стресс.pptx
- Количество слайдов: 18
Стресс Адамның бойында аяқ астынан және жағымсыз нәрселерден пайда болатын жағдайды айтамыз. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье.
Физиологи ялық С Т Р Е С С Психология лық Мәліметтік стресс Эмоциялық
Физиологиялық стресс Психикалық стресс Хроникалық стресс Стресс түрлері Эмоциалық стресс Ащы стресс Ақпараттық стресс
Өзін жалғыз сезіну; Белгілі ғалым Майк Джорж адам денесінде пайда болатын стрестің алғашқы белгілерін анықтаған: Бір нәрсесін немесе жақын адамын жоғалтып алатын сияқты үрейде Тез Тамаққа шаршап болуы; қалу; Зейін қою мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі; Өзін қорғансыз, панасыз ретінде сезіну; тәбеттің болмауы; Көңіл – күйінің құбылмалылығы; Шыдамсыздық пен төзімсіздік таныту.
К С Т Р Е С С 3. Әлсіреу Е З Е Ң І 2. Төзімділік 1. Үрейлену
Стреспен күресу жолдары Өз өміріңізді жақсартудың жақтарын қарастыру; Өзіңізге және басқаларға қайырымды болу; Бір уақытта екі іс – әрекетпен айналыспау; Егер шаршағаныңызды сезсеңіз, бірнеше рет терең дем алу; Әуен тыңдау; Күн сайын 10 минут тыныш жерде дем алу; Белгілі уақытта жатып, белгілі уақытта тұру; 6 – 9 сағат алаңсыз ұйықтау; Дене жаттығуларымен, спортпен айналысу; Массаж алу; Бір әрекетке әуестену (хобби); Орманға, тауға, өзен жағасына серуендеу; Достарымен кездесіп, әңгімелесу; Ыстық ванна қабылдау; Дұрыс тамақтану; Өзіңізге ауыр салмақ түсіретін жұмыс жүктемесін алмау, біреуді көмекке шақыру; Аптасына бірнеше рет 20 – 30 минут жаяу жүру стреспен күресуге көмектеседі.
Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңыз; Ұйықтар алдында қанша адамды қуантқаныңызды, ренжіткеніңізді, күлдіргеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутты арнап көріңіз; Ашуыңызды бақылаңыз; ашуыңыз келе бастаған кезде мына тәсілдерді пайдаланып көріңіз; ü Үш рет деміңізді қатты тартыңыз; ü Айна алдында өз бет әлпетіңізге қарап күлімсіреңіз; ü Сізге киелі және сүйкімді есімді немесе сөздерді дауыстап, іштей айтыңыз; ü Үйле отырып ашулансаңыз ең жақсы киімдеріңізді киіп, қыдырып қайтыңыз; ü Ашуланған адамға айтар сөзіңізді қағаз бетіне түсіріңіз. Ашуыңыз қайтқаннан кейін оқысаңыз, сізге күлкілі, түкке тұрғысыз сөздер болып көрінеді, мұндай сөздерді бетке айтпағаныңызға қуанасыз.
Стресті болдырмау үшін не істеу қажет? Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн. Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз. Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз. Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Фобия – бұл адам бойында нақты бір желіспен қалып қойған және жабысқан қорқыныш. Қорқыныш – бұл белгілі-бір үрейлі реакциялардан немесе нақты бір объектілерден үрейлену құбылысы.
Қорқыныштардың мәні Қорқыныш биологиялық сипатқа ие. Қорқыныштың мазасыздықтан айырмашылығы белгілі бір объектіне немесе адамға бағытталған. Фобиядан айырмашылығы, қорқынышты адекватты түрде бақылауға болады. Қорқыныш пайдалы әрі түйсікті болып келеді.
Қорқыныштың эмоционалды 3 типі Ұйқы мен тәбеттің жоғалуы Қорқынышсыз оптимистік көзқарас түңілуге әкеп соғады Қалыпты қорқыныш, қатерге адекватты қарау
Қорқыныш сезімдері бар адамдарға кеңес беру алдын-ала толық хабардар болуды бақылау қорқынышты толығымен жоймау бір қарағанда қорқатын ақпараттарды жасырмау қорқынышты өз бетінше жеңуге көмектесу
Фобия • Негізі - терең жасырынған мазасыздық • Мәні – қалыпты жағдайдан немесе объектіден ығысуы • Ішкі шешілмеген қақтығыстардың салдарынан пайда болуы
Карварский бойынша қорқыныш топтары Бірінші топқа клаустрофобия немесе агорофобия жатады. Яғни әртүрлі көріністегі кеңістіктен қорқу. Екінші топ – социофобиялар. Көпшілік алдында сөз сөйлеуден немесе белгілі бір іс-әрекеттер жасаудан қорқу, айналасындағылардың алдында қызарудан үрейлену. Сондай-ақ сүйікті адамынан айырылып қалу қорқынышы Үшінші топқа нозофобия жатады. Белгілі бір жағдай алдында ауырып қалу немесе дертке шалдығып қалудан қорқу, әсіресе эпидемия кезінде шиеленісе түседі. Төртінші топ – танатофобия немесе өліп қалу қорқынышы. Бесінші топ коитофобия немесе дүрлігу (паника). Көбінесе әйел затына тән болып келеді. Алтыншы топ өзіне немесе жақындарына зиян келтіру қорқынышы. Жетінші – «қарама-қарсы» фобиялар (мәселен, тәрбиелі, үлгілі адамға көпшілік алдында қиянат жасау). Сегізінші топ – фобофобия, қорқыныш сезімінің өзінен үрейлену.
Себептері Фобияға көбінесе терең ойлы, эмоционалды сезімтал адамдар бейім болып келеді. Мұндай үрейлер қандайда бір қауіпті жағдай туындағаннан пайда болады. Осындай «қатерлі» жағдайды басынан өткізген адам, үрейлі сезіммен екінші рет қайталанудан қорқады. Жағымсыз оқиғалар мен естеліктердің нәтижесінде денсаулықта ақау, яғни ауру туындауы мүмкін.
Сыртқы, физиологиялық көріністер тыныстың тарылуы жүрек қағысының жиілеуі әлсіздік пен естен тану талып қалу сезімдері суық тердің шығуы қорқынышты сезу, дененің түршігуі асқазан жұмысының бұзылуы жүрек айну өз денесін игере алмау есінен алжасқандай сезіну.
Емдеу Фобияның негізгі емі – психотерапия. Психотерапияның бірнеше әдістері бар : когнитивтібихевиоральді терапия, мінез-құлық терапиясы, гипноз, жүйелі десенсибилизация, гештальтпсихология, релаксация және аутотренинг әдістемесі. Қай әдістің қолданылуы жеке пациентпен кеңес берушінің немесе дәрігердің әңгіме жүргізу барысында шешіледі. Қорқыныштың пайда болу себебін анықтаудың өзі жартылай жетістік болып табылады. Терапияның басты мақсаты адам бойында фобиялық жағдаймен бетпе-бет келуде оны жеңе білу мүмкіндіктерін қалыптастыру. Яғни, өзін-өзі басқарып, ол жағдайдың немесе объектінің ол үшін ешқандай қаупі жоқ екендігіне сендіру.
фобияға шалдыққан адамдарға кеңес беру Түсіндіруде асығыстық танытпау Әртүрлі ішкі қақтығыстар бірдей фобияларды тудыруы мүмкін Ішкі қақтығыстарды шешуден бас тартуға дайын болу Өзін-өзі басқаруды мықты қадағалау, яғни клиенттің фобиясын өзіңе сіңірмеу Клиенттің «қорқақтығының» екінші пайдалы себебін анықтау Кең ауқымды зерттеу
стресс.pptx