Экология.pptx
- Количество слайдов: 8
Смог(Тұмша)
Жоспар ØСмог дегенымыз не? ØСмог сөзінің шығу тарихы ØСмогтың түрлері ØАлматы қаласындағы смог ØСмогтың денсаулыққа әсері ØҚорытынды
Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады
Смог сөзінің шығу тарихы Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke)» мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26 шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.
Смогтың түрлері Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) – күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды. Ылғалды смог (лондондық смог) – табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән. Радиациялық тұман – жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.
Алматы Қаласының смогы-Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161, 3 мың тоннасы қаладағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар 161, 3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%. Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосыл- ғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.
Смогтың денсаулыққа әсері Үлкен қалаларда басты мәселеге айнал-ған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдар- ға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу жолдары ауруларымен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың өлімі көбейеді.
Қорытынды Смогтың салдарынан болатын шығандар мен адам денсаулығына төнетін қауіпті ойласақ, оның алдын алу әлде қайда пайдалы екендігін аңғаруға болады. Бірақ ол билік тарапынан жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау саясатына тікелей байланысты. Алматыдағы жағдайды мысал ретінде қарастырайық. Ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдардың зияны өте көп. Ондай автокөліктердің пайдасынан зияны басымырақ. Ауру адамдардың емделуге жұмсайтын шығындары мен мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржының біраз бөлігіне Алматы қаласында қатынайтын жаңа автобустарды сатып алуға болар еді ғой. Ал ол қала басшылығы мен министрліктерді шешетін мәселесі. Осындайда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық мақалы еске түседі. Ауаның ластану мәселесі тек қана берен -саран елдердің ғана мәселесі десек, қателік болар еді. Ауаның тазалығы үшін барлық ел жауапты. Өйткені ауа бәрімізге ортақ. Әр елдің жеке аспаны болса да ауасы болмайды.
Экология.pptx