Лек. 4 Синэкология.pptx
- Количество слайдов: 16
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ Дәрістің тақырыбы: Синэкология – қауымдастықтар (биоценоздар) экологиясы
Дәрістің жоспары 1. Биоценоз туралы түсінік 2. Экожүйеге анықтама 3. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары 4. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп – қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (грекше bios-өмір, koinos- жалпыортақ) – бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер. Биоценоз ұғымын 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды.
Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ол белгілі ретті, бір- бірімен байланысқан üфитоценоздан ( өсімдіктер); üзооценоздан (жануарлар жиынтығы); üмикоценоздан (саңырауқұлақтар жиын. ); üмикробиоценоздан (микроорганизм. ) тұратын жүйе.
фитоценоз зооценоз микроценоз
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Біртекті жағдайлармен сипатталытын, организмдердің белгілі бірлестіктермен қоныстанған кеңістік – биотоп деп аталады. Биогеоценоздар әртүрлі көлемде, мөлшерде болуы мүмкін. Мысалы, орман, көл, шалғындық және т. б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кезкелген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады: - продуценттер - біріншілік продукцияны өндірушілер (жасыл өсімдіктер), өздерінің денелерін бейорганикалык косылыстар есебінен құратын автотрофты организмдер.
консументтер - жануарлармен қоректенетін организмдер, жырткыштар – гетеретрофты организмдер; - редуценттер - өлі органикалық заттармен қоректенеді, оларды ыдыратып кайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы азот, минералды элементтер және көмір қышқыл газы экожүйеге қайтарылып шығарылады; - өлі табиғат компоненттері
Экологияның ең негізгі объектісі - экологиялық жүйе, немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдаланудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе терминін алғаш рет 1935 жылы ағылшын ғалымы А. Тенсли ұсынды.
Табиғи экожүйелер мынадай топтарға бөлінеді: - құрғақтағы; - теңіз сулары; - тұщы сулар экожүйелері. Кұрғақтағы: тундра, тайга, дала т. б. Тұщы сулар экожүйесі: өзендер, көлдер, бұлақтар, су қоймалары, батпақтар. Теңіз экожүйесі: теңіздер, ашық мүхит, шельф зоналары т. б.
Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары Экожүйелердегі түрлер бірімен өзара қарым қатынаста болады. “+” - пайдалы қарым - қатынас; “- ” – пайдасыз қарым - қатынас; “ 0” – әсері жоқ қарым – қатынас.
Барлық биотикалық қарым – қатынастар 6 топқа бөлінеді: 1. “++” өзара тиімді: а) протокооперация, тиімді бірақ міндетті емес; б) симбиоз - бірге тіршілік ету; в)мутализм –бір-біріне пайдалы. 2. “+0” -пайдалы біртарап: а) арамтамақтық –ағзалардың қалдықтармен коректенуі; б) квартиранттық; 3. “-0” - зиянды біртарап
4. “ 00” –бейтарап қарым-қатынас. 5. “+-” – пайдалы және зиянды: а) жыртқыштық; б) паразитизм. 6. “--” өзара зиянды немесе бәсекелестік.
Экожүйедегі энергия Экожүйедегі заттар айналымы – оған қажетті төрт түрлі бөліктердің (биогенді элементтердің қоры, продуценттер, консументтер және редуценттер) барлығының қатысуымен ғана жүреді. Энергия мен қоректік заттардың белгілі бір көзден - жасыл өсімдіктерден, организмдер қатары арқылы одан да жоғары трофикалық деңгейлерге кезекпен берілуі қоректік тізбек деп аталады. .
Трофикалық деңгей - әр организмдер тобының қоректік тізбекте алатын орны. Бірінші трофикалық деңгей - шөппен қоректенетін продуценттер, қалған денгейлерге, консументтер жатады Барлық экожүйелерде бірінші реттік және екінші реттік өнімдердің белгілі бір қатынасы болады, ол өнімдердің пирамидалар ережесі деп аталады.
Экологиялық пирамидалардың үш түрі бар: - сандар пирамидасы (Эльтон пирамидасы), әр деңгейдегі организмдердің санын сипаттайды; - биомассалар пирамидасы - тірі заттардың массаларын сипаттайды; - продукциялар (немесе энергия) пирамидасы, бірінші реттік продукцияның (немесе энергияның) әрбір трофикалық деңгейлерде өзгеруін көрсетеді.
Гомеостаз және экологиялық жүйенің сукцессиясы. Гомеостаз – ішкі ортаның химиялық құрамы мен физика-химиялық қасиетінің тұрақтылығын көрсететін түсінік. Ал экологиялық жүйелер үшін, оның қозғалыстағы тұрақты тепе-теңдік күйі гомеостаз деп аталады. Кез-келген экологиялық жүйенің басты шарттарының бірі – осы гомеостатикалық күй. Сукцессия - біртіндеп бір биоценоздың орны екінші бір биоценозбен алмасуы.
Лек. 4 Синэкология.pptx