Стандартты калькуляциялау.pptx
- Количество слайдов: 19
Стандартты калькуляциялау (Стандарт-кост) Орындаған: Бейбітбекқызы Асел Бектегенова Мақпал Қабланбаева Айнұр Шолпанова Айгүл Есеп және аудит 1201 Тексерген: Мархева Б. А.
• • • Стандарт-кост түсінігі Стандарт – кост тарихы Стандарт – кост ерекшелігі Бұл жүйенің негізгі мақсаты Стандарт – кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу.
Қазақстандық стандартта бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік ұйымдарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің келесідей негізгі үш тәсілі қарастырылған: нормативтік, тапсырыстық, бөліністік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің «Стандарт-кост» және «Директ-кост» жүйесі бойынша шығындар есебінің әдістері қолданылады.
“Стандарт - кост” – бұл өндірістің тікелей шығынын реттеуге бағытталған бақылау құралы. “Стандарт - кост” жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжамды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.
“Стандарт - кост” – басқарманың есептік жүйесі, өдірістің тура шығындарын реттеуге бағытталған, стандартты калькуляциялардың өндірістік бастама жолына құрылған және стандарттардан фактілік есептердің ауытқуларымен ерекшеленеді.
Бұл жүйе өткен ғасырдың 20 -сыншы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. “Стандарт-кост” тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады. Отанымыздың экономистері американдық ғалым Д. Ч. Гарриссонның 1933 жылы аударылып, жарық көрген “Стандарткост” кітабы арқылы оның идеясымен танысты.
“Стандарт” - материалдық және еңбек шығынының өнім бірлігін өндіруге қажетті сан немесе өнім, жұмыс, қызмет бірлігін өндіруге кететін бұрын есептелген материалдық және еңбек шығыны. “Кост”бұл өнім бірлігін дайындауға кететін өндіріс шығынының ақшалай көрінісі. “Стандарт-кост” жүйесінің мәні, есепке, болған жайт емес, болатын жайт жатқызылады. Бұл жүйенің басты міндеті – кәсіпорын кірісінің есептік шығыны және ауытқулары.
Стандарт-кост жүйесі тікелей шығындарды басқару құралы болып табылады. Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы қолданылады. Бұл нұсқада шығындар өндіріс шотының дебетіне жинақталады және стандарттық құны бойынша бағаланады, дайын өнім осы шоттың кредиті бойынша жазылады. Екінші нұсқаның мәні өндіріс шотының дебетінде қорытындыланған шығындар, нақты өзіндік құны бойынша бағаланады, ал шоттың кредитінде дайын өнім стандарттық құн бойынша жазылады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығыннан есептеу ауытқуларымен стандарттық құн бойынша осы немесе келесі жағында бағаланады.
Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энергияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады және де бұл нормалар қайтадан орындалмайды. Олардың тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.
Ұйым көлеміне байланысты жұмыс ауқымы, стандарт-кост жүйесін ұйымдастыруда, стандарт кост жүйесімен байланысты, барлық бөлімшелердің өкілдері қайда кіретінін, әдістеме және стандарттан ауытқуларды анықтау, пайдалану үшін стандартты анықтауда олардың жазылуын комитет немесе бақылаушы жүргізеді. Аса ірі компанияларда есеп, оларға өзгерістер енгізу, жасау, стандарттар бөлімшесі құрылады.
Стандарт-кост жүйесі шығындар есебі жүйесі тәжірибесінде қолданылатын басқалардан ерекшелігі, өзіндік сипаты бар. Біріншіден, құралдарды жұмсау барысы кезінде стандарттан ауытқуларды анықтауда арнаулы шоттарды бухгалтерлік жазулар жүргізу және оларды құжаттау болып табылады. Менеджерлердің алдында ауытқуларды құжаттау емес, оларды болдырмау міндеті қойылған. Екіншіден, анықталған ауытқуларды барлық компаниялар бухгалтерлік есепте көрсетпейді, тек ағымдағы стандартты қолданытындар. Үшінші ерекшелігі стандарттан ауытқуларды көрсетуде арнаулы синтетикалық шоттар бөлу, ауытқу есебі үшін - калькуляция баптары, ауытқу факторлары бойынша.
Стандарт-кост жүйесінің берілген ерекшеліктері мыналарды білдіреді: шығындарды басқару мақсатында барлық уақытта осы ауытқулардың мәнін; оларды есептеу үшін қарастырады; қандай мәселелерді шешуде болмасын, олар пайдаланылған болуы мүмкін екенін көрсетеді; өндіріске кеткен шығындарды талдауда анықталған ауытқулардың маңыздылығы.
“Стандарт-кост” шығын есеп беру жүйесі кең көлемде қолданылады, өйткені ол әр түрлі мақсаттағы шығындар мәліметін қамтамасыз етеді. Төменде “стандарт кост” шығын есеп беру жүйесінің негізгі мақсаттары тіркелген: басқару тиімділігінде баға және сметаны құруға көмектесу; жоспармен келіспейтін операцияларды белгілеуге бағытталған бақылау схемасын құру. Бұл схема менеджерлерді мүмкін болатын ыңғайсыз жағдайлардан хабардар етуі керек, яғни корректірлеуді қажет ететуге мүмкіндік беретін; болашақ шығындарға болжам беретін, яғни шешімді қабылдау үшін қолданылатын; тауарлық материал құндылықтарының баға қоры мақсаты үшін шығын тапсырмасын соңғы өнімге көндіріп қою негізімен атқарылады; міндетті түрде нәтижеге жету үшін мақсаттар қою.
Стандарт- кост жүйесі қолданатын жекелеген фирманың шеңберінде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланысты, өйткені ол өндіріс барысындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. 1. Материалдар Шығын баптары және басқа да көрсеткіштер Цех нөмірі Доллардың жиынтығы Материалдардың Бірлік шифры, операциялар саны Стандарттық бағасы, доллар 1 2 3 4 3474 8 12, 3 98, 4 - - - 98, 4 3782 6 13, 7 82, 2 5230 14 5, 2 - 72, 8 - - 72, 8 6232 14 2, 1 - - 29, 4 8347 14 0, 7 - - - 9, 8 Жиыны 180, 6 72, 8 29, 4 9, 8 292, 6
2. Жалақы Операция Адамсағат нөмірі стандаты Бір адам сағаты Цех нөмірі үшін төленген еңбек ақысы Доллардың жиынтығы 1 2 3 4 3498 2, 5 4, 8 12 12, 0 3482 13 5, 2 67, 6 3970 17 3, 4 57, 8 5140 5 4, 2 21, 0 9174 9, 4 Жиыны 79, 6 57, 8 21, 0 9, 4 167, 8
3 - Үстеме шығыстар Стандартт ық сағаты Бір стандарттық Цехтың номірі сағатқа есептелінген мөлшерлемесі 1 2 15, 5 2, 3 1, 6 1, 4 1, 5 17, 0 5, 0 2, 0 Жиыны 3 4 Доллард ың жиынтығ ы 35, 65 27, 2 36, 65 27, 2 35, 65 27, 2 7, 0 3, 0 7, 0 1, 0 72, 85 Өнмнің өндірістік өзіндік құнының бірлігі 533, 25
1. Абдиманапов А. А. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері: Оқулық. - Алматы: 2006 ж. – 680 б. 2. Назарова В. Л. , Жапбарханова М. С. , Фурсов Д. А. , Фурсова С. Д. Басқару есебі: Оқулық. -Алматы: Экономика, 2005. – 298 б. 3. Радостовец В. К. «Финансовый и управленческий учет на предприятии» . Алматы: Центраудит, 2001 г. – 940 с. 4. Назарова В. Л. , Фурсов Д. А. , Фурсова С. Д. Управленческий учет. , Алматы, 2004 г. – 523 с. http: //refbest. ru/wievjob. php? id=35863 5. Керимов В. Э. Управленческий учет: Учебник-3 -ое изд. – М. : ИТК «Дашков и К» , 2004. 6. Тасмағамбетов Т. Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2002
Стандартты калькуляциялау.pptx