Starbucks.pptx
- Количество слайдов: 12
«Starbucks» брендінің тарихы
Диана Жансеит “Starbucks” бренді
Тарихы 1971 жылы ағылшын тілі мұғалімі Джерри Болдуин, тарих пәні мұғалімі Зев Зигал және жазушы Гордон Боукер Сиэтлда кофе дәндерін сатумен айналысатын жеке дүкендерін ашады. Әрине, сол кезде бизнес-империя құру олардың ойларында да болмаған. Стартап бизнеске әрқайсысы 1350$ доллардан салып, сосын тағы 5000$ несие алып, өз істерін дөңгелетіп әкетеді.
Starbucks жаңа дәуірі Говард Шульц 1953 жылдың 19 шілдесінде өмірге келді, американдық бизнесмен, халыққа көбінесе Starbucks директорлар кеңесінің төрағасы және CEO деген лауазымымен белгілі. 1975 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, Солтүстік Мичиган Университетінен бакалавр дәрежесін алып шықты. Шульц 1982 жылы Starbucks компаниясына жұмысқа тұрды. Ал 1985 жылы Il Giornale компаниясының негізін қалады. Сондағы мақсаты сол кездегі Sturbucks-тың негізгі саласы кофе дәндерін сатумен шектеліп қана қоймай, итальяндық тәрізде үздік қызмет көрсететін кофеханалар желісін ашу еді. 2 жылдан кейін Starbucks бұрынғы басшылығы жұмыс орнын ауыстыруды және Peet’s Coffee & Tea-ге көшуді жөн көрді. Starbucks болса Говард Шульц пен Il Giornale -ге сатылды.
1982 жылы жергілікті инвесторлардың қолдауы арқылы Говард Шульц компанияны 4 млн. долларға сатып алады. Оның жаңа концепциясы Италияның кофе саласындағы мамандары ұсынған эспрессо талғамының қосындысы болды. Ал 1990 жылдары кофе бизнесі Сиэтлдің төңірегінен шығады. Кейін АҚШ-тың басқа да қаларында ашыла бастады. Ал Starbucks-тің ең алғашқы мұхит асқан дүкені Жапонияда ашылды. XXI ғасырдың басында Старбакс кофе сусын өндірісі бойынша әлемдегі ең үздік брендтердің ондығына енеді.
Starbucks.pptx