Су.pptx
- Количество слайдов: 10
“Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер. » тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау; ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу; б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақ жоспары: I кезең – «Бой сергіту» II кезең – «Топтық жұмыс» III кезең: «Ойлан, тап» ойыны. IV кезең: «Есепке кім жүйрік? » V кезең – «Қорытындылау» .
I кезең – «Бой сергіту» «Су тамшысы» тобының сұрақтары: 1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр? 2. Су молекуласының құрамы қандай? 3. Ерітінділер деген не? 4. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді? 5. Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?
I кезең – «Бой сергіту» «Еріткіш» тобының сұрақтары: 1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар? 2. Дистилденген суды қалай алады? 3. Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады? 4. Ерітіндінің пайыздық концентрациясын қалай есептейді? 5. Су қандай заттармен әрекеттеседі?
I кезең – «Бой сергіту» «Ерітінділер» тобының сұрақтары: 1. Ауыз су қалай тазаланады? 2. Судың ластануының қандай түрлері бар? 3. Неліктен мұз суда жүзеді? 4. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді? 5. Қатты заттардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
II кезең – «Топтық жұмыс» 1 -топ-судың қасиеттерін «кластер» стратегиясы арқылы таныстырады; 2 -топ – су мен ауа қасиеттерін салыстыра отырып «Венн диаграммасын» толтырады; 3 -топ – «су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазады;
III кезең: «Ойлан, тап» ойыны. «Су тамшысы» тобының тапсырмасы: 1. Ва+О 2→ 2. К+H 2 O→ 3. С+ О 2→ «Ерігіштік» тобының тапсырмасы: 1. Mg+ H 2 SO 4→ 2. H 2 O+Ca. O→ 3. Na+H 2 O→ «Ерітінділер» тобының тапсырмасы: 1. Zn+HCl→ 2. K+O 2→ 3 Mg+ H 2 O →
IV кезең: «Есепке кім жүйрік? » «Су тамшысы» тобы: 1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық концентрациясын есептеңдер. 2. Тұз қышқылының массалық үлесі 10% (тығыздығы ρ= 1, 047 г/мл). Көлемі 150 мл ерітіндідегі тұз қышқылының (НСl) массасын есепте. «Ерігіштік» тобы: 40 г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай? 2. Көлемі 2 л, молярлық концентрациясы 0, 1 моль/л Na 2 SO 4 ерітіндісін дайындау үшін натрий сульфатының қандай массасы қажет болатынын есептеңдер. «Ерітінділер» тобы: 1. 250 г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет болады? 2. Судың 500 мл-де 100 л хлорсутек (қ. ж) ерітілді. Алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
Сабақты қорытындылау
Су.pptx