SULEIMAN_DEMIREL_UNIVERSITY.pptx
- Количество слайдов: 13
SULEIMAN DEMIREL UNIVERSITY Курстық жұмыс Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Жоспар: 1)Кіріспе 2)Нарық 3)Қазақстанда нарықтың дамуы 4)Қазақстан стратегиясы 5)Қорытынды 6)Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру, қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр. Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де. Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады. Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде. Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді. Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе. Осы тақырыпты таңдау себебім де осында. Нарықтық экономиканы алғаш рет А. Смит қарастырған. Оның «Халық байлығы» атты еңбегі 1776 жылы шыққан. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес, ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі. Смиттің пікірінше, нарықтық экономика – көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі. Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша нарық – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Нарық шегінде бағалылықтың белгілі біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. Смит ілімінен шығатын қорытынды: нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие: Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі; Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді; Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді; ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі; Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды. Нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады: • Табыс алуға кепілдік бермейді; • Толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді; • Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді; • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады; • Ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
1. 2. 3. Нарықтық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді: маржиналдық талдау принципі негізінде нарықтық субъектілер мінез – құлқы құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Нарықтық талаптарға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде нарықтық экономиканың бір қалыптан екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді. Бұл жаңа, шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде нарықтық экономикаға әсер етпеуінен болып отыр. Жетілген нарық жағдайында, үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргіуші субъектілердің шексіз саны болғанда, осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол нарықтық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-теңдікі ұстап отырады. Балама талдау шығындардың принципі. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде болады. Нарықтық экономиаканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз, бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді. Экономиакалық рационалдылық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді. Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететіні шекті болып табылатын өзгермелі варианттардың бірінде іске асырылады. Рационалдылық критерийі табысқа деген құқықпен анықталады.
Қазақстанда нарықтың дамуы Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтікэкономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.
Қазақстанды дамыту үшін шетл инвстиццияларын тарту және оны тиімді пайдалану. Осы бағдарламада президентіміз экономика саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті: -1 кезең макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізі процестерін қамтиды: меншікті жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толықтыру; -2 кезең экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін телекомуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту үшін, сонымен бірге дамыған тауар және бағалы қағаздар мен интелектуалды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет; -3 кезең экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамытумен, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жетумен, Қазақстанның әлемнің индустриалды елдер қатарына кіруі әлемдік саудада позициясының нығайюымен сипатталады.
Стратегияның маңызды элементтерінің бірі – Қазақстанның қайта түрленуі мен даму қарқыны болып табылады. Дүниенің бірқатар елдерінің жедел экономикалық өсу стратегиясы ойдағыдай жүзеге асырылған. Олардың қатарында: ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Ганк –Конг бар. Нарықтық экономика ұдайы өз арнасымен «өз заңдылық шартымен» ілгерілеп отыруы тиіс, өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған сәйкес келетін нақты міндеттері бар. Бірінші кезең 1992 -1995 жылдарды қамтиды және макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталуы тиіс; олар меншікті мемлекет иелігінде белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. Екінші кезең (1998 -2005 ж). Экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта нарығын бұдан басқа: капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар құру болмақ. Екінші кезең ішінде экономиканың қарқынды дамуының қозғаушы күшері мен ынталандырмалы: толыққанды механизмдер; барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі; табиғатты ұтымды пайдалану; шапшаңдығы үдей түскен жоғары технологияларды игеру процессі мен дүниежүзі экономика шектерді жеңіп алу; отандық және халықаралық бизнес салаларында білікті кадр корпусы пісіп-жетілуі тиіс.
Жалпы айтқанда нарық дегеніміз – тауарларды сату-сатып алу формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі жақты байланыс; тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың, құрылымның және тағы басқа сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтықты айтамыз. Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егерде мына жағдайлар айқын болжанып және анықталса: Тауарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау. Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқаруы керек. Өзгерістер бола қалса қатысушылырдың соған бейімделе беруіне қол жеткізу. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының нарық жағдайы және алдына қойылған мақсаттары туралы жалпы түсініктеме беріп, толық ашып кеттік. Осы курстық жұмысты осындай мәліметтермен толық ашып кеттік деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер 1. Әубәкіров Я. Ғ. , Байжұманов Б. О. «Экономикалық теория» Алматы 1999 ж. 2. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельностив экономике Казахстана» . 3. Василевский А. «Конспект лекций по экономической теорий» . 4. Жүнісов Б. А. «Жалпы экономикалық теория» , Алматы 2002 ж. 5. Крымова В. «Экономикалық теория» , Алматы 2003 ж. 6. Сейтқасимова Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» , Алматы 2001 ж. 7. Егеменді Қазақстан, 2005 ж. 1 ақпан, 4 маусым, 6 сәуір, 11 мамыр. 8. Жетісу, 2003 ж. 25 қаңтар. 9. Атамекен, 2002 ж. 1 ақпан, 5 маусым, 17 қаңтар. 10. Атамекен, 2006 ж. 1 ақпан, 11 қаңтар. 11. Осипова Б. «Экономикалық теория» 12. Колесникова В. «Экономикалық теория» , Москва 2000 ж.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! Орындаған: Тілеуқабылов С. Тексерген: Бектұрғанова С.
SULEIMAN_DEMIREL_UNIVERSITY.pptx