 1 -0, 3 II а (172 -232) 17 -23/18 -27 26 С кезде 75/65 0, 4/0, 2 -0, 5 II б (232 -293) 15 -21/16 -27 25 С кезде 75/70 0, 4/0, 2 -0, 5 III (более 293) 13 -19/15 -26 24 С және төмен болған кезде 75/75 0, 5/0, 2 -0, 6
Өндірістік жұмыстың нәтижесінде алатын түрлі зиянды заттардың адам басына және қоршаған ортаға әсерінің дәрежесі, олардың қауіптілік классымен анықталады – барлығы төрт класс болады, және олар 3 кестеде келтірілген нормалар мен көрсеткіштерден байланысты белгіленеді.
Зиянды заттардың қауіптілік кластары көрсеткіштерін нормалау Атауы Қауіптілік классының нормасы 1 -ші (аса 2 -ші 3 -ші қауіпті) (жоғары (орташа қауіпті) Жұмыс аумағының ауасындағы АШК 0, 1 кем 0, 1 -1, 0 1, 1 -10, 0 (ПДК) зиянды заттар, мг/м 3 Жұмыс аумағының ауа-сындағы орта 500 кем ажалдық оғырлануы, ш мг/м 3 4 -ші (аз қауіпті) 10, 0 астам 500 -5000 -50 000 астам
мен салқындатқыштар Табиғи желдету сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады- ол: ü ұйымдастырылмаған (инфильтрация) ü ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады. Табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.
Жасанды (механикалық) желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.
Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20 м 3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20 м 3/сағ және 30 м 3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40 м 3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді.
Шаңдардың әсері Шаңдар – ерекше зиянды заттар тобын құрайды. Шаңның пайда болуы күнделікті автомобильдерге қызмет көрсету, металл мен ағаш өңдеу, автомобиль мен агрегат бұзу, бояу, термиялық және гальваникалық өңдеу, пісіру жұмыстарын орындаумен, басқа да техникалық процестер бойынша жұмыстармен байланысты.
Шаң негізінен тыныс алу жолдарына зиянды әсер етеді, жоғарғы бөлімдерде, өкпеде ауру тудырады. Шаңдар тек өкпеге ғана емес басқа дене мүшелеріне де зиянды әсерін тигізуі мүмкін: көзге, теріге, ас қорыту органдарына. Зиянды шаң денеде язва, экзема, дерматит, ісік, көзде қабыну; тамақта бронхит, астма туғызады. Шаңның аса көп химиялық белсендігі (хром, мышьяк) бар түрі ұзақ әсер етуде бұзылулар мен мұрын қуыстарының жабылуына әкеледі. Шаң өкпеде және лимфатикалық тораптарда жиналады, оның бұзылуына әкеледі.
лек 4 Енбек гиген.pptx