Студенттің Өзіндік Жұмысы Тақырыбы: Цитокиндердің негізгі топтары.
Студенттің Өзіндік Жұмысы Тақырыбы: Цитокиндердің негізгі топтары. Олардың сипаттамалары. Цитокиндік желісі, түсінігі. Орындаған: Aдилова А 302 “А” топ Тексерген: Жарасов М Ж Ақтөбе, 2013 жыл
ЖОСПАРЫ: § КІРІСПЕ. Цитокиндер туралы түсінік. § НЕГІЗГІ БӨЛІМ. а) Цитокиндердің негізгі топтарына сипаттама. ә) Цитокиндік желісі және оның түсінігі. § ҚОРЫТЫНДЫ. § Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Цитокиндер Барлық жасушалар белгілі қызмет атқарады және бір- бірімен әрекеттеседі, ол биологиялық емес зат – цитокинмен – иммунды реакция реттеушісі арқылы жүзеге асырады. Цитокиндер – иммунды жүйенің әртүрлі класстары бір-бірімен ақпарат алмасып, қорғаныс координациясын жүзеге асырады. Клетканың бетіндегі рецепторларға әсер етуші цитокиндер «цитокин ортасы» - ауысып отыратын сигналдар матрицасы болып табылады. Әртүрлі тіндерде өзінің сау «цитокинді ортасы» болады. Цитокиндердің бірнеше түрі табылған.
§ Цитокиндер – лимфоциттер өздерімен және де фагоциттермен әрекеттескенде басты маңызды элемент болып табылады. Т-хелпер цитокині әртүрлі клеткалардың жұмысын координациялауға көмектеседі. 1970 ж. интерлейкиндер ашылғаннан бері 20 биологиялық белсенді заттар табылған. Әртүрлі цитокиндер иммунокомпонентті клеткалардың дифференцировкасын, пролиферациясын реттейді. Мұны цитокиндердің клиникалық қолданылуында ескеру қажет. § Цитокиндер өздерінің рецепторларының белсенуі арқылы әсер көрсетеді. Цитокиндердің бөлінуі функциясына байланысты емес, ол үшжақты структура сипатына байланысты. Олардың жарты бөлігі Т- клеткамен өндірілген. Цитокиннің басты биологиялық активтілігі- дамудың барлықө этапындағы иммунды жауаптың реттелуі.
Цитокиндер әр түрлі үрдістерді қамтамасыз етеді: § Функциональды белсенді иммунокомпонентті клеткалардың пролиферациясымен дифференцировкасы; § Хемотаксис антиген экспрессиясы және әр түрлі маркерлердің өзгеруі; § Иммуноглобулин синтезінің қайта қосылуы; § Макрофагтардың цитотоксикалық қасиетінің индукциясы; § Қабыну ошағының қалыптасуы.
Цитокиндердің негізгі топтары § Құрылыс ерекшеліктері мен биологиялық әсеріне қарай барлық цитокиндер бірнеше өзіндік топтарға бөлінеді: § Гемопоэтиндер; § Интерферондар; § Иммуноглобулиндердің супер топтык цитокиндері; § ФНО- тобы цитокиндері, хемокиндер.
Цитокиндердің негізгі топтарына сипаттама § Интерлейкин-1 § ИЛ-1 өнімінің негізгі көзі түрлі тіндік локалкзациясының фагоциттеуші мононуклеарлар болып табылады: перифериялық кан мен перитонеальді экссудаттын макрофагтары мен моноциттері, бауырдың купфер клеткалары, эпидермистегі Лангерганс клеткалары, нервті тіннін микроглия клеткалары. § ИЛ-1 -дің белсенді туындыларына эндотелиоциттер жатады. Одан басқа, бұл цитокинді секреттеу кабілетіне Т және В- лимфоциттер, фибробласттар, НК- клеткалар, кератинодиттер, нейтрофильдер ие. § Тыныштық күйдегі макрофагтар және цитокиннің басқа клеткалық көздері, ИЛ-1 -ді бөлмейді жене оның м. РНК-сы жок. § ИЛ-1 -геннің экспрессиясы биологиялық белсенді белоктың түзілуімен жүретін, түрлі индукторлар арқылы клеткаларының активациясынан кейін ғана басталады. ИЛ-1 -дің продукциясын шақырушы заттар арасында бактериялардың клеткалық қабыргасының компонентері мен қорғаныс реякциясының дамуы барысында пайда болатын цитокиндер болып келеді. § ИЛ-1 -дің маңызды ең бір қасиеті Т- лимфоциттердін пролиферациясын ынталандыру болып табылады. ИЛ-1 -дін өз бетімен Т-лимфоциттердін өсуі үшін фактор бола алмайды. Оның әсер ету механизмі, Т- хелперлермен секреттелетін ИЛ-2 және ИЛ-4 өсу факторларының синтезін күшейту. § Сонымен катар, Ил-1 Т- хелперлердін пролиферациясын аутокринді түрде реттеу үшін жағдай туғызып, ИЛ-2 және ИЛ-4 рецепторларының экспрессиялық күшейтеді. ИЛ-1 -ң ынталандырушы белсенділігі ИЛ-4 өңдейтін Т- хелперлермен байланысты (Тн 2). § Иммунды жауаптың дамуы үшін ИЛ-1 -дің В- клеткаларға өсуін - стимульдеуші әсерінін маңызы зор.
§ Интерлейкин-2 § Ен -бірінші анықталған цитокин- интерлейкин-2 (ИЛ-2). Ил-2 -нің негізгі продуценттері Т- хелперлер болып табылады. Бұл типгі клеткалардың 75% Ил-2 синтездейді. Цитотоксикалык Т клеткалардың 20%-на дейін бұл цитокинді бөлуге қабілетті. Бұл клеткалардағы ИЛ-2 синтезіне антигендер немесе митогендер ғана әсер етпейді, басқа да биологиялык белсенді қосылыстардың да әсер бар. Басқа клеткалар кластарымен бөлінетін белгілі цитокиндер (ИЛ-1, ИЛ-6, ФНО, ИФН), антигендермен белсендірілген Т- клеткалармен ИЛ-2 -нің продукциясын ынталандырады. Тимус гармондары (тимозин; тимустың сары сулық факторы) ИЛ-2 продуцент клеткаларына жетілмеген тимоциттердің дифференцировкасын камтамасыз етеді. Клетка ішілік Са 2+ деңгейін күшейтуші ионофорлар жаңағы цитокиннің продукциясын күшейтеді. § ИЛ-2 -нің реттеуші әсерінің нысанасы болып Т- клеткалардың субпопуляциялары, В- клеткалар, табиғи киллерлі клеткалар, макрофагтар болып табылады. § ИЛ-2 әсерінің негізгі нәтижесі тыныштық күйдегі немесе антиген және митоген арқылы ынталандырылған клеткалардың пролиферациясын қамтамасыз етеді. Осы ИЛ-2 -нің биологиялық белсенділігі лимфо- миелоидты комплексті клеткалардың өспелі фактор ретінде анықтайды.
§ Интерлейкин- 3 § Интерлейкин-3 (ИЛ-3)- қан түзуші клеткалардың ерте ізашарлары үшін өспелі және диффереңцирлеуші фактор. § ИЛ-З-тін негізгі продуценті Тһу-1 және Тһу-2, сонымен қатар цитотоксикалық Т- лимфоциттердің бір бөлігі мен басқа клеткалар (тимустың эпителиальді клеткалары, В- лимфоциттер миелоидтты және сүйек кемігінін стромалды клеткалары). Жаңағы цитокин барлық гемопоэтикалық өспелі дифференцировкалардың ерте ізашарларынан түрлі фенотипті клеткалардың жетілуіне мүмкіндік жасайды: лимфоидты, моноцитарлы, гранулоцитарлы, мегакариоцитарлы, эритроидты. ИЛ-3 -тің Т- лимфоциттердің ерте ізашараларына дифференцирлеуші әсер етуін ескеру кажет. Осындай әсер ету нәтижесінде жетілмеген Тһу-1+ Л- лимфоциттерге ауысады. Бүл цитокин пре- В- клеткалардың беткей иммуноглобулинді экспрессиясының басталуына дейінгі дифференцировкасына катысады. § Интерлейкин-4 § Ил-4 -тің көзі митогенмен стимульденген Т- хелперлер (Тһу-2), мес клеткалар, сүйек кемігінің стромасының индентифицирленбеген клеткалары болып табылады. Сәйкес рецепторлары бар ИЛ-4 -тін реттеуші әсерінің нысанасына Т және В лимфоциттер, макрофагтар, фибробласттар, НК- клеткалар, мес клеткалар. Гемопоэздің сүйек кемігінің ізашарлары жатады. ИЛ-4 В-клеткалардың пролиферациясына костимулятор ретінде қатысады. Сонымен қатар ИЛ-4 Jg Е- нің продукциясыңың деңгейін жоғарлатуға кабілетті. ИЛ-4 макрофактармен синтезделетін қабынуды шақыратын цитокиндердің (ИЛ-1 Ь, 6, 8, 12, TNF -а) түзілуі және азот пен оттегінің метоболиттерінің пайда болуын тежейді. ИЛ-4 лимфокин арқылы активтелген клеткалардың (ЛАК) және макрофагтардың ісікке карсы активтілігін күшейтеді. ИЛ-4 секрециясының реттелуінің бұзылуы аллергопатологияның дамуында маңызды рол атқарады. Созылмалы С-вирусты гепатитінде ИЛ-4 -тің жоғарлауы анықталады, әсірісе асқыну кезеңінде.
§ Интерлейкин-5 § Бұл цитокиннің негізгі продуценттері митоген немесе антигенмен стимулденген Т- хелперлер (Тһу-2) болып табылады. Тыныштық күйдегі клеткалар ИЛ-5 үшін генді экспрессияламайды, сондықтан цитокиннің синтезі жүрмейді. § Ил-5 -тің стимульденген В- клеткалардың стимуляциясын күшейтеді және олардың бетінде ИЛ-2 -ге арналған рецепторлардың экспрессиясын, Jg. А синтезін шақырады. Стимульденбеген В- клеткаларда ИЛ-5 Іg. М Іg. С секрециясын шақырады. Сонымен қатар ИЛ-5 эозинофилдерге хемоатрактант ретінде болады, паразитарлы инвазияларда олардың дегрануляциясын шақырады, атопиямен аллергиялык қабынудың патогенезіне қатысады. Ісікке карсы активтілігі ИЛ-5 -тің апаптозға қатысуымен байланысты. Жанағы цитокиннін әсері Т-клеткаларға да тиеді. ИЛ-2 - нің қатысуымен ол цитотоксикалық Т- лимфоциттердін генерациясын шақырады. § Интерлейкин-6 § Қарастырылып отырған цитокиннің көзі ретінде көптеген типті клеткалар болады: Т -хелперлер, моноцит- макрофагтар, фибробластар, эндотелиальді клеткалар, кератиноциттер. ИЛ-6 -ның белсенді синтезі бактериялар, вирустар, митогендер, түрлі медиаторлар клеткаларға әсерінен кейін басталады. Көптеген эндогенді және экзогенді заттардың тобына жылдам және айқын реакциясы осы цитокиннің ерте медиаторлар тобына жататындығын көрсетеді. Мұндай кабілеттің бөтен патогеннің организмге түсуінде немесе тіндердің закымдалу кезіндегі шұғыл реакцияның түзілуінде маңызы өте зор. ИЛ-6, ИЛ-1 мен ТNF сияқты жедел фазалы белоктар синтезін шақырады. Сондықтан кабынудың цитокиндер тобына жатады. § Ил-6 -ның биологиялық әсерінің спектрі кең және нысана клеткалардың дифференцировкасын кеш кезеңдерінде қамтамасыз етеді. Негізінде В- клеткалардын дифференцировка факторы болып антидене түзуші клеткаларға дейін В-клеткалардың пісіп жетілуіне мүмкіндік жасайды.
§ Интерлейкин-7 § ИЛ-7 жетілмеген В- клеткалық ізашараларына пролиферативті әсер етеді: пре-ВІ және пре-В 2. § ИЛ-7 -нін өсу реттеуші белсенділігі және сүйек кемігінің жетілмеген пре-Т- клеткаларымен тимусқа таралады. § ИЛ-7 -щң басқа цитокиндерден ажырататын ерекшелігі - тіндік локализациясының щектелуі және бағыттау әсері болып табылады. Ил-7 ИЛ-2 мен бірге катерлі ісіктердің иммунотерапиясында колданылуы мүмкін. ИЛ-7 ісікті клеткалардың апоптозын шақыруға қабйлеті бар, жедел миелобластты лейкоз тобы клеткаларының дефференцировкасын шақырады. § Интерлейкин-8 § Төмен малекулалы қабыну цитокині. Қабыну аймағына түрлі клеткалар типтерінің (иейтрофйлдер, моноциттер, эозинофилдер, Т- клеткалар) хемотаксисын қамтамасыз етуші хемокиндер тобына жатады. Көбінесе цитокиндер (ИЛ-1 мен TNF) мен бактериалды энддтоксиндердің әсері арқылы бөлінеді § ИЛ-8 -дің продуцент клеткалары: макрофагтар, лимфоциттер, эпитемиальді клеткалар, фибробласттар, эпидермис клеткалары. § Басқа цитокиндер сияқты, ИЛ-8 - индуцибильді белок. Оның продукциясы митогендер немесе эндогенді регулятордың (ИЛ- 1, 35 ФНО-, ГМ-КСФ және т. б. ), клеткаларға әсернен кейін басталады. § ИЛ-8 -дің негізгі қызметі- нейтрофильдер, макрофагтар, лимфоциттер, эозинофилдер үшін хемоаттрактант ретінде қызмет ету. Ос биологиялык әеерінен басқа, ИЛ-8 нейтрофильдердің адгезивті қабілетін күшейтуді, интергриндер мен адгезивті касиеті бар басқа қосылыстардың экспрессиясын өзгертеді. ИЛ-8 -дің клеткалар миграциясын шакыру касиеті патоген енген жерлерде жедел кабыну реакциясына белсенді түрде қатыстушы ретінде анықтайды.
§ Интерлейкин-10 § Бұл лимфокин 17 -21 k. Dа молекулярлы массамен, Т-клеткалармен (Тһу-2), бөлінетін бір қатарлы цитокиндердің антагонисті ретінде қаралуы мүмкіа. ИЛ-10 Тһу-1 клеткаларымен-. бөлінетін INF-гамманын продукциясын тежейді. Сонымен қатар антигенмен мотогендерге Т-клеткалардың пролиферативті жауабын және активтелген моноциттермен ИЛ-1 b, ТNҒ және ЙЛ-6 секрециясын тежейді. Ил-10 Іg. Е синтезін стимульдеуі мүмкін. Әртүрлі ісіктерде ИЛ-10 -нын жоғарлауы аныкталған. Сонымен катар ИЛ-10 денгейінің жоғарлауы нашар болжамдық көрсеткіш болып табылады. § Интерлейкин-11 § ИЛ-11 сүйек кемігінің стромалды клеткаларымен синтезделеді. Нысана клекалары ретінде остеокласттардың гемопоэтикалык ізашарлары болады. Функциалык касиеттері остеокласттардың түзілуі, қабынудың шақырушы цитокиндердің § продукциясын тежеу ИЛ-11 -ші ин виво және ин витрода Т-хелперлердін көмегімен антидене түзілуін күшейтеді, ИЛ-11 -ші мегакариоцитозды күшейтеді баскада қан клеткалардың дамуына әсер етеді, мысалы макрофагтардың. ИЛ-11 -дін көзі ИЛ-1 мен стимульденген фибробласттарда болады. ИЛ-1 және ИЛ-6 тәрізді жедел фазалы белоктардың синтезіне қатысады. § Интерлейкин-12 § ИЛ-12 массасы 70 k. Da гликопротеин болады, 2 гликолизденген суббірліктен тұрады: р40 р35 дисульфитті байланыспен өзара байланысқан. Суббірліктер әр түрлі бір-біріне тәуелсіз гендермен кодталады. ИЛ-12 бөлетін клеткалар көп мөлшерде р40 -ты секрециялайды. р40 рецептормен байланысуға қатысады, ал р35 сигналды өткізуге қажет. ИЛ-12 – ші активтелген макрофагтармен бөлінеді және иммундық клеткалық реакцияларға әсер етеді. ИЛ-12 -ші ЛАК жүйенің клеткаларының литикалық активтігін жоғарлатады. ИЛ-12 -ші Т және NK клеткалардың активациясында өспелі фактор ретінде әсер етеді. Бұлжағдайда ИЛ-12 INF-гамма секрециясының индукторы ретінде және ИЛ-4 пен индуцирленген Jg. E синтезінің ингибиторы ретінде әсер етеді. ИЛ-12 макрофагтардың цитотоксикалық әсерін күшейтеді, ал оның макрофагтар арқылы продукциясының жетіспеушілігі ісікке қарсы активтілікті төмендетуге мүмкін.
Цитокиндер рецепторларымен сигналдардың берілуі § Цитокиндер гемопоэтикалық клеткалардың пролиферациясы және дифференцировкасының реттеушілері болып табылады және цитокиндер рецепторларының активациясы арқылы әсер етеді. Бұл рецепторлардың жеке кинозды домендері жоқ, дегенмен, тирозин қалдықтарымен фосфорилизденеді. Осы фосфорилиздену себебі Jak тирозиназалар болып табылады. Олар циткиндердің рецепторларымен ассоцирленген, бірақ цитокиндердің әсерінен рецепторлар агрегирленбей олар белсенді емес трансфосфорилирлену арқылы агрегациядан кейін Jak белсендіріледі. Белсендірілген Jak рецепторлардың цитоплазмалық бөлімінде көптеген тирозиндерді фосфорлайді. STAT жалпылама атымен белгілі белоктарымен танымал белок молекулалары енді осы фосфотирозиндермен қосылады (Signal Transducers and activators of transcription).
Цитокин жүйелерінің арасындағы молекулярлы арақатынас: Цитоплазматикалық гликопротеин gp 130 көптеген цитокинді сигналдардың берілуіне қатысады.
§ Jak-STAT жолының қолданылуымен гамма-интерферон рецепторынан сигналдың берілуінің қарапайым схемасы. Рецептордың екі суббірлігі Jak тирозинкиназалармен ассоцияцияланған. Интерферонды байланыстырған кезде активтелген рецепторлы комплекс STAT белоктарын фосфорлайды, олар ядроға димеризацияланып және транслоцирленіп, сәйкес гендерді активтейді.
Қорытынды § Қорыта келсек, цитокиндер – (молекулалық массасы 8 -80 КДа) аутокринді немесе паракринді әсер ететін ұсақ белоктар. Осы жоғары белсенді молекулалардың түзілуі және босап шығуы аз уақытта жүзеге асады және қатаң реттеледі. Лимфоцитпен синтезделетін пролиферация және дифференцировка реттеушісі болып табылатын цитокиндерді , сонымен қатар иммунды жүйеде лимфокиндер деп те атайды. Олар өзіне (IL) – (Inter аралық leukins – қанның ақ жасушалары) интерлейкиндерді, интерферондарды және стимулдеуші фактор колониясын қосады IL қанның ақ жасушаларына әсер көрсетеді. Стимулдеуші фактор колониялары гематопоезді стимулдеп, ақ және қызыл қан клеткаларын айналдыру үрдісін стимулдейді. Кейбір цитокиндер жүйке клеткаларының пролиферациясын және гендердің экспрессиясын реттейді. Цитокиндер бірнеше топқа бөлінеді: Гематопоэтин, Интерферон, TNF – туысты молекулалары, иммуноглобулин және хемокин супертуыстастығының мүшелері.
Презентацияны бағалау критерилері (бағалау парағы) Орындау критериі 0 -0, 1 0, 2 -0, 3 0, 4 -0, 5 № 1 Презентацияны рәсімдеу 2 Презентацияның 4 компоненті 3 СӨЖ тақырыбына мақсаттың адекваттылығы 4 Мазмұны 5 Қорытынды / ұсыныстар 6 Әдебиеттер 7 Материалды игеруі және регламентті сақтау 8 СӨЖ кестесіне сай тапсырылу дер кезінде тапсырылуы Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер: § Шортанбаев Ә. Ә. , Қожанова С. В. “ Жалпы иммунология ” Алматы, 2008 ж. § Р. В. Петров “Иммунология” Москва, 1987 ж. § Хаитов Р. М. “Иммунология” Москва, 2006 ж. § Вершигора А. Е. “Общая иимунология” Киев, 1990 ж. § Шортанбаев А. . А и др. “Общая иммунология” Алматы, 2009 ж. § Интернет сайттары: www. wikipedia. ru; www. med. ucoz. ru; www. ramler. ru;
Иммун 2 СРС.ppt
- Количество слайдов: 18

