16- Измерение стоимости жизни.ppt
- Количество слайдов: 16
«Сулейман Демирел атындағы Университет» «Экономика» факультеті Тақырыбы: Өмірдің құнын есептеу Copyright © 2001 by Harcourt, Inc. All rights reserved. Requests for permission to make copies of any part of the work should be mailed to: Permissions Department, Harcourt College Publishers, 6277 Sea Harbor Drive, Orlando, Florida 32887 -6777.
Тұтыну бағасының индексі (The Consumer Price Index) Тұтыну бағасының индексі – бұл халықтың жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлар мен қызмет көрсетулердің тіркелген жиынтығы бойынша бағалардың жалпы деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. ТБИ қайда жерде қолданылады? Øинфляцияны бағалау үшін; Øмемлекеттің мемлекеттік бюджетін ақшалай-кредиттік және салықтық- бюджеттік саясатын қалыптастыруда; Øәлеуметтік бағдарламаларды, ақшалай табыстардың индекстелуін, әлеуметтік жәрдемақыларды, басқа индикаторларды қайта қарау үшін; Øжеке секторда ұзақ мерзімді шарттар жасауда.
ТБИ-дің халықаралық салыстырымдылығы қалай қамтамасыз етіледі? ТБИ-дің қалыптасуы ХЕҰ/ХВҚ/ОЭСР/Еуростат/ЕЭК ХБҰ/Халықаралық банк – «ТБИ бойынша нұсқау: теория және тәжірибе (2007 ж. )» (http: //www. imf. org/external/pubs/ft/cpi/manual/2004/rus/cpi_ru. pdf. ) белгіленген халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бағаны тіркеу, байқау объектісін, тауарлар (қызмет көрсетулер) және олардың сыныптамасын, индексті есептеу әдіснамасын іріктеу рәсіміне (формулалар, салмақтық құраушылар) қатысты жалпы ережелер барлық мемлекеттер үшін бірыңғай болып келеді.
ТБИ құруда қандай ақпарат қолданылады? ТБИ есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі: • бағаларды тіркеу деректерінен; • үй қызметтерінің тұтыну шығындары құрылымының бөлігінде оларды ішінара зерттеу материалдарынан.
Тұтыну шығындары – бұл тамақ өнімдерін, алкогольдік ішімдіктер, азық- түлік емес тауарларды сатып алуға және ақылы қызметтерге жұмсалған ақшалай шығындардың бөлігі. Тұтыну шығындары туралы ақпарат үй шаруашылықтарының белгілі бір кезең ішіндегі өздерінің ақшалай шығындары туралы күнделікке жазу мәліметтері бойынша қалыптасады. Баға ақпараттарын жинауды баға тіркеушілері осы мақсатқа таңдалып алынған сауда нүктелеріне және қызмет көрсету орындарына тікелей барып құлақша қағаздан (баға көрсеткіші) немесе сатушылардан сұрау және арнайы әзірленген құралдарға олардың түсірген жазбасы арқылы жүргізіледі.
ТБИ үшін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы (көбінесе “қоржын” ретінде түсіндіріледі) “Қоржын”– бұл халықтың тұрақты сатып алған заттарының (сатып алынған қызмет көрсетулер) негізін құрайтындардың тізбесі және тұтыну шығындарында едәуір салмағы бар. «Қоржынға» жаппай сұраныс тауарлары мен қызмет көрсетулер, сондай-ақ пайдаланылуы міндетті емес жекелеген тауарлар (қызмет көрсетулер) (зергерлік бұйымдар, автокөліктер және оларға техникалық қызмет көрсету, осыған ұқсастар) кіреді. ТБИ қоржынын құру үшін үй шаруашылықтарының табысы деңгейіне немесе тұрғылықты орнына байланыссыз, олардың барлық типтерінің іріктелген шеңбері бойынша оларға сатып алулары және шығындары туралы мәліметтер пайдаланылады.
ТБИ үшін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы Тұрғын үй-жайларды, бағалы заттарды (өнер туындылары, антикварлық бұйымдар және т. б. ), акциялар мен облигацияларды сатып алуға жұмсалған шығындар тұтынушылық ретінде қарастырылмайды.
Халықтың тұтыну шығындарының баптарын топтарға және бөлімдерге бөлу халықаралық стандарт ретінде қолдануға ұсынылған, мақсаттар бойынша жеке тұтыну сыныптауышына (МЖТС) сәйкес жүргізіледі.
ТБИ-ді есептеуге арналған салмақ өлшеу схемасы пайызбен
ТБИ және инфляция қарқынын есептеу мысалы: (Calculating the Consumer Price Index and the Inflation Rate: An Example) 1 Кезең: Тұтынушы қоржының құрамын анықтау (Step 1: Survey Consumers to Determine a Fixed Basket of Goods) Қоржында 4 хот-дог және 2 гамбургер бар
ТБИ және инфляция қарқынын есептеу мысалы: (Calculating the Consumer Price Index and the Inflation Rate: An Example) 2 кезең: Тұтынушы қоржынындағы әрбір тауардың бағасын анықтау (Step 2: Find the Price of Each Good in Each Year)
ТБИ және инфляция қарқынын есептеу мысалы: 3 кезең: Әрбір жыл бойынша тұтынушы қоржының құнын есептеу (Step 3: Compute the Cost of the Basket of Goods in Each Year)
ТБИ және инфляция қарқынын есептеу мысалы: 4 кезең: Базалық жылды (2001) таңдау және әрбір жыл үшін ТБИ ді есептеу (Step 4: Choose One Year as the Base Year (2001) and Compute the Consumer Price Index in Each Year) ТБИ= (Тауарлар мен қызметтер қоржынының құны)/ (Базистік жылдағы тауарлар мен қызметтер қоржынының құны)х 100
Инфляция қарқынын анықтау 2 жылдағы инфляция қарқыны= ( 2 жылдағы ТБИ- 1 жылдағы ТБИ)/ 1 жылдағы ТБИ х100
ТБИ және инфляция қарқынын есептеу мысалы: 5 кезең: Алдыңғы жылға қарағандағы инфляция қарқының анықтау үшін ТБИ ін қолдану (Step 5: Use the Consumer Price Index to Compute the Inflation Rate from Previous Year)
16- Измерение стоимости жизни.ppt