13_d_1241_ris.ppt
- Количество слайдов: 23
«Сулейман Демирел атындағы Университет» «Экономика» факультеті 13 ДӘРІС: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ІСШАРАЛАР ЖҮЙЕСІ АҒА ОҚЫТУШЫ: БЕКТҰРҒАНОВА С. Ө.
Дәріс мақсаты: Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесін, өндіріс және сыртқы әсерлерді, теріс экстерналии және экологиялық теңсіздікті, табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеуді, мемлекеттің табиғатты қорғау қызметін, қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламаларды, ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік саясатын түсіндіру. Дәріс жоспары: 1. Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесі. 2. Өндіріс және сыртқы әсерлер. 3. Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік. 4. Табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеу. 5. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметі. 6. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламалар. 7. ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік саясаты.
Қазіргі уақытта ØЖер қойнауынан жыл сайын 10 млрд. тонна руда, отын, құрылыс материалдары, Ø оның ішінде 4 млрд тон-на мұнай мен табиғи газ, 2 млрд тонна көмір шығарылады. Ø Егістіктерге 92 млн тонна минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн тонна улы химикатгар шашылады. Ø Атмосфераға 200 млн тоннадан астам көміртек тотығы, 146 млн тонна күкірт диоксиді, 53 млн тонна азот оксиді, 250 млн тонна шаңтозаң тасталады. ØСу қоймаларына 32 млрд кубометр тазартылмаған сулар тасталады. ØДүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 10 млн тоннаға дейін мұнай түседі. Ø Жыл сайын 6 -7 млн гектар егістік егін шаруашылығы үшін жарамсыз болып қалады. Ø Қоршаған ортадағы көптеген өзгерістер қайталанбайтын болды, сондықтан адамзаттың іс-әрекетін нақтылау қажеттілігі айқын.
Өндіріс пен биологиялық орта арасындағы өзара қатынастардың жаңа жүйесі • Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша экологтар зерттеулерін екі бағытта жүргізіп келген. Біреулері табиғаттың өзін ғана зерттейтін болса, екіншілері негізінен адамның табиғатқа жасайтын ықпалын зерттеген. • Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзаттың өмір сүру ортасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Адам пайдаланатын экосистемада биоэнергия қалай ауысатын толық анықтаған жағдайда ғана қоршаған ортаны тиімді пайдалануға және сақтауға болады. • Ғасырлар бойы адам өзінің өмір сүріп отырған ортасымен, өзін қоршаған табиғатпен үйлесімді жағдайда болған. Бірақ өндіріс құралдары мен өндіріс әдістерінің дамуы нәтижесінде, әсіресе, машиналық өндіріс жағдайында, адам мен табиғат арасында қалыптасқан тұрақтылық бұзылады. • Осы күндері табиғат ресурстарына ықпал жасайтын екі жағдайды атауға болады: ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) және жер шары тұрғындары санының өсуі. XX ғ. бас кезінде (1920 ж)жер бетіндегі адамдардың саны 1 млрд. 800 млн.
Өндіріс дамыған сайын қоршаған ортаның ластануы арта түседі • Ең алдымен су ресурстарына және ауаға қауіп төнеді. Ластаушы заттардың түрлері өте көп. Олардың бірталайы флора мен фаунаға, адамға, ауыл шаруашылығына теріс әсер етеді. • Өндіріс кәсіпорындары атмасфераға газ және күл-қоқыс заттарын көп көлемде шығарып ластайтыны сондай, олар осы күндері адам денсаулығына қауіп төніп отыр. • Жағалауында ірі өндіріс орындары орналасқан өзен-көлдердің суы уланып, адамдардың ауыз су ретінде пайдалануына жарамсыз болып қалады. • ХХ ғасырдың 60 -70 жж. өндірісі жоғары дамыған елде өзен-көлдердің көбі уланып, қоршаған ортаға қауіпті жағдай төндірді. Осыған қарсы өте қатал экологиялық заңдар мемлекет деңгейінде қабылданып, суды пайдаланатын және ластайтын өндіріс орындарына әртүрлі әкімшілік және экономикалық шектеулер қойылды. • Осы күндері өндірісте пайдаланылған су шайындыларын өзен-көлге төгуге қатал түрде тыйым салынады. Сондықтан өндіріс орындары технологиялық суды толық тазартып, қайта пайдаланады. • Ірі өзендерге салынған гидростанция бөгеттерінде жиналған су қоймалары мен «жасанды теңіздер» таязданып, бір жағынан гидростанцияның қуаты күрт азайған, екіншіден, өздерінің құйылымдық көлемі кеміген. Өндірістің қарқынды өсуінен жер бетіндегі теңіздер мен мұхит суларының да қатты ластанғанын
Қала тұрғындарының тез өсуі, белгілі бір шағын ғана жерде миллиондаған адамдардың шоғырланып өмір сүруі қоғамда өте күрделі әлеуметтік- экономикалық және экологиялық проблемаларды қалыптастырады • Ірі қалаларда көптеген өнеркәсіп орын- дары , транспорт және басқа да өндіріс орындары орналасқан. Мамандардың пікірінше, қаладағы көптеп шоғырланған өнеркәсіп орындары, автокөліктер және қала тұрғындардың тіршілігі ауа мен суды, жерді ластап уландырады. Ауаны улап ластайтын заттардың жартысынан көбін қаланың автокөліктерішығарады. Ал өнеркәсіп орындары шоғырланған индустриалды қалаларда қоршаған ортаны, ауа мен су көздерін әр-түрлі химия, металлургия, т. б. өндіріс орындары ластайды. • Сондықтан осы күндері экология қоршаған ортаны зерттеп – тану ғылымынан бұрын табиғатты қорғау іліміне айналуы қажет. Қазіргі кезде экологтар мен экономистердің ісәрекеттерін сәйкестендіру, олардың көзқарастарын жақындату мәселесі туындады. Мысалы, белгілі бір аймақтың энергетикалық даму жобасын жасағанда, бұл жобаның қоршаған ортаға, табиғатқа жасайтын теріс ықпалын есепке алып, өлшеп, оның экономикалық бағасын анықтау қажет. • Индустриалды дамудың бастапқы кезеңдерінде, ХХ ғасырдың бірінші жартысында өндіріс ресурстарының ішінде капитал шектеулі деп саналған болса, ендігі заманда да, ХХ ғасырдың соңында ең тапшы нәрсе – ол табиғат ресурстары болады деп түсінген. Ал бұл көзқарас экономикалық теорияның ең негізгі принциптерін жаңаша түсіндіруге мәжбүр етеді. • Ғалымдардың айтуынша, осы күндері ұлттық табыспен ұлттық өнімнің құнын өмір сүру мен қоршаған ортаның жағдайын есепке алып, анықтаған дұрыс болды. Экономикалық жүйенің қызмет атқару механизмін (нарық механизмін) экология заңдарының негізінде реттеп – түзетіп, жаңаша құрған дұрыс. Экономиканың өсуі, тұрғындарды жұмыспен және азық – түлікпен қамтамасыз ету мәселесі экология тепе –теңдігін бұзбай, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әдісімен шешімді. • Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктері табиғат ресурстарын үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық проблемаларды экономика негізінде шешуге жұмылдырылады.
2. Өндіріс және сыртқы әсерлер • Сыртқы әсерлер – бұл бағада өз бейнесін таппаған нарықтық мәмілелердің салдарынан болатын шығындар мен пайдалар. Олар өндіріс нәтижелерінде сияқты тауарлар мен қызметтерді тұтыну нәтижесінде пайда болады. , сыртқы әсерлер әлеуметтік шығын (пайда) мен жеке шығындар (пайдалар) арасындағы айырманы көрсетеді. • Кері сыртқы әсерлер бір экономикалық агенттің қызметі басқалардың шығындалуына әкелген жағдайда туады. Мысалда қарастырайық. Целлюлозды-қағаз комбинаты жеткіліксіз тазартылған суды өзенге құяды. Ағынды суды құю өндіріс көлеміне пропорционалды делік. Бұл өндірістің өсу шамасына байланысты қоршаған ортаның ластану көлемі де өсетінін білдіреді. Комбинат суды толық тазартпайтындықтан, оның шекті жеке шығындары тазалағыш құрылыстың қосымша жүйесін құруға шығындарды қоспайтындықтан, шекті қоғамдық шығындардан төмен болады. Бұл шығарылған өнімнің көлемі өндірістің тиімді көлемінен асып кетуіне әкеледі. Кері сыртқы әсер болғанда, экономикалық игілік тиімді көлеммен салыстырғанда үлкен көлемде сатылады және сатып алынады. Яғни, кері сыртқы әсерлі тауарлар мен қызметтерді артық өндіру орын алады. • Оң сыртқы әсерлер бір экономикалық агенттің қызметі басқаларға пайда әкелетін жағдайда туады. Білім берудің дамуы оң сыртқы әсерлердің жетістігінің өте жақсы мысалы болып табылады. Қоғамда оның әрбір мүшесі отандасы жақсы білім алатынынан ұтады. Дегенмен әр қайсысымыз білім алу туралы шешім қабылдағанда қоғамның бүтіндей алатын пайдасы туралы ойланбайтын шығармыз. Тұтынушы шешім қабылдай отырып, жақсы білім алумен байланысты шығындарды, осы білім алудың нәтижесіндегі пайдамен байланыстырады. Адам капиталына инвестиция салу қоғам үшін үйлесімдіден гөрі төмен болатыны таңқаларлық емес. Оң сыртқы әсер болғанда, экономикалық игілік тиімді көлеммен салыстырғанда аз көлемде сатылады және сатып алынады, яғни оң сыртқы әсерлі тауарлар мен қызметтерді жеткіліксіз өндіру орын алады.
Кері сыртқы әсерлі тауарлар мен қызметтерді артық өндіруді қысқарту үшін және оң сыртқы әсерлі тауарлар мен қызметтердің жеткіліксіз өндірісін толықтыру үшін сыртқы әсерлерді ішкіге өзгерту қажет. • Сыртқы әсерлерді ішкіге өзгерту шекті жеке шығындарды шекті әлеуметтік шығындарға жақындату арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. • А. С. Пигу осы проблеманы шешу үшін түзетуші салықтар мен субсидияларды пайдалануды ұсынды. • Түзетуші салық – бұл шекті жеке шығындарды шекті қоғамдық шығындар деңгейіне дейін көтеретін кері сыртқы әсерлермен сипатталатын экономикалық игіліктер өндірісіне салық. Комбинатпен байланысты мысалымызда шекті сыртқы шығындарға тең салық Т=МЕС, нарықтық тепе-теңдікті тиімдіге жуықтата алады: • MSB=MSC. • Түзетуші субсидия - бұл шекті жеке пайданы шекті қоғамдық пайдаға жуықтатуға мүмкіндік беретін оң сыртқы әсермен сипатталатын экономикалық игіліктердің өндірушілері мен тұтынушыларына субсидия. • Білім берумен байланысты жағдайда шекті сыртқы пайдаға тең (S=MEB) түзетуші субсидияны студенттерге беруге болады, бұл білім беретін мекемелердің қызметіне олардың сұранымын MSB=MSC деңгейге дейін көтерер еді. • Түзетүші салықтар мен субсидиялар сыртқы әсерлерден өмір сүруіне байланысты туатын проблемаларды толық шеше алмайды. 1 -шіден, нақты өмірде шекті шығындар мен пайданы дәл есептеу қиын. 2 -шіден, залалдың көлемі заңды және саяси талқылаудың барысында жуықтап анықталады. Сонымен бірге, кері сыртқы әсерлермен сипатталатын игіліктерді өндірушілердің төлейтін түзетуші салықтары қойылған мақсатқа әр кезде жете бермейді. Осылар проблеманы шешудің жаңа жолдарын табуға әкелді. Ол ең алдымен Р. Коуздыңжұмысымен байланысты.
3. Теріс экстерналии және экологиялық теңсіздік • Әлеуметтік шығындар проблемасын талдау Коузды Дж. Стиглер атағандай “Коуз теоремасы” тұжырымына әкелді. • Оның мәні мынада: егер барлық жақтардың меншік құқы анықталса, ал трансакциялық шығындары нөлге тең болса, ақырлы нәтиже (өндіріс құндылығын ұлғайтатын) меншік құқын бөлудегі өзгерістерден тәуелді болмайды. • Мұны Дж. Стиглер былайша айтты: «. . . Жетілген бәсекеде жеке және әлеуметтік шығындар тең”. • Коуз, егер қатысушылар өздері келісе алса, және осы келіссөздердің шығындары өте аз болса (трансакциялық шығындар нолге тең), онда жетілген бәсекеде екі жағдайда да өндіріс құндылығын ұлғайтатын максималды нәтижеге қол жетеді деген тұжырым жасады.
Мынандай мысал келтіреді: • Егіншілік ферма мен мал шаруашылық ранчо көрші орналасқан: жер иесі бидай өсіреді, ал малшы уақыт сала көрші жердегі егісті отап кететін мал өсіреді. Дегенмен бұл проблеманы мемлекеттің араласуынсыз шешуге болады. • Егер мал бағушы залалға жауапты болса, екі вариант мүмкін: мал өсіруші не жөнделмеген жер үшін фермерге төлейді, не фермерге өнделмеген жерге фермердің төлейтінінен көптеу төлеп, жерді өзі арендалауды шешеді, бірақ ақырлы нәтижесі бұрынғыдай болады, өндіріс құндылығының ұлғайғанын білдіретін болады. • Егер залал үшін жауапкершілік болмаса, ресурстарды орналастыру бұрынғыдай болады. Айырмашылық тек енді төлемді фермер өтейді. Нөлдік трансакциялық шығында фермерде де, мал өсірушіде де, олардың әрқайсысы табыстың өсуінде өзінің үлесін алатындықтан, өндіріс құндылығын көбейтуге экономикалық стимулы болады. Дегенмен, трансакциялық шығындарды есептеуде қалаулы нәтижеге қол жеткізілмеуі де мүмкін. Сонымен бірге залалды бағалауда тұтынушылық қалау түрліше болуы мүмкін. • Эксперименталды зерттеулер Коуз теоремасы мәніне қатысушылардың шектеулі саны үшін ғана дұрыс екенін көрсетті. Қатысушылардың саны өскен жағдайда трансакциялық шығындар бірден өсіп кетеді.
4. Табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеу. • Әкімшілік-құқықтық әдістер: Ø тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; Ø шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тыйым салуды; Ø түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандартгар жүйесін белгілеуді қарастырады. Экономикалық әдістері : Øқоршаған ортаны қорғау жөніндегі ісшараларды жоспарлау және қаржыландыру; Ø табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу; Øтабиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу; Øқоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру; Øэкологиялық сақтандыру; Øқоршаған ортаны қорғау қорларын құру. • Мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандыруына негізделген экономикалық әдістер. • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ісшараларды қаржыландыру барлық деңгейдегі бюджеттерде жеке жол болып бөлінеді.
5. Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметі • Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өндіруді қамтамасыз ету үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың функциялары: q табиғи ресурстарды баскару; q қоршаған ортаны қорғауды және жақсартуды жоспарлау; q экологиялық нормалау; q қоршаған ортаға әсерді бағалау; q экологиялық сараптама; q экологиялық лицензиялау; q экологиялық аудиттеу; q экологиялық мониторинг; q экологиялық бақылау; q экологиялық тәрбие және білім беру.
Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін • қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау мақсатында, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді. • Экологиялық нормалау - ПДК қорғау саласында нормативтер белгілеу. • Экологиялық аудиттеу - кәсіпорындардың табиғатты ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жай-күйін тексеру. • Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін жауап беретін мемлекеттік органдар: ұйымдар ға және меншік нысанына және бағыныстылы ғына қарамастан басқа да нысандарға (қызметтік ку әліктерін к өрсетіп) кедергісіз кіруге, танысу үшін құжаттаманы, талдаулардың нәтижелерін және бақылауды ж үзеге асыруға қажетті өзге де материалдарды с ұратуға және тегін алуға; қоршаған ортаны қорғау мен сауықтандыру жөніндегі жоспарлар мен іс -шараларды ң орындалуын тексеруге ; мемлекеттік экологиялы қ сараптама өткізу ж өнінде ұсыныс енгізуге және оның қорытындыларыны ң орындалуын тексеруге; республика аумағына экологиялы қ қауіпті жүктерді (б ұйымдарды), қалдықтарды ж әне қоршаған орта сапасының және экологиялы қ талаптардың нормативтері бұзылып ж үзеге асырылатын шикізат ресурстарын экелуге, сондай-а қ транзиттеуге тыйым салу жөнінде ұйғарымнама шы ғаруға; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу нәтижесінде келтірілген зиянны ң мөлшерін анықтауға және осының нәтижесінде кінәлі тұлғаларға осы зиянды ерікті т үрде өтеуге талап қоюға немесе сотқа талап табыс етуге; экологиялы қ сараптама жөнінде қорытынды жасау ға тиісті қаржы-кредиттік ұйымдар ға экологиялы қ талаптар бұзылып немесе экологиялы қ сараптаманың жағымды қорытындысыз ж үзеге асырылып жат қан шаруашылық немесе өзге кызмет нысандарын салуды ж әне пайдалануды қаржыландыруды то қтату туралы ұйғарымнама табыс етуге құқылы.
6. Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық бағдарламалар ØТабиғатты пайдалануды экономикалық реттеуде дамыған индустриалды елдердің тәжірибесін қарастырайық. ØАҚШ-та қазіргі уақытта экономикалық реттеудің нарықтық әдістерінің негізінде «баббл-қағидат» әдісі ( «құты қағидаты» ) аталатын әдіс алынады. ØБақылау әрбір жеке құбырға, пешке емес, қоршаған ортаны ластайтын көптеген қондырғылары бар бүкіл кәсіпорынға орнатылады. Қандай да бір немесе өзге заттардың тасталуының мөлшері анықталады. Кәсіпорын ластанудың тапсырылған деңгейі аспауға тиіс орасан зор күмбездің ( «құтының» ) астында деп қарастырылады. Кәсіпорын осы деңгейдің шектерінде жекелеген құбырлардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін өзі белгілейді және жалпы нормативке жетуге болатын түрлі тәсілдерді өзі таңдай алады: отынның бұдан да таза түріне көше алады, технолгияның бір түрін басқаға ауыстыра алады, өндіріс бейінін өзгерте алады, оның мөлшерін қысқартып, ең қауіпті цех-тар мен учаскелерді жаба алады. Ø «Баббл-қағидасының» артықшылығы, эсіресе, ол тастаудың жалпы лимиті (немесе нормативі) заң жүзінде белгіленген өңірдің барлық кәсіпорындарына таралғанда көрінеді. Егер бір кәсіпорындар қалдықтарды залалсыздандырудың тиімді әрі қымбат емес тәсілдерін тауып, сонымен бірге қалдықтарды тастаудың өмірлік нормативтен төмен болуын қамтамасыз ете алса, онда басқалар олардан орта деңгейден тыс тастау құқығын (алайда өмірлік норматив шеңберінде) сатып алады.
Батыс Европада, сондай-ақ АҚШ-та Қалдықтар биржалары құрылған. ØБұл қалдықтар шығарушылар мен оларды ықтимал тұтынушылар арасындағы делдалдық ұйымдар, сондай-ақ олар қалдықтардың қайсысы өндірістік қажетке жарамды екенін қадағалап отырады. ØҚалдықтар биржалары өнеркәсіпшілерді қоқыс тастайтын жерге әкелгенді пайдалануға немесе өңдеуге, сонымен бірге бастапқы шикізаттың орнына пайдалануға тартуға тырысады. Ø Екінші жағынан, биржалар кәсіпорындарды олардың өздерінің қалдықтарын өздеріне өңдеуге мүдделі етуге тырысады. •
7. ҚР экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік саясаты qҚазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20 -30 жыл ішінде едәуір шиеленісті. q. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын, шаруашылық кешендер жұмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай тұрақсыз экологиялық жағдай қалыптасты. q Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиғи ортаның кауіпті азуы әлі де жалғасуда.
Су көздерінің экологиялық жай-күйіне көңіл аударайық q. Ең жағымсыз жағдай Ертіс өзенінің бассейнінде қалыптасты. Жекелеген учаскелердің ластану деңгейі жол берілетін шекті шоғырлануынан (ЖШШ алты валенттік хром бойынша 5 -7 есеге, органикалық қоспалар бойынша - 1, 3 -3, 5 есеге, мұнай өнімдері бойынша 20 -30 есеге асады. Зиянды заттар Балқашқа да молы-нан тасталады: «Балқашмыс» ӨБ жылына мыс, қорғасын, сынап тастайды. Мұнымен бірге, өзен салалары Балқашқа органикалық заттарды көптеп әкеледі. qҚазақстанның су ресурстарының 45%-ы Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Қыргызстаннан және Қытайдан ағып келетін өзендерден құралады және тек 55%-ы ғана республика аумағында: 19%-ы - Қытайдан, 15%-ы - Өзбекстаннан, 8%-ы — Ресейден және 3%-ы — Қырғызстаннан қалыптасады. Қазақстанның суға ңажеттілігі 34 -40 текше километрді құрайды. q. Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны, коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды. q. Арал теңізі - экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың моолаюына әкеп соқтырды. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде.
Қазақстанның жайылымдары - республканың ұлттық байлығы q. Олар 182 млн га ауданда орналасқан және сонымен бірге республика аумағының 67%-ын және бүкіл ауыл шаруашылығы жайылымдарының 81%-ын ала отырып, республиканың негізгі экологиялық ортасы болып табылады. q. Жердегі барлық тіршілік континенттерді жабатын жұқа, берік емес қабатқа байланысты. Осы бағалы қабат өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады, алайда бүлінуі де тым жылдам болуы ықтимал. q «Әлемдік қорғаушы» институтының деректері бойынша жыл сайын континенттер топырақтың сыртқы құнарлы қабатының 24 млрд тоннасын (АҚШ-тың бүкіл жыртылатын жерінде соншама) жоғалтады және жағдай одан әрі нашарлауда. Африкада 1 млрд га-дан астамы, Азияда да 1, 4 млрд га аздап немесе тұтастай шөлейттенген, ал Солтүстік Америкадда қуаң жерлер 74%-ды құрайды; ЕО-ның 15 елі де шөлейттенуден зардап шегуде.
Шөлейттену неден пайда болады және оны не шиеленістіреді? Адам қызметінің мына төрт түрі оған тікелей себепкер болады: Øтопырақты тым аздыртуға әкеп соқтыратын жерді шамадан тыс пайдалану; Øмалды топырақты бүлінуден қорғайтын өсімдік жабынын шамадан тыс құртатындай жаю; Øжер бетіндегі топырақты ұстап тұратын ағаштарды жойып ормансыздандыру; Øсуармалы жерлерді тұздандыруға әкеп соқтыратын суландырудың қате әдістері. • Шөлейттену - әлемді шөлдердің басуы емес, бұл биологиялық және экономикалық өнімділікті жоғалтумен қоса қуаң жерлердің азуы. • Негізінен шөлейттену жер ресурстарын ұқыпсыз пайдаланудан (481, 1 млн. га) және техногендік факторлардан (6 млн га) пайда болады. • Қазақстанда БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі. • Жерлердің одан әрі азуының алдын-алу; егістіктердің құнарлығын қалпына келтіру; орман көлемін кеңейту; ерекше қорғалатын аумақтар желісін құру; жер қойнауын ұтымды пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу; жерлердің техногендік бүлінуінің алдын алу және оларды қайтадан өңдеу сияқты ісқимылдар қарастырылған.
Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік: 1. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу және көму мәселелері. Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны құрайды. 2. Шиеліністі радиациялық жағдай. qҚазақстан - шикізат өндіру, ядролық оқ-дәрі жасау және сынау, ядролық ракеталарды сынау және жою, қалдықтарды көму ядролықстратегиялық бағдарламалар толық мөлшерде жүзеге асырылған Жер бетіндегі жеке дара орын. Мұның барлығы радио-нуклидтермен, радиоизотоптарымен, уран кәсіпорындарының, зымыран-ғарыштық кешендердің өнеркәсіптік қалдықтарымен ластануына байланысты. qҚазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі 20 млн гектарды құрады; жалпы қуаты 50 мегатоннаға жуық 500 әуе және жер асты жарылыстары жүргізілді. qҚоршаған ортадағы орын алған өзгерістер халықтың денсаулығына өте әсер етеді. Адамдардың үшінші ұрпағының өзі топырақ, су, өсімдіктер, мал еті арқылы зиянды ықпалға ұшырайды.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар - атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады. • Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын, стандартгары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.
Қоршаған ортаның сапа нормативтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады: qқоршаған ортадағы зиянды заттардың шекті жол берілетін шоғырлану нормативтері; qшудың, тербелудің, магниттік өріс пен өзге де зиянды физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлерінің нормативтері; q радиациялық әсердің шекті жол берілетін деңгейінің нормативтері; q қоршаған ортаға шығарылатын және тасталатын ластайтын заттардың шекті жол берілетін нормативтері; q ауыл және орман шаруашығында агрохимикаттарды қолданудың шекті жол берілетін нормалары; қорғау, санитарлық-қорғаныс және өзге де қорғаныс аймақтарының нормативтері.