4 такырып.pptx
- Количество слайдов: 17
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ Экономика және әкімшілік басқару ғылымдары факультеті Экономика және қаржы кафедрасы 4 дәріс: «БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ РЕТІНДЕ
Дәрістің мақсаты: Экономикалық болжаудың ғылыми-методологиялық негізі; мемлекеттің ұлттық бағдарламасы, мемлекеттік стратегияны іске асыру негізі; стратегиялық жоспарлау методологиясын және стратегияның түрлерін талқылау. Дәріс жоспары: • 1. Экономикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылымиметодологиялық негізі. • 2. Мемлекеттің ұлттық бағдарламасы экономиканың басыңқы бағыттарымен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде. • 3. Стратегиялық жоспарлау методологиясы ұғымы және стратегияның түрлері
1. Экономикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылымиметодологиялық негізі • Экономиканы болжау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі және олардың экономиканы басқаруда алатын орны зор. • Мемлекет тиімді реттеуді атқаруы үшін жоғары деңгейде сапалы болжау жасауы қажет. • Экономикалық болжаудың мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді, толық жұмыспен қамтыуды қамта-масыз ету, инфляцияна бәсеңдету және т. б. болып табылады. • Болжауды жасауда екі әдіс қолданылады: Ø Біріншісі микроэкономикалық – бұл талдауға және жеке жоспарлар мен фирманың болжауына негізделетін әдіс. Бұл әдіс бойынша, жиналған мәліметтер қорытындыланады және мемлекеттік сектор бойынша есептеулермен бірге экономика дамуының басты бағдарламаларын жасауға негіз бола алады. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке инвестициялық бағдарламалар да жасалады. Ø Екіншісі макроэкономикалық талдауға негізделген және жалпы мақсаттарды айқындауға бағытталып, оған жету міндеттілігіне негізделген әдіс.
Кез-келген қоғам, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар - қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспарлаудың тиімді жоспары мен бағыттарын анықтау үшін қажет. Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса, экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады. • Болжам дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын маңызды түйін болып табылады. • Қоғам дамуын болжаудың негізгі бағыттарының бірі – эконо-микалық болжау болып табылады. Экономикалық болжау - бұл экономикалық болжамның барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау үрдісі.
Экономикалық болжаудың үш негізгі формасы бар Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжамды бейнелейді. – Болжам гипотезамен салыстырғанда әлдеқайда нақты сипаттама береді, өйткені ол сапалық қана емес, сандық өлшем-дерге негізделген. Жоспар алға белгілі-бір мақсат қойып, соған жетудің нақты – жолдарын белгілеу.
Экономикалық болжаулар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше топқа жіктеледі: 1) болжау кеңістігіне қарай: макроэкономикалық (халық шаруашылықтық); құрылымдық (салааралық және аймақаралық); экономикалық кешендер (отынэнергетикалық, агроөннеркәсіптік, инвестициялық); салалық және аймақтық болжамдар. 2) болжау мерзіміне қарай: оперативті (1 айға дейін); қысқа мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ мерзімдік (5 жылдан 15, 20 жылға дейін); алыс мерзімдік (20 жылдан артық мерзімге) болжамдар. 3) зерттеу объектсіне қарай: өндірістік қатынастардың даму болжамы; ғылымитехникалық прогресстің даму болжамы; халық шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы. 4) функционалды белгісі бойынша: барлау болжамдары; норма-тивтік болжамдар.
Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістері интуициялық әдістер (эксперттік баға беру) және математикалық әдістер болып екі топқа бөлінеді. • Интуициялық әдістер ішінен дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру әдістері болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа: сұхбат (интервью) жүргізу; логикалық талдау жасау; сценари құру әдістері жатады. Ал, екінші топқа комиссия құру; коллективтік идея жинақтау әдістері жатады. • Математикалық әдістер де экстрополяциялық және модельдер құру әдістері болып екі топқа бөлінеді. Экстрополяциялық әдістерге – ең кіші квадраттар; экспоненциялық түзету; тұрақсыз орташа көрсеткіштер жатады. Моделдер құру әдісіне: құрылымдық модельдер және матрицалық модельдер әдістері жатады.
3. Стратегиялық жоспарлау методологиясы ұғымы және стратегияның түрлері Бүгінгі таңда мемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың: • бюджеттік, • стратегиялық, • индикативті • директивті формалары болады.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері мынадай:
4 такырып.pptx