Zatty_1187_magnittik__1179_asietteri (1).pptx
- Количество слайдов: 22
Студенттің өзіндік жұмысы Орындаған: Дәдікбай Назерке
Сникерс Snickers ─ сүт шоколадымен құйылған қуырылған жержаңғақ, карамель, нуга шоколад батон кәмпиті. Америка Құрама Штаттарындағы ең өтімді өнімдердің бірі. Алғашында өнім Marathon деген атқа ие болғаннан кейін Ұлыбритания және Ирландиядасатыла бастайды. Кейінірек Snickers деген атқа ие болып, бүкіл әлемде сатыла бастайды.
Өнімнің құрамы • Салындысы─ жер жаңғақ, глюкозалы шәрбат, өсімдік майы, қант, майсыздандырылған құрғақ сүт, қант, тұз, құрғақ сүт ақуызы, бидай ұны, ванилин. Шоколады ─ қант, какао майы, лактоза, қанықсыздандырылған сүт майы, соя лецитині, ванилин, майсыздандырылған құрғақ сүт. • Сақталу температурасы 5. . 22ºС • Энергетикалық құндылығы (100 г-на) 496 ккал • Ақуыз (100 г-на) 7. 9 г • Май (100 г-на) 25. 3 г • Көмірсутек (100 г-на) 58. 6 г
Жер жаңғақ Бұл жаңғақтар Е дәруменіне, В тобының дәрумендеріне және фосфорға бай. Олардың майында екі маңызды май қышқылы бар: линолен және жер жаңғағы, олар қандағы холестериннің деңгейін төмендету қабілетін иеленеді. Какао майы - кондитер өнімдерінде, әсіресе кәмпит өндірісінде ең құнды құрамдас бөлік. Ол көптеген тәттілерді суық әдіспен дайындауға (жақсы біріктіргіш) мүмкіндік береді, жақсы сіңеді, Барлық өсімдік майлары сияқты пайдалы және де емдік қасиеті бар Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Ваниль — орхидтықтар тұқымдасына жататын өсімдік. Ванильдің хош иісті жемісі парфюмерия мен кондитер өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Ванильдің шыққан жері Мексика, ваниль қолмен тозаңдатылады. Жемісі піспей-ақ жинала береді. Оның құрамында: ванилин— 1, 2— 2, 7 процент, қант— 7, 7 %, эфир майы— 0, 62 %, жәй май мен балауызы — 8, 2 %, азотты зат— 3, 7 %, азотсыз зат— 28, 8 %.
Albeni
Coca Cola Сусынның құрамы Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы Coca-Cola нұсқасы берілген. Сусынның компоненттері: • қант • көміртек диоксиді (Е 290) • бояғыштар: қант коллері (Е 150), кармазин (азорубин) (Е 122) • ортофосфор қышқылы (Е 338) • кофеин • табиғи хошиістендіргіштер
Тағам құндылығы Энергетикалық құндылығы 42 ккал Ақуыздар 0 Майлар 0 Көмірсулар 10 мг Натрий 11, 0 мг Калий 1, 0 мг Кальций 4, 0 мг Магний 1, 0 мг Фосфор шамамен 17 мг
Денсаулыққа әсері Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. ейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.
Kока-кола ішкеннен кейін сіздің ағзаңыз қандай жағдайда болады? 10 минуттан кейін Кока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады. 20 минуттан кейін Дәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды. 40 минуттан кейін Ағзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз.
• 45 минуттан кейін Ағзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон миға әсер етіп, сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің де әсер ету механизмі дәл осындай. Бір сағаттан соң Кока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды. Бір сағаттан көбірек уақыттан кейін Кіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды.
Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады, т. с. с. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты. Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т. с. с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады. Төртіншіден, сағыздан тістің сыртық қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады. Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.
Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетологмамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, зиянды тағамның аз да болса пайдасы бар. Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді. Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді. Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады. Есіңізде болсын! • Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды. • Сағызды тек тамақтан кейін 5 -10 минут қана шайнау керек. • Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз. • Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз! • Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды. • Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.
Құрамында какао өнімдері көп, табиғи ащы шоколад (тақта 6 г). РАХАТ 65%: 100 г өнімде: Белок 8, 3 г, Май 37, 7 г, Көмірсу 44 г Энергетикалық құндылығы, 545 ккал Құрамы: ұнтақталған какао, қант, какао майы, какао ұнтағы, эмульгатор - соя лецитині, ас тұзы, иіс пен дәм күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы. Какао өнімдерінің мөлшері 65 % кем емес.
Сонымен бірге, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық. Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық арулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен. Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз. Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады. Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады.
Zatty_1187_magnittik__1179_asietteri (1).pptx